Азаматтық, қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім


Slide 1

Азаматтық, қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім тұралы ұғым. Орындаған:Турарова Ж. Б. топ:Е-413 Тексерген:Жакпарова Г. А.

Slide 2

Елжандылық - тарихи тамыры терең әлеуметтік, саяси, психологиялық құбылыс. Ол ұлттардың арасындағы демократиялық дүниетанымға, адамгершілікке, бөтенді жатырқамайтын қазақы ұлттық менталитет пен дәстүрге негізделген. Қазақ жерін барлық ұлттардың шынайы Отанына айналдыру, тілін, дінін дамытып, өркениет жолына салатын идеология мен саясат.

Slide 3

Елжанды болу - еліміздің азаматының аса маңызды адамгершілік қасиеті. Елжандылықтың мәні отанға деген терең және саналы сүйіспеншілік, оған берілгендік, оның табыстары мен жетістіктерін мақтан ету, оны бұрынғыдан да көрікті, құдіретті етуге ұмтылу. Отанға деген сүйіспеншілік адамдарды еңбек және жауынгерлік ерліктерге шабыттандырады, олардың өміріне қоғамдық маңыз береді және рухани байытады.

Slide 4

«Патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік».

Б. Момышұлы.

Slide 5

Патриотизм, әсіресе, қазақстандық патриотизм дәл бүгінгі таңда айырықша маңызға ие болып тұр. Тәуелсіз еліміздің ғаламдық өркениеттен өзінің лайықты орнын алуы үшін де бұл ерекше өлшемнің бірі екені даусыз. Сондықтан болуы керек, соңғы жылдары патриртизм отаншылдық, елжандылық мәселелеріне назар аударыла бастады. Әлбетте, бір мақалада оны бар ауқымда толығымен қарастырып шығу мүмкін де емес, сондықтан біз бүгінгі танда мәселенің өзекті деген тұсына тоқталуды жөн көрдік. Зерделеп қарасақ патриотизм, қазақстандық патриотизм ұғымдары кеше-бүгін пайда бола қалған жоқ. Сондықтан оның қалыптасуының себеп-салдарын, мен-мәртебесін жете байыптау және зерттеу керек екендігі байқалады. Рас, патриотизм, ұлтжандылық, елжандылық проблемасын тек кана соңғы он жыл көлеміндегі оқиғалармен, өзгерістермен орайластырып шектеп қалу жеткіліксіз. Бұл мәселе қоғамдық дамудың ілгерідегі кезеңдеріне де тән болған. Оны өрістетуде әртүрлі қоғамдык ұйымдар мен саяси институттар белгілі бір роль атқарған. Бірақ кеңестік идеологиядағы ұраншылық, науқаншылдық салдары патриотизм ұғымын жадағайландырып, оны әсіре-белсенділіктің құралына айналдырғаны жасырын емес. Сондықтан өткеннен сабақ ала отырып, бұл проблеманың саяси мәніне оның жаңа қоғамдағы алар орнын мұқият саралап қарастыру қажеттігі туындады. Себебі - өткеннің бәрі сабақ.

Ал раtriotes (грекше) - отандас деген ұғымды береді. Patris Отан, туған жер деген сөз. Патриотизм ұғымының мазмұнын түсіндіруде саяси сөздіктерде әр-түрлі критерийлер қабылданған. Оның себебі, патриотизмнің әлеуметтік - тарихи, саяси құбылыс болғандығында және заманына орай әртүрлі әлеуметтік мәнге ие болуына байланыстылығында. Кеңестік патриотизм Отанына, халқына сүйіспеншілік пен қатар интернационализмді, КСРО халықтары мен бүкіл дүние жүзі ұлттарына достықты қамтыған. Тоталитарлық режим құлап, саяси құндылықтар өзгерген тұста патриотизм ұғымын жаңаша ұғындыруға ғылыми талпыныс жасалуда.

Патриотизм Отан-анаға деген сүйіспеншілік, адам бойындағы қабілет қарым мен күш-қуатты, білім мен білікті, ақыл парасатты ел игілігіне жұмсау, атамекен мүддесіне арнау болмақ.

Slide 6

Ұлттың ұлт болып қалыптасып дамуы үшін ұлттық құндылығымыздың маңызы ерекше. Ұлттық құндылыққа - ұлтымыздың мәдениеті, әдебиеті, өнері, музыкасы, спорты, салт-дәстүрі жатады десек, қазақта «ата-қоныс» деген ұғым бар. Яғни, «ата-қоныс» қазақ үшін киелі жер болып саналады және осы көшіп-қонып жүрген жерлерінің тауы мен даласы, өзен мен көлдері, орманы мен құмы қазақ халқының аңыз-әңгімелеріне, өлең-жырларына, шығармашылығына арқау болған. Соның негізінде қазақ халқы өз алдына, тәуелсіз мемлекет болып өмір сүргенде оның тілі, мәдинетімен қатар әдебиеті де қалыптасып дамыған.

Біздің ұлттық мұрамызда халықтың ғасырлар бойы басынан өткерген тарихи тағдыры, арман-мұраты, мұң-мүддесі жатыр.

Slide 7
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім туралы ақпарат
Азаматтық, Қазақстандық елжандылық, этносарлық келісім туралы ұғым
Азаматтық,елжандылық,этносарал ық келісім туралы ұғым
Азаматтық,
Этносаралық келісім туралы ақпарат
«Азаматтық, қазақстандық
Азаматтық, қазақстандық, елжандылық, этносаралық келісім тұралы туралы түсінік
Елжандылық туралы ақпарат
Азаматтық,қазақстандық елжандылық,этносаралық келісім туралы ақпарат
Азаматтық, қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім тұралы ұғым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz