Аудару процесінің психологиясы: аудармашының ой-өрісі, жад түрлері және контекст


Slide 1

АУДАРУ ПРОЦЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Slide 2

ЖОСПАР:

1) аудармашының ой-өрісі;

2) аудармашының жады;

3) декларативтік ж/е процедурлық жад;

4) интеллектуалды, эмоционалды жад;

5) контекст, релеванттылық, бірнеше рет кодтау.

Slide 3

Аудармашының ой-өрісі

Денелік еске сақтау мен аударма арасында маңызды қатар бар. Тәжірибелі аудармашылар тез аударады, олардың аударғаны өте көп болғандықтан, жұмысында ми емес саусақтары қатысатындай көрінеді. Түпнұсқа тілінде таныс құрылымын анықтаған соң оның саусақтары клавиатура үстімен ұшып қозғалып лексикалық элементтермен толықтырылған, логикалық талдаусыз не саналы ойлаусыз аударма тілінде қалыпты құрылымдық эквивалентке айналдырады, автоматты түрде болғандай.

Таң қалған бақылаушылар, синхронды аудармашылар тіпті ойланбайтындай, кім бұлай ойланатына да кұмәнданады. Жоқ, бұл мүмкін емес, аудармашыға сөздер мидың санадан тыс не түсініксіз бөлігінен өздері келетін тәрізді, бұл қабілет қарапайым адамдарда болмауы мүмкін. Тіпті үйреншікті, ойлы аударма тісті тазалау мен бауды байлаудан өзгеше болады. Кезкелген жағдайда аударма ақыл-ой іс-әрекет, тіпті талдауды пайдаланбай, сапалы деңгейде орындалса да. Аударма - өте күрделі көп деңгейлі семантикалық өрістердің, семантикалық құрылымдардың, мәдени өзгешеліктердің, оқырмандар мен тыңдаушылардың әрекеттерінің психологиялық және әлеуметтік аспектеріне тез талдауын талап ететін процесс.

Slide 4

Аудармашының жады

Аудару мәдени, әлеуметтік, мәтіндік жағдайларда үнемі өзгеріп отыратын, проблемаларға шығармашылық шешімдер қабылдайтын интеллектуалды іс-әрекет. Кейде интеллектуалды іс-әрекет ақыл-ойдың қабылдауынан тыс, түйсіксіз деңгейде келіп айқындалады.

Түйсіксіз ой-өріс - ол бізге ынталы, сенімді, тез аударуға мүмкіндік туғызады, яғни жинақталған тәжірибе, жадтың салдарынан пайда болған өнім, оны қайтадан алып және әр түрлі қолдануға мүмкіндік туғызады.

Аудармашылар жинақталған тәжірибені еске сақтап, керек кезінде оны күрделі аударма мәселелерін шешуге алу керек, бірақ ақпаратты жаттау арқылы іске аспау керек. Жад оқыту кезінде

басқаша жұмыс істейді. Аудармашылар сөздер

мен тұрақты сөз тіркестерін, стиль мен тонды,

лингвистикалық және мәдени әдістерді меңге-

руді аудару кезінде, оқу кезінде, интернеттен

іздегенде, сөйлескенде және жай отырып өткен-

ді ойлау кезінде де іске асырады. Шет елде

адамдармен сөйлескенде олар тілді үйренеді,

ондаған сөздер мен адамдарды меңгеріп,

еркін және шығармашылық адамдарға үйреніп,

айналадағылар түсінетіндей сөйлеу арқылы

еске сақтауды іске асырады.

Slide 5

Декларативтік және процедурлық жад

Мамандар жадты осы екі түрге бөледі.

Декларативтік - ол сіз таңертеңгі аста не жедіңіз не жұбайыңыз не сатып алуды тапсырғанын, яғни нақты оқиғаларды сақтайды және процедурлық жад поштаны қабылдауды, машинамен жұмысқа бару, яғни ойланбайтын әдеттерді іске асыруға көмектеседі.

Аудармашыларға жадтың екі түрі де қажет. Декларативтік жад бір кезде сөздіктен қараған сөздің мағынасын еске түсіруге көмек етеді, процедурлық оны аудару кезінде дұрыс пайдалануға көмектеседі.

Процедурлық жад аудармашыға түйсіксіз өңдеу үшін, ал декларативтік түйсікті үшін қажет.

Процедурлық жад аударуды тез жүргізуге, ал декларативтік пайда болған қиындықтардан болмайтын және ақылға қонғысыз аударуды жасағанда қолданады.

Slide 6

Интеллектуалды және эмоционалды жад

Ғалымдар жадтың екі түрін ажыратады. Гиппокамп арқылы жүйке жүйесін фактілерді тіркеу қолданып, ал мишық миндалина арқылы сол фактілерге біздің қатысымызды жазады.

Гоулмен жазғандай, мишық миндалина эмоционалды жад ояту оқытуға ықпал етеді. Бізге ұнайтын, қобалжытатындарды еске түсіру оңай және есте көп сақталады, ал немқұрайдылар бұлай сақталмайды. Нағыз, айқын еске түсіру эмоционалды болады. Бірінші сүйіскен, үйлену тойы, баланың тууы, әр түрлі қуанышты не қайғылы жағдайлар, адам өмірін өзгерген кезеңдер. Аударудан қанағат алуды, білу, жаңашылдықты қабылдауға дайын болуды аудармашы қалыптастырады.

Slide 7

Контекст

Еске сақтау кезіндегі маңызды роль

атқаратын ассоциациялардың қа-

лыптасуына қоршаған ортаның

құбылыстары мен объектілері

маңызды, оларсыз, біз оқшауланған

фактілерді ғана білеміз, контекст

айналасында бір тұтастың бөлшегі болып табылады.

Жазып не әріптесімен сөйлескенде адамның контекстіне сөздер мен орамдарды енгізу автономды жаттаудан гөрі еске сақтауды жеңілдетеді. Ақпаратты меңгеру тұрмыстық және мәдени жағдайда ассоциативті тізбекті құруға көмектеседі, сол ақпаратты қайтадан жасауды жеңілдетеді. Кейде, бір нәрсені сатып алуға бара жатып, жолда қандай зат екенін ұмытып қаласың, оны еске түсіру үшін қай жерде керек болса сол жерге қайта барасың. Зат қай жерде ұзақ уақытқа есте сақталса, сол еске сақтауды сілкіп, затты еске түсіреді.

Сыртқы жағдайларға қатыссыз, ауызша аудармашылар барлық жерде жұмыс істейді, сондықтан олар өздерін жұмыс жағдайларына бейімделуді қалыптастыру керек.

Slide 8

Релеванттық

Неғұрлым қызығушылық болса, соғұрлым оңай еске сақталады. Сіздің өмірге байла-нысы жоқ нәрсе бір құлақтан кіріп екіншісінен шығады.

Жасанды жағдайда ауди-торияда аударғаннан, ақшаға аударғанға әлде қайда оңай үйренеді.

Сондықтан емтиханға сөз-дер жаттаудан гөрі, белгілі мақ-сатқа арналған, досына ақпарат хабарлау не аударманы аяқтау есте оңай сақталады.

Slide 9

Бірнеше рет кодтау


Ұқсас жұмыстар
Аударма талаптары мен сапа критерийлері: қазақ ісқағаздарын аудару және аудармашының кәсіби этикасы
Оперативті жад пен кэш-жад: түрлері, модульдері және техникалық сипаттамалары
Басқару процесінің психологиясы және басқарудың психологиялық теориялары: мақсаттар, миссиялар және жоспарлау
USB флэш-жад: құрылымы, түрлері және төзімділігі
Мектепке дейінгі балалардың ой-өрісі мен сөздік қорын дидактикалық ойындар арқылы дамыту әдістемесі
Жас аудармашыларға нұсқау: аудармашының міндеттері мен теориялық негіздері
Басқару процесінің психологиясы және басқарудың психологиялық теориялары: мақсат қою, жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және қадағалау
Оқу процесінің формалары және ұйымдастыру түрлері
Аудармашының лингвистикалық ерекшеліктері: аударма бірліктері, эквиваленттілік және сөйлеу әрекеттері
Таным процестерінің психологиясы: негізгі ұғымдар мен түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz