Антропогендік іс әрекет және гидросфера, антропогенез, педосфера


Slide 1

Антропогендік іс әрекет және гидросфера. Антропогенез және педосфера. Геожүйелермен экожүйелердің жер-топырақ ресурстарының күйіне антропогендің әсер етудің зардаптары.

Орындаған: Кусайнова Б

Тексерген:Кабышева Ж. К

Slide 2

Антропогендік іс әрекет және гидросфера.

Антропогендік фактор (грек. anthropos - адам, genos - тегі, пайда болуы, лат. factor - іс-әрекет) - адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ. ) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Интернет жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16, 8 млн. га тропиктік ылғалды орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны, өсімдіктердің 25 - 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт диоксиді, азот және көміртек оксидоксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз болып отыр.

Slide 3

Антропогенез және педосфера.

Антропогенез (грек. anthropos - адам, genesіs - шығу тегі) - антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді. Чарлз Дарвиннің эволюциялық білім жүйесі бойынша адам тегі адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биол. жағынан бір түрге жатады деп дәлелденді. Бұл ілім адам эволюциясын үлкен үш дәуірге бөледі:

ең алғашқы адам тегінің өкілдері болып адам тәрізді маймылдар (антропоидтер) саналады. Олар негізінде екі аяқпен жүріп, қимыл жасаған. Дайын табиғи тастарды, таяқты және жануарлар сүйегін сол күйінде қол қаруы ретінде пайдаланған. Бұларды ғылымда жоғары сатыға дейін жетілген екі аяқты приматтар деп атайды. Өмір сүрген кезеңі бұдан 2-3 млн. жыл бұрын;

эволюция даму жолдарымен жетілгендер қатарына архантроп пен палеоантроптар жатады. Олар қолдан құрал-саймандар жасай білген және қауымдасу түрі біршама жүйеленген. Тіршілік еткен уақыты бұдан 1 млн. жыл бұрын;

ең соңғы эволюция дәуірде бүгінгі адамдардың түрі - неантроптар қалыптасқан. Бұлар соңғы палеолит дәуірінде, яғни 40-50 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ең алғашқы приматтар өкіліне австралопитектер жатады. Олардың сүйектерінің көп табылған жерлері Оңтүстік және Шығыс Африканың ашық қыраттары. Бұлардың тік жүргендігі, тастан қарапайым құралдар жасап пайдаланғандығы анықталды

Slide 4

Педосфера.

Педосфера (гр. pedon - топырақ және гр. sphaire - шар) - планетаның, атыраптың топырақ жамылғысы, топырақтың түзілу процесінің өтуі.

Slide 5

Геожүйелермен экожүйелердің жер-топырақ ресурстарының күйіне антропогендің әсер етудің зардаптары

Гидросфераға антропогендік факторлардың әсері

Кіріспе

Танысу


Ұқсас жұмыстар
Антропогендік іс әрекет және гидросфера. Антропогенез және педосфера. Геожүйелермен экожүйелердің жер-топырақ ресурстарының күйіне антропогендің әсер етудің зардаптары
Антропогендік іс әрекет және гидросфера. Антропогенез және педосфера
Антропогендік іс әрекет және гидросфера
ГИДРОСФЕРА ТУРАЛЫ
БИОГЕНДІ КЕЗЕҢ
Биосфера қабаттары
Антропогендік əсер факторларын бақылау
Адам іс-әрекетінің литосфераға әсері
Антропогендік əсер тигізетін көздерді бақылау
Геоэкология жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz