Өнеркәсіпте пайданылатын дрожжилар




Презентация қосу
Өнеркәсіпте
қолданылатын
дрожжилар.
Орындаған:Сағатова Ә.Н
Тексерген:Мирашева Г.О
Группа:БТ-407
Жоспар
Өнеркәсіпте қолданылатын
дрожжилар.
Қолданылған әдебиеттер
Бүршіктеніп көбейгенде, алдымен аналық жасушадан
төмпешік пайда болады да, кейіннен ол үлкейіп
бүршікке айналады. Одан кейін жас жасуша аналық
организмнен мүлдем бөлініп кетеді. Қолайлы жағдайда
бүршіктену екі сағатқа созылады. Көмірсу мен азотты
қоректік затқа бай ортада ашытқы саңырауқұлағының
бүршіктенуін жәй биологиялық микроскоптармен де
көруге болады.
Спора арқылы көбею оларда жыныстық және жыныссыз
жолдармен жүреді. Ашытқы саңырауқұлақтары
жасушасындағы споралардың саны екіден он екіге
дейін барады. Жыныссыз жолмен спора пайда болғанда
вегетативтік жасушалар ұсақ бөлшектерге бөлінеді де
олардың әр қайсысының сыртында қабық пайда болады.
Ал жыныстық жолмен спора пайда болған екі жасуша
қосылады да оның сыртында қабық пайда болады.
Споралардың пішіні дөңгелек немесе сопақша болып
келеді.
Ашытқы саңырауқұлақтардың систематикасы көбею
тәсілдері мен физиологиялық қасиеттеріне негізделген.
Олар екі тұқымдасқа бөлінеді: сахаромицеттер және
Сахаромицеттер. Бұларға мәдени ашытқы
саңырауқұлақтары жатады. Олар бүршіктену және
спора түзу арқылы көбейеді. Сондықтан бұларды
нағыз ашытқы саңырауқұлақтары деп атайды. Мәдени
ашытқы саңырауқұлағынан нан, шарап, сыра, ашытқы
саңырауқұлақтары жатады.
Өндірісте, әсіресе олардың сахаромицес церевидзе
және сахаромицес элипсойдеус деген түрлерінің
маңызы зор.
Сахаромицес церевидзе жасушасы шар немесе
жұмыртқа тәрізді. Олар шарап спиртін алу үшін, сыра
қайнатуда және нан ашытуда кеңінен қолданылады.
Бұлардың бегілі бір температурада және жағдайларда
тіршілік ететін жеке топтары – рассалары бар.
Ал сахаромицес эллипсойдеустің жасушасы эллипс
тәрізді, шарап өнеркәсібінде қолданылады, олардың
кейбір расалары шараптағы хош иісті түзуге тікелей
қатысады.
Сахоромицет емес ашытқы саңырауқұлағы негізінен жалған
ашытқы саңырауқұлақтар. Олай деп аталатын себебі:
ашытқы саңырауқұлақтарының спора түзуге қабілеті
болмайды, бүршіктену арқылы ғана көбейе алады.
Бұлардың көпшілігі әртүрлі өндірістегі өнімдерді
зақымдайды. Дегенмен олардың ішінде шаруашылық үшін
маңызды туыстары бар. Олар: торула және микодерма.
Торула туысына жататын ашытқы саңырауқұлақтары шар
тәрізді келеді және ашыту процесі барысында азғана
мөлшерде спирт түзеді. Торула айран деп аталатын өкілі
қымыз және айран сияқты сүт тағамдарын даярлауда
пайдаланылады, ал торула утилис–тағамдық және мал
азығы ашытқы саңырауқұлақтардың жасушасы ұзынша.
Олар спирт түзе алмайды. Бірақ ортадағы бар спиртті және
органикалық қышқылдарды су мен көмірқышқыл газына
дейін тотықтыра алады.
Құрамында спирті бар ішімдіктердің бетіне қонса,
микодерма қатпарланған қабықша түзеді де, оның иісі мен
дәмін бұза бастайды. Сонымен қатар микодерма сүт
тағамдарын, тұздалған жидектерді бүлдіріп, сірке және нан
ашытқы саңырауқұлағын жасайтын өндірістерге өте зиянын
тигізеді.
Олар ашытқыларды культивирлеу жағдайына,
қоректік орта құрамына, жасушаның
физиологиялық жағдайына байланысты.
Престелген ашытқыларда 67-75% су және 25-
33 % құрғақ заттар болады. Бұл кезде судың
бір бөлігі жасуша арасында болып, жасуша
сырты деп аталады, ал қалған су ашытқы
цитоплазмасының ішінде болып, жасуша ішілік
деп аталады.
Нан ашытқысындағы құрғақ зат элменттерінің
саны бойынша келесідей (%): көміртегі 45-49,
сутегі 50-70, оттегі 30-35, азот 7,1-10,8, фосфор
1,9-5,5, калий 1,4-4,3, магний 0,1-0,7, алюминий
0,002-0,020, күкірт 0,01-0,05, хлор 0,004-0,100,
темір 0,005-0,012, кремний 0,02-0,20.
Қолданылған әдебиеттер
Абдрахманов О. “Төменгі сатыдағы
өсімдіктер систематикасы”. Алматы:
Мектеп, 1972.-242 бет.

Овчарова Е.Н., Елина В.В. Биология
(растения, грибы, бактерии, вирусы).
ИНФРА-М, 2010 г.

www. wikipedia.ru

Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіпте қолданылатын дрожжилар туралы мәлімет
Өнеркәсіпте қолданылатын дрожжилар
Шұжықтарды дайындау технологиясы, гигиенасы, санитариясы және всс
Өндіріс қалдықтары және оларды екінші реттік минералды ресурс ретінде қолдану. Табиғи шикізатты алу және дайындау. Сақтау, сұрыптау, тасымалдау, ұсақтау, тазарту. Алюминий күкірт қышқыл өндірісінің жылу балансын есептеу
Өндіріс қалдықтары және оларды екінші реттік минералды ресурс ретінде қолдану. Табиғи шикізатты алу және дайындау. Сақтау, сұрыптау, тасымалдау, ұсату, тазарту
Комерциялық заңды тұлға
Параметрлерді сырттай реттейтін үздіксіз культивирлеу әдісі
Параметрлерді сырттай реттейтін үздіксіз культивирлеу туралы ақпарат
Бокс-Уилсон әдісі
Галогендердің жалпы сипаттамасы
Пәндер