Операциялық жүйенің даму тарихы



Операциялық жүйе
Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) - компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа.

Даму тарихы
1965-1975ж. интегральным микросхемаларға өту компьютерлердің келесі ұрпағына жол ашты, олардың өкілі IBM/360. Осы кезеңде қазіргі ОЖ - лерге қатысты барлық коцепциялар: мультипрограммалау, мультипроцесстеу, көптерминалды іс-тәртіп, виртуальды жад, файлдық жүйелер, қол жетуді шектеу және желілік жұмыстар жасалды. 80ж. басы операциялық жүйе тарихында дербес компьютерлердің пайда болуымен айрықша мәнді болды. 80 жылдарда коммуникациялық технологияларға локальдық желілер үшін негізгі стандарттар: 1980 жылы - Ethernet, 1985 - Token Ring, 80ж. аяғында - FDDI қабылданды. Бұл төменгі деңгейдегі желілік ОЖ үйлесімділігін, сондай-ақ желілік адаптер драйверлерімен ОЖ интерфейсін стандарттауды қамтамасыз етті. 90ж. басында барлық ОЖ-лар әртекті клиенттер және серверлермен жұмысты қолдай алатын қабілеті бар желілік ОЖ айналды. Тек қана коммуникациялық есептерді (Cisco Systems компаниясының IOS жүйесі) орындауға арналған мамандандырылған желілік ОЖ-лер пайда болды. . Соңғы онжылдықтар ішінде корпоративтік желілік ОЖ-лерге ерекше көңіл бөлінді, олар үшін масштабтаудың жоғарғы дәрежесі, желілік жұмысты қолдау, қауіпсіздіктің дамыған құралдары, гетерогендік орталықта жұмыс істеу мүмкіндігі, орталықтан әкімшілік ету және басқару құралдарының болуы сипатты.


МС-ДОС
MS-DOS (Microsoft Disk Operating System) - дербес компьютердің аппараттық жасақтамаларын - процессорды, оның жедел жадын, дискілерді және шалғай құрылғыларды автоматты басқаруға арналған, Microsoft фирмасы жасаған дискідегі операциялық жүйе. Ол құрылғылар мен қолданбалы программалардың өзара байланысын, сондай-ақ осылармен жұмыс істеушінің оларды тиімді пайдалануын қамтамасыз ететін программа болып табылады. 1981 жылдан бастап Intel процессорларымен жасақталған барлық дербес компьютерлерге арналған стандартты операциялык жүйе ретінде белгілі. MS DOS жүйесін осы күнгі кең таралған UNIX, Windows операциялық жүйелерінің негізі деп атауға да болады.

MS-DOC
1981 IBM/ PC компьютерлері үшін MS DOS 1. 0 операциялық жүйесі дискі құрылғыларының жұмысын басқарады негізінен, онда диаметрі 5, 25 дюйм болатын иілгіш магниттік дискілер пайдалынады. 1982 MS DOS 1. 1 операциялық жүйесінде екі жақты иілгіш магниттік дискілер пайдалынады. 1983 IBM/ PC/XT компьютерлері үшін MS DOS 2. 0 операциялық жүйесі пайда болып, олар өлшемі 10 Мбайтқа дейінгі қатты дискілер жұмысын басқарады. 1984 MS DOS 3. 0 операциялық жүйесі шықты. Онда өлшемі 20 Мбайтқа дейінгі қатты дискілер мен диаметрі 5, 25 дюйм-ге тең иілгіш дискілер жұмысы басқарады. 1985 MS DOS 3. 2 операциялық жүйесі пайда болды. Онда диаметрі 3, 5 дюймге тең иілгіш дискілер жұмысы басқарылады. 1986 MS DOS 3. 3 операциялық жүйесі пайда болды. Онда диаметрі 3, 5 дюймге тең иілгіш дискілер жұмысы басқарылды. 1987 MS DOS 4. 0 ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ. Онда өлшемі 32 Мбайттан жоғары қатты дискілер жұмысы басқарылды. 1988 MS DOS 4. 01 операциялық жүйесі орыс тілінде жасалынып шығады. 1991 MS DOS 5. 0 операциялық жүйесі пайда болды. Онда өлшемі 1 Мбайтқа тең оперативтік жад пайдалануға мүмкіндік туды. 1993 MS DOS 6. 0 операциялық жүйесі пайда болып, ол CD- ROM дискі құрылғысының жұмысын басқаруға негізделді. 1995 Microsoft Windows 95 алғашқы графиктік операциялық жүйесі пайда болды. 1998 Бүкіләлемдік Интернет желісінің жұмысын басқаратын Microsoft Windows 98 операциялық жүйесі пайда болды.


Lunex
Linux - Unix операциялық жүйесінің толық функционалды нұсқасы. Бұл операциялық жүйеге, Unix операциялық жүйесінің ең қуатты мүмкіндіктері кіргізілген, және де Linux-ке Unix операциялық жүйесінің қазіргі кездегі қолданбалары қосылған.

ТАРИХЫ
Linux-тің бірінші түрі шыққаннан кейін екі айдан соң Линус Торвальдс жаңа оперциялық жүйені және басқаларды Linux-ті дамыту жұмысына шақырды. Сондықтан Linux операциялық жүйесі бүгінгі күнде көптеген жер шарының программистерімен дамытылуда және олардың жемісі көптеген Интернет сайттарында жазылған. Осы топтың басқарушысы әлі күнге дейін Линус Торвальдс болып саналады.

UNIX
UNIX операциялық жүйесі (ОЖ) 1970 жылдары Веll Laboratories (АҚШ) фирмасында жасалып шығарылды. UNIX-тің әр түрлі нұсқалары бірінші колледждер мен университеттерде қолданыла бастады. Осы кезде UNIX-тің беделі көтерілді. Ол басқа ОЖ-лерді ығыстыра бастады. 1978 жылы UNIX ОЖ-нің 7 нұ-сқауының шығуы, одан кейін 1982 жылы System III нұсқасының шығуы осы ОЖ-нің кең таралуына себеп болды. 1987 жылдың аяғына таман UNIX ОЖ-сін қолданушылар саны 4, 5 млн жетті. UNIX-тің бұндай көтерілуінің екі себебі бар. Бірінші, ықшамдылығы, яғни сіз белгілі бір бағдарламалау тілінде бағдарлама жазса ңыз, онда осы бағдарлама UNIX ОЖ-мен басқарылатын компьютерде жұмыс істейтініне сенімді боласыз. Екінші, UNIX-тің ыңғайлылығы. UNIX шығысымен өзі коммерциялық болмай тұрып, академиялық ортада таралуы, оның ЭЕМ-нің РDР-ІІ типтерінде қолданылуы, мини-ЭЕМ-дерге арналған ОЖ ретінде қалыптасуына әсер етті. Біздің заманымызда UNIX бүкіл дүние жүзіне аты мәлім ОЖ. Бұнда бір уақытта мыңдаған адамдар жұмыс істей алады. Ал Internet әлемдік торабымен жұмыс істеу үшін UNIX-тен артық ОЖ таба алмайсыз.

іOS Операциялық жүйесі
ІOS (2010 жылдың 24 маусымына дейін: iPhone OS) - Америкалық Apple компаниясымен құрастырылып, шығарылатын мобильді операциялық жүйе. 2007 жылы шығарылған. Бастапқыда iPod touch және iPhone құрылғыларына шығарылып, сосын iPad және Apple TV құрылғыларына да шығарылды. Windows Phone және Android операциялық жүйелерінеқарағанда тек қана Apple компаниясының құрылғыларына қондырылады. iOS-тың қолданушы интерфейсі мультитач қозғалыстары арқылы тікелей басқару концепциясында құрылған. Интерфейсті басқару элементтері батырма- лардан, сүйрегіштер мен тетіктерден құрылған

Ubuntu операциялық жүйесі
Ubuntu
Ubuntu-ды 20 миллионнан астам қолданушы пайдаланады, бұл оны Openstat санақ ғылымы
бойынша десктоптарға арналған Linux-тың ең танымал таратушысы
етеді. Веб-серверлерге арналған ең танымал ОЖ-дің тізімінде
ол 4-орында тұр.

Windows 2000 операциялық жүйесі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz