Малдың уланудағы, токсикологиясына ветеринариялық - санитарлық бағасы


Slide 1

Қазакстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті БӨЖ тақырыбы: Малдың уланудағы, токсикологиясына ветеринариялық - санитарлық бағасы

Орындаған: Қабышева Т. Ә

Топ: Вс-203

Тексерген: Билялов Е. Е

Семей 2015 ж.

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

І Негізгі бөлім

І. 1 Жалпы уланудың сипаттамасы

І. 2 Тағамдық улану және тағамдық емес заттармен улану кезіндегі ұшаның және мүшелердегі болатын өзгерістер

І. 3 Тағамдық улану кезіндегі ұшаның және мүшелердің ветеринариялық - санитарлық сараптамасы

І. 4 Малдың тағамдық уланудағы ветеринариялық - санитарлық баға

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе

Өткен ғасырдың аяғында медицина және ветеринариялық микробиология дамыған кезде, еттен улануды паратифозды бактериялардың әсерінен деп есептеген көптеген ғалымдар. Бұл қоздырғыштар етте дамып, улы заттар шығарады деп те айтқан. Зерттеушілердің қорытындылауынша, улану тек қана етте болатын улардан басқа, әртүрлі улы химиялық заттар және жануарлар мен өсімдіктердің өнімдері де ауру (токсикоздар) туғызады сонымен басқа балықтардың еті, уылдырығы, бауыры, аналық клеткалары өзінің табиғатында уытты болып келеді.

Міне көріп отырғанымыздай зерттеушілер, ғалымдар улану жайлы көптеген мағлұматтар жинап оны зерттеп оның түрлерін ашып дәлелдеген. Сол сияқты Агарарлық Қазақ Ұлттық Университеттің «Ветеринариялық-Санитариялық» кафедрасының да ғалымдары көп еңдек сіңірген осы мәселе аясында. Олар «еттен», «балықтан» уланған деген сөздерді, «тағамдық аурулар», «тағамдық токсикоздар» дегенге алмастырған. Осыдан олар жаңа бағытты дүниеге әкеліп яғни барлық улануды біріктіріп, бір ғана топқа жинақталуына көмек берді.

Сонымен сойыс малдарының өнімдері адамдар да пайда болатын індетті және инвазиялы аурулардың (топалаң, бруцеллез, тениаринхоз, туберкулез) көзі болуы мүмкін. Сол себепті сойыс малдарының улануын, токсикозына біз дұрыс санитариялық баға бере білуіміз керек!

Slide 4

І Негізгі бөлім

І. 1 Жалпы уланудың сипаттамасы

Уланудың клиникалық белгілері

Уланудың ерекше клиникалық белгісі - сау малдың кенеттен ауруы. Осыған орай ескерген жөн-дерттену мал азықтағанда су ішкенде пестицидтермен өндегенде және де басқа да химиялық заттарды пайдаланғанда байқалады; сондай ақ мал қораларында дезинфекция жүргізгеннен кейін. Жануардың қандай затпен уланғаның нақтылы балау тек қана кешенді зерттеулер арқылы іске асады.

Алколоидтармен, сапониндермен және де басқа өсімдік уларымен уланған жануарларда көз қарашығының ұлғайғаның не кішірейгенің байқайға болады, сондай ақ ауру мал желігед, денесі құрысып дірілдейді.

Нитрат қосындылармен уланған малдың тынысы тарылып ентігеді, кілегей қабықтары көгеріп, танауынан қан араласқан көбікті сұйық шығады, жүрек жұмысы бұзалады.

Уланудың патологиялық-анатомиясы

Кейбір созылмалы улануларда ағза тоқымаларда патанатомиялық өзгерістер оларға өте тән болады, айталық алмаспрен улануда байқалатын бүйректің некрозы. Көптеген улардан болатын дистрофиялық және қабыну өзгерістерінің басқа ауруларда байқалатын зақымдаврадан айырмашылығы жоқ.

Slide 5

І. 2 Тағамдық улану кезіндегі ұшаның және мүшелердегі болатын өзгерістер

Жаз айның ортасында немесе сонында малдардың азық құрамына қарбыз-қауын көкеніс дәнді дақылдарын қосып береді. Азық құрамына мұндай заттарды көптеп бергенде көп жағдайда малдар уланып жатады. Оның себебі азық құрамына қосқан жәнегі дәнді дақылдар ол яғни қарбыз-қауын көкеніс дәнді дақылдарынның құрамында нитраттар мен нитритердің көптеп кездесуі. Қалыпты жағдай да бұл дәнді дақылдардың құрамында мұндай мөлшерде нитраттар мен нитриттер кездеспейді. Оның мұндай мөлшерде болуы ол адами факторға байланыстылығы. Қарбыз-қауын көкеніс дәнді дақылдарды өсірген кезде оның тез өсуі үшін көптеген химиялық қосындыларды көкеніс ішіне арнайы шприц арқылы енгізеді немесе сол химиялық қосындылармен суғарып жатады. Мұндай көкеніс дақылдарын көптеп қоректенген жануарлар нитраттар мен ниттриттерге олардың организмдары ұшырап, уланады.

Нитраттармен нитриттермен улану кезінде ұшалар мен мүшелердегі болатын өзгерістер:

Ойық-жаралы геморрагиялық гастроэнтеритан ықталады;

Ішкі ағзаларда гиперемия және геморрагиялар көрінеді.

Қаны ашық-қызылнемесе қошқыл-қоныр түсті.

Slide 6

Тағамдық емес қосындылармен улану кезіндегі ұшаның және мүшелердегі болатын өзгерістер

Сынап қосындыларынан улану

сипаттамасы

Организге түсу жолы

Организмге енгеннен кейін болатын процесс

Уланудың дамуы

Малды сойып қарағандағы ұшада ұшада болатын өзгерістер

Ауыл шаруашылығында сынаптан жасалған препараттар дәнді-дақылдарды дәрілеу (улау) мақсатымен пайдаланылады, айталық гранозан. Ол өте улы. Мал дәріленген жемнен уланады. Оларға сиыр мен қой-ешкілер өте сезімтал. Осылардың ішіндегі өте уыттысы алмас. Айталық, сиыр - 4г. алмастан өліп кетеді, ал жылқы 5-10 - г., ит-мысық - 0, 1-0, 3 г.

азық арқылы

орталық жүйке жүйесін залалдайды

жіті және созылмалы түрде

ас қорыту жүйесінің жіті қабынуы байқалады, сірі және кілегей қабықтар қанталаған, бауыр және бүйректер майланып зақымдалған. Қойлар мен шошқаларда катаральді, кейде геморрагиялық гастроэнтерит және сарғаю болады; қарын ішіндегі жыннан сарымсақ исі шығады, қараңғыда ол жылтырлайды.

Slide 7

Цинктің фосфидімен улану

Геморрагиялық диатез, асқорыту жүйесінің жіті қабынуы көрінеді. ұлпалы ағзаларда дистрофиялық өзгерістер байқалады, бауырда әсіресе майлану дистрофиясы ерекше көрінеді.

Хлорорганикалық қосындыларымен улану

Күшәладан, сантониннен уланған кезде бұлшық еті сіресіп қатаяды, фосфордан уланғанда майлы гепатоз байқалады, сілтілерден, қышқылдардан әктен уланғанда ойық жаралар, күлдіреуіктер байқалады.

Фосформен және фосфорорганикалық қосындыларымен улану

Кілегей қабықтардың қанталаулары көрінеді, ойық жаралы стоматит және гастрит; сиырдың ұлтабары зақымдалады - ойық жаралы абомазит, дифтеритті энтероколит кездеседі, бауыры ұлғайып дистрофияға ұшыраған.

Ас тұзымен улану

Жіті гатроэнтерит табылады; күйіс малдарында абомозит, ішекте крупозды қабыну. Шошқаларда асқорыту жүйесімен бүйректерінде экхимоздар, петехиялар көрінеді, сөл бездері қызарып, едәуір ұлғайған.

Нитраттармен нитриттермен улану

Ойық-жаралы геморрагиялық гастроэнтеритан ықталады, ішкі ағзаларда гиперемия және геморрагиялар көрінеді. Қаны ашық-қызылнемесе қошқыл-қоныр түсті.

Мочевинамен улану

Алдынғы қарындарында және ұлтабарында гиперемия нышаны байқалады, сонымен қатар ішектердің жіті қабынуы, эпикард пен эндокардта дене бұлшық етінде, бүйректердің қыртысты қабатында геморрагиялық табылады; қан түсі қошқыл-қоныр түсті.

Улану кезіндегі ұшаның және мүшелердегі өзгерістер

Slide 8

І. 3 Тағамдық улану кезіндегі ұшаның және мүшелердің ветеринариялық - санитарлық сараптамасы

Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкес 4 бөлімі бойынша Сойылатын жануарларды сояр алдындағы ветеринариялық Тексеріп қарау және сойылғаннан кейiн ұшалары мен iшкi ағзаларын ветеринариялық-санитариялық сараптау, оларды санитариялық бағалау 120-шы пункті Жануарлардың улануы. Ет пен ет өнiмдерiнде мынадай улы зат қалдықтары болған кезде тамаққа пайдалануға рұқсат етiлмейдi (мөлшер көлемiне қарамастан) : цианид, сары фосфор, пропазин, гептахлор, дихлораль несепнәрі, полихлоркамфен, альдрин, , дидихлорвинилфосфат, цинеба, дикрезил, байгон, метафос, хлорофос, тиофоса, уарбофос, құрамында сынабы бар пестицидтер, мышьяк кiретiн препараттар және гербицидтер. Егер етте уытты заттардың қалдығы рұқсат етiлген мөлшерден төрт есе көп болса немесе химикаттардың қалдығын анықтайтын ресми тәсiлдердiң сезгіштігінің төрт шегінде болса, етті малға құрғақ азық етіп қайта өңдеуге жiберуге болады.

Slide 9

Бұлшық еттiң ұлпасында улы зат қалдықтары бекiтiлген нормадан аспаса, етiн қайнатады, iшкi мүшелердi, желiндi және миын кәдеге жаратады. Жануарлар фтор препараттармен, мырыш пен мыс тұздарымен, хлорлы натриймен және калиймен, қышқылдармен және сiлтiмен, газ тәріздес заттармен (аммиак, ащы күкiрт ангидридi, тұншықтырғыш газ, хлор және тағы да басқалары), несепнәрмен, алкалоидтармен, улы және өңез саңырауқұлақтармен, сапонин кiретiн өсiмдiктермен, эфир майларымен, шайыр мен фотодинамикалы нәрселермен немесе iшек-қарын жолдарын жаралайтын заттармен (купол, молочай), сондай-ақ сарғалдақ тұқымдастары, вехпен уланған ет пен сойылғаннан кейін алынған басқа өнiмдер бактериологиялық, қажет болса, физика-химиялық зерттеуден және басқа иiстердi анықтау үшiн қажеттi сынауға алынғаннан кейiн бағаланады.


Ұқсас жұмыстар
Шартты патогенді микроорганизмдер тудыратын токсикоинфекциялар
Бал микрофлорасы
Тауық жұмыртқасының құрылысы
МЕМЛЕКЕТТІК ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ
Фасциолез ауруы
Жануарларды тасымалдау ерекшеліктері
Малды союға дайындау
Инфекциялық аурулар кезінде сойыс өнімдерін ветеринариялық- санитариялық сараптау және ветеринариялық-санитариялық бағасы
Мал қораларын дезинфекциялау
Шошқа малдарының гигенасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz