Психология тарихы және жаңа бағыттары


Slide 1

Орындаған: Өтебекова А. Группа: Пх-415

ХХ ғасырдың 2 жартысындағы психологияның жаңа бағыттары

Психология тарихы

Slide 2

Бихевиоризм

Гештальт психология

Функционалисттік бағыт.

Гуманисттік бағыт

Трансперсоналды психология

диалектикалық- материалистік бағыт

Психология

Фрейдизм бағыты

когнитивті психология

Slide 3

Маслоу Брунер

Slide 4

Когнитивті психология

Психологияның аса маңызды артықшылығын танытқан ғылыми ағым когнитивті психология болды. 60-шы жылдардың аяғында АҚШ-та бұл бағыт бихевиористтердің әрекет-қылық талдауында психологиялық элементтерді елемеуі мен танымдық дамуды ескермеуіне қарсылық білдірумен ғылым сахнасына келген еді. Когнитивті психологияның көрнекті өкілдері -Дж. Брунер, Д. Норман, Л. Фестингер, Ф. Хайдер, У. Найсер, П. Лиднсей, Г. Саймон. Когнитивті психологияның негізгі зерттеу аймағы танымдық процестер - ес, тіл мен сөздің психологиялық қырлары, қабылдау, ойлау, зейін, қиял және танымдық даму.

Slide 5

Трансперсоналды психология

Трансперсоналды психология адамды рухани ғарыштық тіршілік иесі ретінде және әлеммен, ғарышпен, адамзатпен тікелей қатыстығын қарастырады. Сонымен қоса ақпараттық ғарыштық алаңға кіруге мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Ол адамның санасыз психикамен байланысты болатынын, оған адамзаттың «санасыз ұжымының» ғарыштық ақпараттық «әлемдік санасымен» байланысты болатынын жатқызуға болады.

Slide 6

Трансперсоналдық психология бағыттың көрнекті өкілдері :

К. Г. Юнг

Р. Ассаджиоли

А. Маслоу

Жаңа қозғалыс (трансп. пх-я) үшін басты тұтқа психологиялық препараттар (ЛСД), хлотроптық арту мен ребефинг әдістерін қолданумен байланысты клиникалық зерттеулер болды (С. Грофф) .

Slide 7

Трансперсоналдық психология орталығында-«тұлғаның шегіндегі психологияда»-толықтық, рухани қайта туылу мен негізгі құндылықтардың ауысуына әкелетін қобалжулар мен сана жағдайының өзгерісі жатады. Бұл бағыттың лидері- ребефинг деп аталған хлотроптық демалу әдісін өндеген С. Грофф.

Slide 8

Трансперсоналдық келісті адамның түсінігіне эмперикалық бекіту Станислав Гроффтың 30 жылдық зерттеуін берді. Ол адам санасында шектеулер жоқтығын дәлелдеді және сананың тәжірибиесінен шетте жатқан психиканың төрт аймағын бөліп көрсетті:

сенсорлық кедергі;

дара санасыздар;

өлім мен туылу деңгейі (перинаталдық матрициялар)

трансперсоналдық аймақ.

Көптеген адамдарға барлық төрт деңгейдегі қобалжулар да жетімді. жеткілікті. Бұл қобалжуларды денемен жұмыс, музыка (ребефинг, голотроптық батыру), демалу қолданылатын эксперименталдық психотерапияның қазіргі келістерінде немесе психоістік препараттармен жасалатын сеанстарда бақылауға болады. Қобалжуға әр түрлі діни ғұрыптар, шығыстық рухани тәжірибиелер әсер етеді. Мұндай түрдегі көп жағдайларды сананың мардымсыз жағдайларындағы күтпеген эпизодтарда байқауға болады.

Slide 9

Сенсорлық кедергі. Санасыз аймаққа эмперикалық кіруге мүмкіндік беретін барлық техника сезім органдарын алғашында белсендіреді: денедегі әр түрлі физикалық сезімдер, (физикалық кедергілер), мекен, мазмұндық эмоциялар (адамның белгілі бір себепсіз жылағысы немесе күлгісі келуі-эмоционалдық кедергі ), көру бейнелерінің өзектелуі (түрлі түсті дақтар, геометриялық формалар, әр түрлі пейзаждар көзді жапқанда көрінуі мүмкін-бейнелік кедергілер), есту аймағындағы өзгерістер құлақта әр түрлі шуыл дыбыстардың болуынан және дененің әр бөлігінде сезімдердің болуынан көрінеді және т. б. Осы барлық сенсорлық қобалжулар санасыз психикалық аймаққа бармас бұрын жеңуді қажет ететін сенсорлық кедергіні көрсетеді.

Дара санасыздықтар. Санасыздықтар аймағы-адам өміріндегі барлық жағдайлар-шешілмеген қақтығыс, естен шығарып тастау және жарақаттаушы ойлар санадан шығуы мүмкін, қобалжулардың жоғарғы маңыздылығы бар туылғаннан қазіргі уақытқа дейінгі адам өмірінің жағдайлары -қайтадан алаңдауға ұшырайды. Өмірбаяндағы еске алулар жеке көрінбейді, динамикалық үйлесімді-кондерсирлік тәжірибие жүйесін (КТЖ) құрады. КТЖ бұл сол немесе басқа типтегі жедел сезімнің, сол немесе басқа сапаның күшті эмоционалдық қуатына біріктірілген адам өмірінің әр түрлі кезеңдеріндегі еске алулардың динамикалық үйлесімделуі. Адамның өмірінде болған психологиялық жарақаттар саналы деңгейде ұмытылуы мүмкін, бірақ психиканың санасыз аймағында сақталып, астма, мигрен, сексуалдық бұзылыстар, қорқыныш-фобиялар, қобалжу, депрессия сияқты-эмоционалдық және психосоматикалық бұзылыстарға әсер етеді. Өмірге қауіпті психожарақаттар психикаға таңба қалдырады.

Slide 10

Өлім мен туылу деңгейі (перинаталдық матрициалар) . Егер өмірге қауіпті дара санасыздықтың өмірбаяндық деңгейіндегі жағдайлар өліммен күрескен адамның өзін-өзі зерттеу уақытында кездессе, келесі санасыздық деңгейінде әрбір адам туылғанда өлім шегінде бір уақытта болғандықтан, өлім сұрағы әрбір адам үшін әмбебап. Бұл деңгейде болатын барлық қобалжуларды биологиялық туылудың қайта өмір сүруіне жатқызуға болмайды, тектілік жарақат процесті құрайды. Сондықтан С. Грофф бұл аймақты санасыздық перинаталды деп атады. Санасыздықтың перинаталдық деңгейіне эмоционалдық жағдайлар, сезімдер мен күшті энергиялар кіреді. Ол психопатологияның көптеген формаларының дамуы үшін қатысты айырмашылығы жоқ матрица мен әмбебап ретінде функцияландырады. Қандай периниталдық матрициада баланың шынайы жарақаты көрінсе әр түрлі жағдайдағы жағымсыз элементтердің шектелуін күтуге болады. Лифтегі ұмтылып туу немесе туу үйіндегі жолдағы такси мен қысқыштарды немесе басқа амалдарды қолдану арқылы елу сағат ұзақтылықпен туу арасында айырмашылық бар.


Ұқсас жұмыстар
Психология тарихы. ХХ ғасырдың 2 жартысындағы психологияның жаңа бағыттары
Кеңестік психология ғылымының даму бағыттары
Психология пәні, міндеттері мен мақсаттары
Балалар нейропсихологиясы
Практикалық балалар психологының психологиялық білімін жетілдіру жолдары
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ. ПӘН ФИЛОСОФИЯ
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЖАЛПЫ
Психология жан туралы ғылым
Басқару психологиясының даму бағыттары
Адам психикасы және Психология гылымының даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz