Нұрғиса Тілендиев өмірбаяны
Презентация қосу
НҰРҒИСА
ТІЛЕНДИЕВ
ӨМІРБАЯНЫ
Туып өскен жері - Алматы облысының Іле ауданына қарасты
Шилікемер ауылы. Топырақ бұйырған жері Жамбыл
кесенесінің іргесі.
Мәскеудің П.И.Чайковский атындағы консерваторисының
дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы
бойынша) бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және
балет театрында (1953-1961), қазақтың Құрманғазы
атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар
оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің
ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы»халық
аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін
атқарды. Сондай ақ, 1968
жылдың «Қазақфильм»киностудиясы музыка
редакциясының бас редакторы болып істеді. Қазақстанның
халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығының иегері, КСРО ның халық әртісі. Қазақстан
Республикасы Президентінің жарлығымен Н.Тілендіұлына
1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
ТУЫНДЫЛАРЫ
Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер,
орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам музыкалық
төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран
қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет. Сүйікті
шығармаларынан«Достық жолымен» (1958), «Менің Қазақстаным» контатасын (
1959), Қ.Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961), «Ата
толғауы» және оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962), «Халық
қуанышы» (1963), «Қайрат» (1964), «Жеңіс солдаты» (1975) сияқты
увертюраларын атауға болады. Оның«Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы»,
«Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби
сазы» сияқты күйлері мен «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз
елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік
қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани
қазынасына айналған. Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан
астам фильмге музыка жазған. Тілендіұлы Нұрғиса музыкасын жазған
М.Әуезовтың, Ш.Аймановтың, Т.Ахтановтың, Ә.Тәжібаевтың пьесалары, сондай-
ақ «Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа», «Қарлығаштың құйрығы
неге айыр», «Ақсақ құлан» фильмдері әлдеқашан қазақ сахнасы мен экран
өнерінің классикасына айналған. Ол Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге...»,
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім...», «Ішім өлген, сыртым сау...», «Қызарып,
сұрланып...» өлеңдеріне ән шығарған. Сонымен қатар қазақ ақындарының
өлеңдеріне «Ғашыққа мойын қой», «Абай арманы», «Әйгерімнің әні», «Ақынның
пайғамбары - Абай ата» әндерін жазды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты
МУЗЫКАЛЫҚ
МӘДЕНИЕТ
Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіндегі сал серілік
дәстүрдің соңғы тұяғы. Ол өнер туындату барысында уақыттың
идеологиялық өктемдігіне, ассимиляцияшыл әсіре үрдісіне мүлде
мойын ұсынбастан, өзінің тәңір дарытқан төлтума қалпынан қылдай
ауытқымай жүріп, шығармашылық даралығын сақтап қала алды. Бұл
ретте, Нұрғиса жерден қуат алатын Антей сияқты, қазақтың
музыкалық дәстүріне табанын нық тіреп тұрып, өзінің арман аңсарын
еш жасқанбастан дыбысқа айналдыра білді. Ол өз заманының
музыкалық танымын терең игерген кәсіпқой музыкант бола тұра
суырыпсалмалық дәстүрді ұдайы шабыт тұғыры етіп отырды. Былайша
айтқанда, көргенді күйттеп, естігенді жаттап отыратын оркестрлік
қасаңдыққа Нұрғиса буырқанған шабыт еркіндігін дарыта білді. Бұл
рете, Нұрғиса сахараның ақ бас абыздары сияқты, өз үнін көп дауысқа
тұншықтырмай, өз лебізін көп даңғазаға ілестірмей, қазақтың дәстүрлі
музыкалық тіліндегі дарашыл қасиетті (монодийность) тәу етіп өтті.
Нұрғисаның композитор, дирижер, орындаушы ретіндегі ойы көпке
ортақ, тілі көпке түсінікті. Егер, салсерілер өнері адамның жан
жүрегіне бағытталуымен дараланса, сол ұлы дәстүр Нұрғисаның да
барша шығармашылық болмысында аста төк болып, шалқып шашылып
жатты. Дәл осы тұрғыда Нұрғиса қазақтың дәстүрлі музыкасының әрін
тайдырмастан, нәрін жоғалтпастан тек қана өзіне тән
профессионализмді қалыптастыра алды.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz