Тағамдық өнімдердегі токсиндік затты анықтауда қолданылатын заманауи әдістер, техникалық аппаратуралар



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті Аграрлық факультеті БӨЖ Тақырыбы: Тағамдық өнімдердегі токсиндік затты анықтауда қолданылатын заманауи әдістер мен техникалық аппаратуралар
Орындаған: Олжабаева М. О. . Тексерген: Билялов Е. Е. Топ: ВС-203
Семей, 2015 жыл

ЖОСПАР:
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Тағамдық өнімдердегі токсиндік затты анықтауда қолданылатын заманауи әдістер
2. 2. Тағамдық өнімдердегі токсиндік затты анықтауда қолданылатын заманауи аппаратуралар
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

I. КІРІСПЕ
Өсімдіктерді әртүрлі зиянкестерден қорғау мақсатында қолданылатын дәрі-дәрмектер: хлорорганикалық қосылыстар (ХОҚ), фосфорорганикалық қосылыстар (ФОҚ), құрамында сынап бар пестицидтер (улы химикаттар) және қора-жайларды залалсыздандыратын дәрі-дәрмектер ауыл шаруашылық малдары үшін өте қауіпті деп саналады.
Бұл дәрі-дәрмектер малды уландырып қана қоймайды, жануарлар өнімі арқылы өте аз мөлшерде болса да адам денесіне өтіп, адамдарды да уландырады. Кейбір хлорорганикалық және құрамында сынап бар улы химикаттар мал денесінде жиналып, адам денесіне түскенде ыдырап, адамды қатты уландырады. Олар ұзақ уақыт сақтағанда да, мұздатқанда да ыдырамайды.
Сойыс өнімдерінің тағамдық сапасы оның құрамындағы улы заттардың саны және оның организмге әсер ету деңгейіне байланысты болады.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 2. 1. Тағамдық өнімдердегі токсиндік затты анықтауда қолданылатын заманауи әдістер
Мышьякты анықтау (қышқылды цинк әдісі), Мышьякты анықтау мышьяктың сутекті мьшьякка дейінгі қосылысын түзуге негізделген. Ал бұл қосынды азотты қышқыл күміспен не 5 % мүсәтірдің спирттегі ерітіндісімен қаныкқан қағазбен боялады. Зангар-Блек қондырғысының пробиркасына 5 г өнім салып, оның үстіне 2г. түйіршектелген мырыш салып және 1:4 арақатынасындағы 5-10 мл күкірт қышқылын қосады. Сонан соң, бетін жауып қосымша қондырғы орнатады. Қосымша қондырғының ішіне 5% сірке қышқылды қорғасын ерітіндісі сіңдірілген мақта не сүзгіш қағаз салынады (күкіртті сутегіні сіңдіру үшін) . Мышьякты бекіту үшін қосымша қондырғыға 5% мүсәтір ерітіндісі сіңірілген сүзгіш кағаз да салынады. Колбаны қосымша қондырғы бір сағатқа қойғанда, мүсәтір қағазының түсі өзгермесе, реакция теріс деп саналады. Егерде реакция оң нәтиже берсе, мүсәтірлі қағаз бұлыңғыр-сарьт түске боялады. Мүсәтірдің санын стандарт шкаладағы бояумен салыстыру арқылы анықтайды.

Сынапты, мысты және мырышты табуға арналған зерттеулер
Өнімдердің үлгісін алдын-ала ұсақтап (5-10г), күкірт және азот қышқылын қосып, күлге айиалдырады. Үлгі толық күлге айналған соң, құрамындағы мысты, сынапты және мырышты сапалық реакциялармен анықтайды.
Сынапты анықтау. Сүзгіш қағазға иодты мыс қосындысынан бір тамшы тамызып, 2-3 минуттан сол орынға минералды-қышқыл ерітіндіден бір тамшы тамызады. Егер сынап бар болса, сүзгіш қызыл не қызыл-сары түске боялады.

Мырышты анықтау. 4 % тиомочевина ерігіндісі қаныққан сүзінді қағазға бір тамшы бейтарапты қаныққан аммиакпен зерттелетін сұйықты тамызады. Сүзінді қағазды бір минут бойы қаныққан аммиак ерітіндісі бар ыдыстың аузында ұстап, ауада кептіреді.
Сонан соң зерттелетін сүйық тамызылған сүзіндіге бір тамшы дитизон тамызады. (10 мл бензолда 10 мг дитизон бар) . Егер зерттелетін сұйықта мырышы бар болса, сүзінді қызғылт-қызыл не ашық қызыл түске боялады.
Зерттеулер жүргізіп жатқанда бақылау тәжірибелерін қояды. Ол үшін зерттелетін сұйыктың орнына сүзіндіге бір тамшы дистилденген су құяды. Бұл әдіспен мырыштың сандық мөлшерін де анықтауға болады. Ол үшін мырыштың белгілі концентрациясын жасай отырып, стандартты шкала дайындалады.
Мысты анықтау. Алдын ала кремнийлі қышқыл натрий ерітіндісі сіңдірілген сүзінді қағазға зерттелетін сұйықты тамызады. Сонан соң бұл қағазды концентрациясы жоғары аммиак ерітіндісі құйылған ыдыс аузында бір минут ұстайды. Сүзінді қағаздың ерітінділері тамызылған орынға 1% рубеанды сутегі қышқылын тамызады. Егер мыс бар болса, сүзінді қою жасыл түске боялады.

Тиофосты анықтау
5-10 ет сынамасын 30-40 минут бойы спиртпен өңдеп, сүзеді. Әрбір спиртті ерітіндінің бір тамшысына сәйкес бір тамшы 15 % күйдіргіш натр ерітіндісін қосады. Егерде сары түс пайда болса, көгертетін кышқылдың бар екенін көрсетеді. Егерде тиофосты өсімдіктерден, жидектерден, жапырақтан анықтау қажет болса, онда зерттелетін заттың үстіне сүзгіш қағазын жауып, оған бір тамшы спирт және 15% күйдіргіш натрийдың бір тамшысын тамызады. Егер де сары түс пайда болса. тиофостың бар екенін көрсетеді.
Тиофостың мөлшерін анықтау ушін 50у, 25у, 10у, 5у тиофосы бар стандарт шкала дайындайды. Пробиркага ерітіндіден 1 мл алып, үстіне 1 мл дистилденген су және 0, 2 мл 15 %-ті күйдіргіш натр қосады.

Севинді анықтау
5-10 г сынаманың үстіне 30-40 мл күкіртті эфир құяды да, 60 минут ұстайды. Сонан соң оны сүзіп, эфирді бөлме температурасында буландырады.
Құрғақ қалдықта улы химикат пен май бар. Майды құрғақ қалдықтан бөлектеу үшін, қүрғақ қалдықты 50% сгіирттің судағы ерітіндісімен езіп, суықта ұстаған соң сүзеді. Май сүзгіш қағазда қалып қояды. Ал сүзіндіге диазореактив косса, түсі ашық қызғылт түстен ашық кызыл түске боялады. Сүзінді түсінің боялу дәрежесіне қарап, севиннің мөлшерін анықтайды.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz