Полимерлердің құрылымы және синтезі




Презентация қосу
ПОЛИМЕРЛЕРДІҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ
СИНТЕЗІ

Орындаған: Сағадатова Ләйлә
Монемері буын деп аталатын белгілі
құрамында қайталанып отыратын буындардан
құралған макромолекулалардың қосылысы
полимер деп аталады. Полимер термині
анықталмайтын ұғым болып саналады, себебі,
ол макромолекула көлемі туралы айтуға
болмайды.
Полимерлену – құрамында қос байланыстар
бар монемерлердің өзара немесе сақинаның
ашылуымен гетероциклдар әрекеттесу
нәтижесінде жоғары молекулалық
қосылыстардық түзілу процесі.
Шығу тегіне байланысты
полимер:

табиғи синтетикалық
жасанды
белоктар,нуклин полиэтилен,полиамид,
цилюлозаның қышқылы,каучук,
полистирол,фенолды ксантогенаты,
пектиндер шайыр нитраты,ацитаты
және т.б жатады
Полимер синтезделетін кіші молекулалы зат
мономер деп аталады. ЖМҚ кұрамының
күрделілігі оның молекулалық массасының да өте
үлкен болуын қамтамасыз етеді. "Үлкен", "кіші"
деген сөздер салыстырмалы шартты түрде
қолданылады. Сондықтан Мr < 500 болса, кіші
молекулалы, Мг >5000 болса, жоғары молекулалы
қосылыс деп саналады. Ал 500 < Мг<5000 болса,
онда олигомер (грек. "олигос" — "көп емес,
шамалы" деген мағынаны білдіреді) деп аталады
ЖМҚ синтездеудің түрлері:
1)Полимертизация – молекулалардың
макромолекула түзе бірігуі.
n(CH2 ꞊ CH2)→(-CH2 – CH2-)n
2)Поликонденсация – монемер
молекулаларының төмен молекулалы
заттар түзе қосылуын айтады.
3)Сополиметризация – екі не одан да көп
әртүрлі құрылымды мономерлердің
қосылуы.
Полимерлердің
қасиеттері
Полимерлердің молекулалық массасы әр түрлі және
құрылымының айрықша сипаты болуына байланысты, олардың
қасиеттерінің кіші молекулалы заттардың қасиеттерінен
айтарлықтай өзгешелігі болады. Кіші молекулалы заттар,
әдетте, өздеріне тән балқу, қайнау температураларымен және
басқа да тұрақты шамалармен, яғни константалармен
сипатталады.
Жоғары молекулалы қосылыстардың бірінші ерекшелігі —
мүлде жаңа орташа молекулалық масса түсінігінің болуы. Кіші
молекулалы заттар қасиеттерінің тұрақты болуы, олардың
молекулалық массаларының тұрақтылығында, ал жоғары
молекулалы қосылыстардың молекулалық массасы құрылым
буындарының санына байланысты өзгеріп отырады. Осыған
сәйкес қасиеттері де елеулі түрде өзгереді. Ұзындықтары әр
түрлі, бірақ бірдей химиялық буындардан тұратын
макромолекулалар полимергомологтар деп аталады.
Полимерлердің
қолданылуы.
Жоғары молекулалы қосылыстар машина
жасауда, құрылыста, ауыл шаруашылығында,
электртехникада, медицинада, т.б. көптеген
салаларда кеңінен қолданылады. Полимер
бұйымдарының бұрын байқалмаған қасиеттері
анықталып, өндіріске енгізілуде. Сондықтан
полимер бұйымдары адамзат игілігіне айналып,
техникалық өнердің, ғылымның жаңа қырынан
дамуына өзіндік үлесін қосуда. Полимерлердің
маңызы зор. Сондықтан оларды өндіру мен
тиімді пайдалану — халық шаруашылығын
дамытудағы негізгі бағыттардың бірі

Ұқсас жұмыстар
Полимерлердің құрылымы мен синтезі
Полимерлердің құрылымы және синтезі туралы
ПОЛИМЕРЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Табиғи, жасанды және синтетикалық ЖМҚ алу тәсілдері
Полимерлер өндірісі
Эпоксидті материалдар
ЖОҒАРЫ МОЛЕКУЛАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР ХИМИЯСЫ
Физиологиялық белсенді полимерлер
МЕДИЦИНАДА ЖМҚ ҚОЛДАНУ
Полимерлердің еру термодинамикасы
Пәндер