Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуы



Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің
Жаратылыстану-математика факультеті
Математика мамандығының Т-413 тобының студенті Молдабаева Азиза Аскерқызы
СӨЖ №5
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы және өзіндік дамуы

Жоспар
1. Педагогикалық ұжым.
2. Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиет

Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту проблемаларының талқылануы, жеке-дара дамуының әрқилы кезеңдерінде тұлғаға психологиялық-педагогикалық қолдаудың көрсетілуі жөніндегі жұмыстардың басым көпшілігі педагогикалық ұжымға және нақты педагогқа жұктеледі. Өзін-өзі жүйелі түрде танып, дамытып отыратын, өзін-өзі белсенді тәрбиелеп отыратын ұстаз ғана өзгелерге тиімді көмек көрсетіп, өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетіне ықпал ететін ахуалды қалыптастыра алады. Олай болмаған жағдайда оның балаларды өзін-өзі дамытуға ынталандыру іс-әрекеті оның дербес тәжірибесімен бекітілмей тек баяндаушы сипатта болады.

Дағдылы жұмыс күндері мұғалімнің тұлғалық-кәсіби өсуі және өзін-өзі жетілдіруі- педагогикалық мамандықты айтпағанда, кез-келген мамандықтың міндетті шарты болып табылады. Мұндағы белсенділіктің кез келген жаңылысы, төмендеуі педагогикалық үдерістің мүшелерінен бірден байқалады, педагогикалық еңбектің нәтижелеріне кері ықпал етеді. Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тануының талдамасына көшу үшін оның тұлғалық ерекшеліктеріне және кәсіби біліктілігіне, іс-әрекетіні ерекшеліктеріне аз да болса тоқталып өту қажет.

Қазіргі таңда ғылымда педагог тұлғасының, оның іс-әрекеті мен қарым-қатынасының құрылымындағы компоненттерді ажыратудың әртекті тұрғылары, оның кәсіби мен қайталанбастығы туралы әрқилы көзқарастар қалыптасқан. Ол көзқарастарды келтіруге және талдауға мүмкіндігіміз болмағандықтан, тәрбиешілердің, ұстаздардың, оқытушылардың едәуір маңызды қасиеттері мен күйлерін, олардың іс-әрекеті мен мінез-құлықтарын сипаттап өтуге тырысамыз.
Педагог тұлғасының құрылымындағы маңызды компоненттерді келесі жағдайлар анықтайды:
Кәсіби-педагогикалық бағыттылық;
Кәсіби белсенділік;
Кәсіби білімдері мен іскерліктері;
Кәсіби педагогикалық қабілеттері, есі, ойлауы және қиялы;
Өзін-өзі кәсіби ұғынуы.

Тұлғаның кәсіби-педагогикалық бағыттылығы
әдетте балаларға, іс-әрекетке, өзіне қатынасы жетекші мәнге ие болатын қатынастардың тобы ретінде анықталады. Қатынастардың негізгі үш түрін құрылымдай келе, кәсіби-педагогикалық бағыттылықтың сегіз түрін алуға болады, алайда оңтайлысы ретінде үш компонент: балаларға қатынасы, заттарға қатынасы және өзіне қатынасы айқындалған типті анықтаған жөн.

Кәсіби белсенділік оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тұрақты іздестіруде, туындаған міндеттерді ерекше үлгіде шешуіскерлігінде, әкімшілікпен, қызметтестерімен, ата-аналармен, оқушылармен қатынастарын жетілдіру қабілетінде, өзінің жұмысын талдауда, өзін-өзі тәрбиелеудің барлық құралдары мен тәсілдерін қолдана отырып, өзін-өзі дамытумен айналысуда анықталатын педагогтың нормативтердің шеңберінен шығу, өзінің іс-әрекетінің аумағын тұрақты түрде кеңейтіп отыру ұмтылысымен сипатталады.

Кәсіби білімдері мен іскерліктері
кәсіби даярлықтың негізін құрайды. Білімдер мен іскерліктерге ие болмаған педагог өзінің қызметін мүлде атқара алмас еді. Кәсіби білімдер әртекті келеді: ол - өзінің пәнін жақсы білу, педагогика, психология, әдістемелер саласындағы, өзге адамдармен қатынастарды орнату аумағындағы білімдері, өзінің кәсіби мұмкіндіктеріне қанық болуы.

Педагогикалық қабілеттері әр педагогтың, алайда әр дәрежеде ие болған тұлғалық әлеуетін сипаттайды. Дәл педагогикалық қабілеттер және педагогтың оларды өзінде анықтауы педагог болудың сәйкес кәсіби ниетін, педагогикалық іс-әрекетпен айналысу бейімдігін, педагогикалық еңбектің тиімділігін анықтайды.

Мұғалімді өздігінен білімін жетілдіруге ықпал ететін бұл қажеттіліктің құрамы, мотивтері мынадай:
-күнделікті ақпараттар бойынша жұмыс жүргізу. -творчествоны қалау. -заманауи ғылымның өте жоғарғы қарқынмен өсуі. -қоғам өмірінде өтіп жатқан өзгерістер. -бәсекелестік. -қоғамдық пікір. -материалдық ынталандыру. -ынта-ықылас.

Өздігінен білімін жетілдіру процесінде педагог қолданатын іс-әрекеттер:
-өзін өзі өзгерту туралы шешім қабылдау; -өзін өзі жетілдіру бағдарламасын жасау; -бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты атқарылатын жұмыстар; -бағдарламаның орындалу нәтижелері бойынша өзіне өзі талдау жасау; -алға жаңа мақсаттар мен міндеттер қою. Педагог қызметіндегі негізгі кезең өзінің кәсіби өсуі мен жетілуіне байланысты бағдарлама әзірлеу болып табылады.
Бағдарлама жасау принциптері:
-ғылымилылық, болжамдау; -өзектілік; -оңтайлылық; -шынайылық; -тұтастық; -бақылау мүмкіндігі.

Педагог тәртібі оның педагогикалық әрекеттеріне адамгершілік тұрғыдан реттейді. барынша толыққанды кәсіби- этикалық сипаты мен мақсатқа сәйкестігі педагогикалық тәртіптің келесі сипаттарында ( мінез- құлықта) ұсынылған:
- талапшылдық, жеке бастың қасиетін қорламау, түртпектей бермеуінде;
- қарым-қатынас барысында табиғилық, қарапайымдылық танытып, мәймөңкелік пен өрескелдікке жол бермеуінде;
-бірбеткейліксіз ұстанымшылдығы және табандылығында;
- аса дабыраламайтын зеректік пен сезімталдығында;
-тұлғаның жеке басын қорламайтын әзіл-сықақ қолдана білуінде;
-иландыру, нандыру, ескерту, ұсыныс жасау және қысымшлық пен қорлықсық жазалай білуінде;
-өз білімі мен кәсіби даярлық деңгейіңнің артықшылығын атап айтпай-ақ білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу білу қабілетінде;
-білім алушыларды тыңдай білуі, оның және өзгелердің сұрақтарға берген жауаптарына тыңғылықты қарай білуінде;

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz