Қара бидай квас уытын дайындау. Квас туралы түсінік


Slide 1

БАӨЖ №4 Қара бидай квас уытын дайындау

Орындаған: Дарибаева Т.

Тексерген: Рахимова Ш. М.

Slide 2

1) Квас туралы түсінік. 2) Квастың түрлері. 3) Технологиясы. 4) Ашытқы, уыт. 5) Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

ЖОСПАРЫ :

Slide 3

Квас- уыт қосып, қара бидай ұнынан немесе нанынан дайындалған қышқылтым сусын; сондай-ақ оны салқын, сұйық тағамдарды -окрошка, қызылша сорпасын және бірқатар ұлттық тағамдарды дайындауға пайдаланады. Сауда орындарына квастың дайын түрі түседі. Квасты үйде де әзірлеуге болады: қара нанды тілімдеп кесіп, қызарғанша духовкада кешіреді. Кегірілген нанды 3-4 сағат қайнаған суға салып қояды. Квас шыны не эмальданған ыдыста дайындалуы тиіс, өйткені ол алюминий ыдыста қышқылданады. Алынған қоймалжыңды сүзіп, езілген ашытқы, қант жалбыз қосып, бетін жауып, 10-12 сағат ашытуға қояды. Көбіктенген кезде қайталап сүзіп, бөтелкелерге құяды да, әрқайсысының ішіне аздап жүзім салады. Бөтелкелердің аузын қайнаған суға батырылған тығынмен жауып, жіппен байлайды да, бөлмеде 2-3 сағат ұстап, содан кейін суық жерде сақтайды. 3 күннен кейін квас дайын болады. 500 г кепкен қара нанға: 4-5 л су, 10-12 г ашытқы, 100 г қант, 10 г жалбыз, 25 г кептірілген жүзім қажет.

Slide 4

Квас - алкогольсіз сусындардың бірі. Мыңдаған жылдар бұрын ойлап шығарылған сусын бүгінде де үлкен сұранысқа ие. Қара бидай мен арпа уытынан өндірілетін квас дәмді әрі ағзадағы процестерді ретке келтіруші сусын болып табылады. Ағзаға әсер етуі жағынан оның айран мен қымыздан айырмашылығы жоқ. Квас ұйыған сүт өнімдері сияқты ас қорыту жүйесін реттеп, зиян және ауру туғызатын микробтардың пайда болмауын қадағалайды, адамның көңіл-күйіне жағымды әсер етеді, зат алмасуды, жүрек-қантамырлары жүйесінің жұмысын жақсартады. Квас өндірісі - 100 % табысты бизнес түрі. Квас бизнесінің негізі - квас өндіру және оны сату.

Slide 5

Квас түрлері Квас өндірістік жағдайда да, үйде де оңай дайындалады. Үй жағдайында ашыған квас жасау үшін әдетте, ашытқы, кептірілген нан, қант пайдаланылады. Сусынға ерекше дәм беру үшін оған жидек, жалбыз, хмель, алма, алмұрт, жүзім мен басқа да өнімдер қосылады. Квас ұнның, нанның, судың, уыттың түрлі сорттарынан жасалады. Ол ұйыған сүт өнімі мен ішінара крахмалдан өндірілетін қант қосындыларының ашытқысы болып табылады. Квас дайындауда қара бидай, арпа, бидай, қарақұмық, сұлының ұны; нанның қара бидайдан, бидайдан жасалған түрлері; сұлы мен қара бидайдың уыты қолданылады.

Slide 6

ТЕХНОЛОГИЯСЫ Квастың түр-түрі бар. Алайда олардың дайындалу әдісі бірдей. Алдымен қою негізді (нан, ұн, т. б. ) сумен араластырады, оған ашытқы мен дәмдік (мысалға: қант, бал, жүзім, шырын), ароматтық қоспалар(жалбыз, имбирь және т. б) қосады, алынған қоспаны ашытады. Нәтижесінде осындай сусын пайда болады. Квасты жасау процесі шамамен екі күнге созылады, оның толық дайын болуы үшін тағы екі күн қажет. Бірінші күні қоспаға қайнатылған жылы су құяды. Екінші күні сұйықтыққа қант қосады (10 литрге 1 кг) . Сұйықтық пен квасты ашыту үшін 12 сағатқа жылы жерге қояды (осы уақытта көп көбік пайда болады) . Сосын сұйықтықты шыны бөтелкелерге немесе банкаларға құйып, тығындайды. Тағы 12 сағат өткен соң суық жерге апарып қояды. Жақсы квастың құрамында көмірқышқыл газы көп болады, сондықтан қақпақты ашқан кезде дыбыс шығады. Квастың жарамдылық мерзімі әрі кетсе 4-5, одан кейін сусын ашып кетеді, ішуге жарамсыз болып қалады. Сонымен қатар, пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Квасты сақтаған кезде ауасы желдетілетін таза жерге қою керек. Дұрыс дайындалған квас 2-3 айға жуық сақталады.

Slide 7
Ұқсас жұмыстар
Қара бидай квас уытын дайындау
Уыт өсірудің морфологиялық және физико-биохимиялық процесстері жайлы
Уытты кептіруде биохимиялық және химиялық процесстер
Уытты кептіруде биохимиялық және химиялық процесстер туралы
Уыт өсірудің морфологиялық және физико-биохимиялық процесстер
Уыт өсірудің морфологиялық және физико-биохимиялық процесстері
Бидай ұнынан дайындалған нан
Спирттік ашу процесінен алынатын өнімдер
Ашытқы клеткаларының мөлшері
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НАН ӨНІМІНІҢ ДАМУЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz