Шошқа малдарының гигенасы
Презентация қосу
Семей қ. Шәкәрім атындағы Мемлекеттік
Университеті
БӨЖ
Тақырыбы:Шошқа малдарының
гигенасы.
Жоспар
1.Шошқа малдарының гигиенасы.
2. Шошқа малдарын ұстау тәсілдері
және оларға қойылатын гигиеналық
талаптар.
3. Буаз және қысыр мегежіндердің
қоралары.
.
1.Шошқа малдарына арналған фермаларда, әсіресе
ірілендірген комплекстерде, оларданың аз шығынмен
мол өнім алу үшін ерекше көңіл ветеринариялық –
профилактикалық шараларға аударады. Малдардың
ветеринариялық профилактикасы жалпы және арнайы
шаралардан тұрады. Бұл профилактиканың негізгі –
жалпы санитарлық – гигиеналық шаралар болып
саналады,яғни ветеринариялық – санитарлық және
зоотехникалық – гигиеналық нормативтер мен
ережелерге сүйеніп, шаруашылықтың мәдениетті
түрмен дамуын қамтамасыз ету.
Шошқа шаруашылықтары негізінен үш бағытта жұмыс
істейді: аяқталған өндірістік цикл мен, репродукторлы
және ет өндіру.
Өндірістік процесстері жоғарғы дәрежеде
механикаландырған және автоматизацияланған, өнім
алынуы толық аяқталған циклмен жүргізілетін шошқа
шаруашылықтарын ірілендірілген шошқа комплекстері
деп атайды.
Мұндай комплекстердің негізіне шошқа еттерін үздіксіз
(поток) өндіру технологиясы жатады. Ол кездерде
малдарды технологиялық циклге байланысты бір орыннан
екінші орынға, немесе бір қорадан екінші қораға
ауыстырып отырады, яғни ұрықтандыруға жататын
аналықтарды, буаз, қысыр шошқаларды, енесінен
айырған және жас торайларды кезекті мезгілдерінде бір
жерден екінші орынға орналастырып отырады.
Малдарды жұқпалы аурулардан сақтандыру үшін,
оларды комплекстерде бөлектенген секцияларда ұстайды
да, орын алмастыру кездерінде жасалған жоспар
бойынша әр секцияны тазалап, дезинфекциялаудан
өткізіп отырады. Шошқа фермаларының типі және
размерлері, ұстау жүйелері, және қосымша салынатын
объектілері әр шаруашылықтың бағытына, жер ораймен
ауа райының ерекшеліктеріне байланыстырып алынады.
Бағыты бойынша шошқа шаруашылықтары тұқымдық
және өнімдік болып бөлінеді. Тұқымдық бағыттағы
фермалардың міндеті шошқаларды тұқымдық және
өнімдік қасиеттерін жақсартып, басқа өнім өндіретін
шаруашылықтарды жоғарғы өнімді малдармен
қамтамасыз ету болып саналады.
Шошқа малдарын ұстау тәсілдері және оларға қойылатын
гигиеналық талаптар
Шаруашылықта барлық шошқа малдары жасына, жынысына, физиологиялық
ерекшеліктеріне және бағытына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді.
- Қабан шошқалар: тұқымдық және күйті келген шошқаларды тексеруге арналған
аталықтар;
- Аналық шошқалар: - Қысыр ұрықтанбаған (шағылыстан өтпеген) аналықтар;
- Буаз шошқалар үш түрлі боп топталады: ұрықтанғаннан буаздығы анықталғанға
дейінгі, буаздығы анықталған, жеңіл буаз, және туарға 7-10 күн қалғандағы-ауыр буаз
шошқалар;
- Торайлы аналықтар – торайлары бөлініп алынғанша;
- Бордақылауға арналған шошқалар (ересек және жас) шошқа шаруашылықтарында,
кәзіргі кезде негізгі шошқаларды ұстаудың екі тәсілі бар: серуенді және серуенсіз.
Жер орайы, ауа райы және шаруашылықтың жағдайына байланысты шошқаларды
жыл бойы қолда фермада немесе лагерлерде ұстап күтіп-бағады.
3. Ірілендірілген шошқа комплекстерінде әр өндірістік
топтағы шошқаларды жеке қораларда ұстайды. Ол үшін әр
шаруашылықта қабан шошқаларға арналған қоралар
(ұрықтандыру пункті немесе онсыз), қысыр және
ұрықтандырылған аналық қоралары, буаз және торайлы
шошқаларға, енесінен айырған торайлар мен жас
шошқаларға, бордақы шошқаларға және басқа
шаруашылықтан алынған малдарға арналған карантин-
қоралары қаралады. Осы қоралардың ішіндегі буаз және
қысыр мегежіндердің қораларына қысқашы тоқтала кетсек.
Буаз және қысыр мегежіндердің қораларын жекелеме және топтап ұстауға
арналған станоктармен жабдықтайды. Аналық шошқаларға арналған
станоктардың екі жанындағы қабырғаларының 1/3 бөлігі тұтас, ал қалған жағы
төркөзді болып, көң түсетін арықтың үсті жабылған еденінде тұрады. Станоктың
тұтас қабырғалы бөлігінің едені жылыланған таза болуы керек. Шошқаларды
топтап ұстуға арналған станоктың ені (тереңдігі) 3,5 м артық болмай, әр станокта
10 бастан көп емес қысыр немесе жеңіл буаз аналықтар орналастырып, әр басқа
1,8-2 м² еден ауданы есептеледі.
Стакандарда жеке немесе топтап көректендіруге арналған азық науалары
орнатылады. Әр станокта төркөзді деннің турасына су құбыры қойылады.
Көбінесе шошқалар станокта төсенішсіз ұсталатын болғандықтан еден
керамзитті-бетонды материалдан жасалады. Комплекстерде буаз шошқалары
туатын цехқа ауыстырғанша шағын топ пен (5-6 бастан көп емес) ұстап,
торайлардан 3-5 күн бұрын жеке станоктарға орналастырады.
Буаз шошқаларды ұстаған кезде олардың 110-113 күндері өте
қауіпті екенін естен шығармау керекте, осы кездерде олар
толық құнарлы затты, витаминді және макро-микро элементті
рационмен қамтамасыз етілуі қажет. Қысыр және жеңіл буаз
аналық шошқаларды ұстаған кезде қораның микроклиматы
қалыпты болуы керек. Ұзақ уақыт қысыр шошқалардың
жоғарғы температурада, әсіресе жаз айларында жас
аналықтардың, болуы жыныстық күйтінің келуін тежейді.
Аналық шошқалардың оптималды температуралы режимде
ұстап, серуендетіп, қалыпты азықтандырып отырса, олардың
жыныстық күйті тез келеді.
Қорыта келгенде санитарлық – гигиеналық тұғыдан жоғарғы мәдениетті
шаруашылық берік азық қоры болып, зоогигиеналық талаптарға сәйкес
тұрғызылған мал қоралары мен, малдың физиологиялық
ерекшеліктеріне және ветеринариялық санитарлық объектілермен
қамтамассыз етілген болуы керек. Шошқа шаруашылығындағы
жұмыстардың ритімді жүріп, жиі мал тобының алмасуы,
механикаландырылған және ветеринариялық профилактикаға белгілі
бір шамалы әсерлер тигізеді. Сондықтан ветеринариялық – санитарлық
және гигиеналық шаралар шошқа өнімдерін өндірудегі технологиялық
процесстерге кіріп, алынатын өнімдердің тиімділігі және сапасы
ветеринариялық құжаттың талаптарына сай болуы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Садуақасов М.С.,Ауыл шаруашылық
малдары мен құстардың гигиенасы.Алматы-
2010ж.
Назарларыңыз
ға рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz