Қырыққабат күйе көбелегі




Презентация қосу
Қырыққабат күйе көбелегі: биология, зиянды
фазасы, таралуы, есептеу әдістемесі

Орындаған: Садвакасова М.
Топ: АГ-213
Тексерген: Сагандыков С.Н
Жоспар:
Орамжапырақ күйе көбелегі
Орамжапырақ күйе көбелегінің таралу аймақтары
Орамжапырақ күйе көбелегінің даму фазасы
Есептеу әдістемесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Орамжапырақ күйе көбелегі – Plutella maculipennis Curt. (lepidoptera
отряды, Plutellidae тұқымдасы).
Көбелектің денесінің ұзындығы 12 мм, қанаттарының өрісі 15-18 мм.
Алдыңғы қанаттарының үсті қоңырлау сұр түсті. Қанаттарының артқы
жиегін бойлай дөңгелек үш төмпешікті ақшыл сары жолақ орналас қан.
Артқы қанаттары ұзын шашақтары бар күлгін қоңыр түсті.
Жұмыртқалары ақшыл сары, аздап сопақтау, үзындығы 0,4-0,5 мм.
Жұлдызқұрттары ұршық тәрізді, ақшыл жасыл түсті болады. Денесін сирек
шыққан қара қылшықтар басып тұрады, ұзындығы 9-12 мм. Қуыршағы
сарғылт немесе жасылдау, сопақша келген ақ түсті борпылдақ пілләні ң
ішінде болады. Ұзындығы 10 мм.
Зиянкес қуыршақ күйінде арамшөптерде және жиын теріннен кейінгі
қалдықтарда қыстайды. Көбелектердің ұшуы ерте көктемде:
Қазақстанның оңтүстігінде сәуірдің аяғы мен мамырдың басында, ал
солтүстігінде мамырдың аяғы мен маусымның бас кезінде басталады.
Даму фазасы. Көбелектер әдетте орамжапырақ жапырағының
астыңғы бетіндегі жүйке бойына орналастырады. Кейде олар
жұмыртқаларын тұқымдық орамжапырақтың бітеу гүліне де салады.
Бір ұрғашы көбелек жекелеп немесе аз аздап топтап, 100 жұмыртқаға
дейін салады. Ұрықтың дамуы 4-8 күнге, қуыршақтың дамуы 5-10
күнге, жұлдызқұрттардың дамуы 11-18 күнге созылады. Орамжапырақ
күйе көбелегінің бір генерациясының дамуы 20-30 күнге созылады.
Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында ол 3-5,
оңтүстігінде 6-8 генерация беріп көбейеді. Табиғатта зиянкестің сан
мөлшерін оның табиғи жаулары едәуір азайтып тұрады. Сондықтан
оның ең соңғы ұрпағының сан мөлшері аса жоғары болмайды.
Таралу аймақтары.

Орамжапырақ күйе көбелегі Қазақстан территориясында тегіс
таралған. Табиғи жауларының ішінде оның жұлдызқұрттары мен
қуыршақтарында паразиттік тіршілік ететін шаншарлардың, әсіресе
нитобия туысына жататын Nitobia fenestralis Holmgr деп аталатын
шаншардың маңызы өте зор болып келеді.
Орамжапырақ күйе көбелегі- Lepidoptera отряды, Plutellidae тұқымдасы
Бұл орамжапырақ күйе көбелегінің орамжапырақты зақымдайтын
басқа зиянкестерден айырмашылығы, бұл көбелектің жұлдызқұрттары
қоректенгенде жапырақ тақтасының эпидермисіне тимей жұмсақ
тканін ғана ойып, яғни жұқа үлпекпен керілген “терезе” жасап жейді.
Олар пісіліп жетіле бастаған орамжапырақ қауданының ішіне еніп те
зақымдайды. Бұл көбелектің жұлдызқұрттары әсіресе ерте пісетін
орамжапыраққа көп зиян келтіреді.
Күресу шаралары.

Қыстау сатысын жою үшін топырақты күзде терең қопсыту.
Арамшөптермен күресу, шірне беретін өсімдіктермен көкөніс
дақылдарын жақын отырғызу. Жапырақ дегелек немесе
қауданның түйінделуі кезінде әрқайсысы 5 өсімдік
құрайтын 20 сынама тексеріледі және кем дегенде 10 % егіс
танабында әр өсімдікте 2-5 жұлдызқұрт табылса «Тізімге…»
сәйкес инсектицидтермен бүрку жүргізеді.
Есептеу әдістемесі.
Орамжапырақ егілген егістегі қыстап қалған зиянкестерді
анықтау күздік уақытта жүргізіледі. Бұл үшін алқаптан 10 сынама
алынады. Әрбір сынамадағы орамжапырақ күйе көбелегінің
жұмыртқасының санын анықтайды. Сынама 35х35 см көлеміндегі
жерден алынады, тереңдігі 25-30 см.
Көктемгі есептеу әдістемесі танапта және егісте жүргізіледі.
Сынама егіс алқабының 5 жерінен алынады. Ауа райы ашық болуы
тиіс. Келесі есептеу әдістемесі әрбір өсімдікті жеке дара тексерумен
жүреді. Алқапта шахматты кезектілікпен 10-20 жерден, 5 өсімдікті
тексереді. Алғашқы есептеу өскінді отырғызғаннан кейін 4-5
күннен өткен соң жүргізіледі. Жұмыртқалардың болуын әрбір 3-5
күн сайын жүргізеді.
Екінші есеп өсімдік толық қалыптасқаннан кейін болады.
Үшінші есеп орамжапырақ қауданындағы зиянкестерді
анықтау үшін жүргізіледі.
Қорытынды.

Орамжапырақ күйе көбелегінің орамжапыраққа зиянында шек жоқ. Сол
себепті біз ауыл шаруашылығын дамыту үшін олармен күрес шараларына
аса назар аударғанымыз жөн. Жоғары деңгейлі агротехника ауыспалы
егістіктерді игеріп, өсіп өну кезінде ылғалды ұстай отырып су ғару,
арамшөптермен күресу, химиялық препараттар қолдану.
Пайдаланылған әдебиеттер
-Агибаев А.Ж, Тулеева А.К, Сулейменова З.Ш
Ауыл шаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан
қорғау, Алматы 2010
-Ә.Т. Тілменбаев, Г.Ә. Жармұхамедова “Энтомология”
- Сулейменова З.Ш “ Методические указания по мониторингу
численности вредителей сорных растении”

Ұқсас жұмыстар
Көкөніс дақылдары
Түрлі қанатты ірі ақ көбелек
Қырыққабаттың ақ көбелегі (Pieris brassica L. )
Бұршақ бітесі
ҚР облыстарының фитосанитария карантиндерінің жағдайы
ӨСІМДІК ЗИЯНКЕСТЕРІ
Жеміс-жидек дақылдарының зиянкестерімен күресу
Мақтаның карантинді аурулары
Айқышгүлді егістік, жемдік, көкөніс дақылдарының зиянкестері
Жүгерінің сабақ көбелегі (Ostrinia nubilalis)
Пәндер