Қазақстан Республикасының президенті




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының
президенті
Қазақстан Республикасының Президенті
— Қазақстан Республикасының
мемлекеттік басшысы және
республиканың атқарушы өкімет
билігінің біртұтас жүйесін басқарушысы,
мемлекеттің ішкі және сыртқы
саясатының негізгі бағыттарын
айқындайтын, ел ішінде және
халықаралық қатынастарда Қазақстан
атынан өкілдік ететін ең жоғары
лауазымды тұлға; сондай-ақ республика
азаматтарының құқығы мен
бостандықтарының, Конституциясы мен
заңдарының сақталуына кепіл болады;
ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас
Қолбасшысы болып табылады.
1990 жылы 01 сәуірде

"Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және
Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңы) өзгертулер
мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақ КСР Заңы [1]
қабылданды.
Осыған орай Қазақ КСР Конституциясы Президенттің
мәртебесі мен өкілеттігі алғаш рет айқындалған "Қазақ
КСР Президенті" жаңа тарауымен толықтырылды.
Қабылданған Заңға сәйкес Қазақ КСР Президенті Қазақ
КСР басшысы болып табылды. Қазақ КСР-інің отыз бес
жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, Қазақ
КСР аумағында кемінде он жыл тұрақты тұрған, қазақ
және орыс тілдерін білетін азаматы Қазақ КСР
Президенті болып сайлана алды. Бір адам қатарынан екі
мерзімнен артық Қазақ КСР Президенті бола алмады.
1990 жылы 20
қарашада
1990 ж. 20 қарашада қабылданған "Қазақ КСР-нда
мемлекеттік билік пен басқару қүрылымдарын
жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына
өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға
сәйкес Қазақ КСРПрезиденті Қазақ КСР жоғары
атқарушы және өкімші билік басшысы болып
табылатындығы; Қазақ КСР Президентінің үсынысымен
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайлаған Қазақ КСР Вице-
президенті лауазымы құрылды; Қазақ КСР Министрлер
Кеңесі Қазақ КСР Министрлер Кабинеті болып қайта
құрылды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің
Президиумы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің
Төрағасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің
Төрағасының бірінші орынбасарлары мен
орынбасарлары лауазымдары таратылды. Заң Қазақ
КСР Премьер-министрі мен Қазақ КСР мемлекеттік,
шаруашылық, әлеуметтік және мәдени құрылыстың
1991 жылы 25 тамызда
1991 жылы 25 тамызда "Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі
Заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақ КСР
Заңы қабылданды. Президентінің қүзіретіне қосымша
өкілетгіктер жатқызылды: Қазақ КСР Президенті қажет болған
жағдайда Қазақ КСР аумағында орналасқан одақтық
баіъшыстағы үйымдарды, кәсіпорындарды бірінші басшыларын
тағайындайды және оларды қызметген босатады; Қазақ КСР
Қауіпсіздік кеңесін басқарады, Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерін
тағайьшдайды; егер одақгық органдардьщ шешімдері Қазақ
КСР зандарына және жоғары атқарушы өкімет актілеріне қайшы
келетін болса, олардың орындалуын тоқтата тұрады; Қазақ КСР
аумағында орналасқан барлық ішкі әскерлерге басшылықгы
жүзеге асырады. Қазақ КСР Президентінің өкілеттігі
конституциялық рәсімдер сақтала отырып, ол отставкаға
шыққан жағдайда, сондай-ақ өзге де себептермен өз өкілеттігін
жүзеге асыруы мүмкін болмаған реттерде тоқтатылады. Соңғы
жағдайда Қазақ КСР Президентінің өз міндеттерін жүзеге
асыруы мүмкін еместігі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен
белгіленеді.
1991 жылы 16 қазанда

"Қазақ КСР Президентін сайлау туралы" Қазақ КСР Заңы
қабылданды. Заңның 1 бабына сәйкес Қазақ
КСРПрезидентін Қазақ КСР азаматтары жалпыға бірдей,
тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс
беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Қазақ КСР
Президенті болып Қазақ КСР отыз бес жасқа толған және
алпыс бес жастан аспаған, Қазақ КСР аумағында кемінде
он жыл түрақты түрған, қазақ және орыс тілдерін
меңгерген азаматы сайлана алды. Бір адам қатарынан
екі мерзімнен артық Қазақ КСР Президенті бола алмады.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР
Президентін сайлау 1991 ж. 1 желтоқсанына белгіленді.
Сайлау қорытындысын шығарғаннан кейін Қазақ КСР-інің
тұңғыш жалпы халық сайлаған Президенті Н. Ә.
Назарбаев болды.
1991 жылы 10
желтоқсанда
"Қазақ Кеңестік Социалистік Республи-
касының атауын өзгерту туралы"
Қазақ КСР Заңымен Қазақ КСР
Қазақстан Республикасы болып қайта
аталды. ҚР Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан
Республикасы Президентінің қызметке
кірісуі туралы" қаулы қабылдады, оған
сәйкес Н. Ә. На- зарбаев 1991 ж. 10
желтоқсаннан бастап ҚР Президенті
қызметіне кірісті деп есептелді.
1991 жылы 16
желтоқсанда
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" ҚР
Конституциялық заңына қол қойды, заң бойынша ҚР
Президентінің мәртебесіне және республиканың
мемлекеттік билік органдарының барлық жүйесіне
айтарлықтай өзгертулер енгізілді. Осы Заңға сәйкес ҚР-да
мемлекеттік билік органдары оның заң шығарушы,
атқарушы және сот болып бөлінулері қағидасынан келіп
қүрылды. Республика халқының атынан сөйлеу құқығы ҚР
Жоғарғы Кеңесі мен ҚР Президентіне берілді. Заң шығару
билігін ҚР Жоғарғы Кеңесі жүзеге асырды. ҚР мен оның
атқарушы билік органдарының басшысы Президент болып
табылды. Сот билігі ҚР Жо- ғарғы Соты мен Жоғары
төрелік сотына берілді. Конституцияны соттық қорғау
жоғары органы ҚР Конституциялық Соты болып табылды.
1993 жылы 28
қаңтарда
Жоғарғы Кеңес сессиясында Қазақстан Республикасының

Конституциясы[10] қабылданды, онда алғаш рет "Президент"

жеке тарауы берілді. Конституцияның 75 бабына сәйкес ҚР

Президенті мемлекеттің басшысы болып табылды және

республиканың атқарушы өкімет билігінің біртүтас жүйесін

басқарды, сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен

бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының

сақталуына кепіл болды. Президент өкілеттігінің мерзімі

белгіленді —5 жыл, сондай-ақ бір адам қатарынан екі

мерзімнен астам уақыт Президент бола алмайтындығы

айтылды
1993 жылы 10

желтоқсанда
1993 жылы 10 желтоқсанда қабылданған "Қазақстан
Республикасының Президенті мен жергілікті әкімдерге
уақытша қосымша өкілеттік беру туралы" ҚР Заңы[11]
қабылданды. ҚР Президентіне Конституцияның
негізінде және соған сәйкес жаңадан сайланатын ҚР
Жоғарғы Кеңесі[12] бірінші сессиясының жұмысы
басталғанға дейінгі мерзімге заң күші бар қүжаттар
шығару құқығы берілді. Сонымен қатар, Президентке
сол мерзімге қажет болған жағдайда Жоғарғы
Кеңестің ҚР Конституциясы 64-бабының 12—15, 18
және 20-тармақтарында көзделген өкілеттігін жүзеге
асыру құқығы берілді, кейін оны жаңадан сайланатын
ҚР Жоғарғы Кеңестің бекітетін болды. Онан басқа, ҚР
Конституциясының 78- бабының 3, 7 және 16
тармақтарында көзделген өкілеттікті дербес жүзеге
асыруға құқық берілді.
1993 жылы 10
желтоқсанда

"Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесінің өкілеттігін мерзімінен
бұрын тоқтату туралы" ҚР Заңы
қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда
1995 ж. 30 тамызда өткен
бүкілхалықтық референдумның
нәтижесінде қабылданған жаңа
Конституция[14] Президент
мәртебесіне көп өзгертулер енгізді.
1995 жылы 26
желтоқсанда
1995 ж. 26 желтоқсанда ҚР жаңа
Конституциясының ережелерін жүзеге асыру
мақсатында "Қазақстан Республикасының
Президенті туралы" Конституциялық заң күші
бар ҚР Президентінің Жарлығы қабылданды.
1996 жылы 11 наурызда
1996 ж. 11 наурызда ҚР Президентінің
Жарлығымен ҚР Кон- ституциясында көзделген
ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі қүрылды. "ҚР Жоғарғы
Сот Кеңесі туралы" ҚР Заңы[17] ҚР Жоғарғы Сот
Кеңесінің мәртебесін, қүрылу тәртібін және
жүмысының үйымдастырылуын анықтады.
1998 жылы 7 қазанда

"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен
толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңы[19] ҚР Конституциясына өзгертулер
енгізді, ол ҚРПрезидентіне де қатысты болды. Мысалы, Президенттің жаңа
өкілеттік мерзімі — 7 жылға белгіленді. Жас мөлшері шектеулері
өзгертідді; төменгі шек — қырықтан, жоғарғы шек — белгіленбеді.
Бұрынғы өкілеттіктермен қатар ҚР Президентіне Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің екі мүшесін бес жыл
мерзімге қызметке тағайындау қүқығы берілді. 48 бабтың 1 тармағы
мынадай редакцияда жазылды: "ҚР Президенті қызметінен мерзімінен
бұрын босаған немесе кетірілген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда
Республика Президентінің өкілеттігі қалған мерзімге Парламент Сенатының
Төрағасына көшеді; Сенат Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін
қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол ПарламентМәжілісінің Төрағасына
көшеді; Мәжілісінің Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы
мүмкін болмаған ретте ол Республиканың Премьер-Министріне көшеді;
өзіне Президент өкілеттігін қабылдаған түлға тиісінше Сенат Төрағасының,
Мәжілісінің Төрағасының және Премьер-Министрдің өкілеттігін тапсырады.
Бүл жағдайда бос тұрған мемлекеттік лауазымдарды иелену
Конституцияда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады".
1999 жылы 10
қаңтарда
ҚР Президентін сайлауы өтті. ҚР Президенті
болып тағы Н. Ә. Назарбаев сайланды. ҚР
Парламентінің депутаттар тобының ҚР
Президентін кезекті сайлауының мерзімін
белгілеу мақсатымен ҚР Конституциялық
Кеңеске ҚР Конституциясының 94 баптағы 1
тармағы мен 41 бабының 1 тармағына ресми
түсіндірме беруін сұрауына байланысты ҚР
Конституциялық Кеңесінің 2005 ж. 19
тамыздағы қаулысымен[20] ҚР Президентін
сайлауының мерзімі — 2005 ж. желтоқсанның
алғашқы жексенбісі болып беліленді.
2005 жылы 4
желтоқсанда

ҚР Президентін сайлауы өтті.
Кезекті мерзімге Президент болып
Н. Ә. Назарбаев сайланды. Оған 6
млн. 147 мың 517 қазақстандықтар,
немесе сайлауға қатысқан
сайлаушылардың 91,15 пайызы
дауыс берді
Қазақстан Республикасының
Президенті

Ұқсас жұмыстар
Республикасының жаңа
Республикасының тұңғыш
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БРАЗИЛИЯ
Кеңесінің төрағасы
Республика Үкіметінің құзыреті
Тұңғыш президент күні
Республикасының Президенті туралы
Сот жүйесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Аудандық соттың төрағасы
Пәндер