Қан патологиясы,қан тамырлар жүйесі


Slide 1

Қан патологиясы, қан тамырлар жүйесі.

Slide 2

Қан патологиясы

Slide 3

Қан жүйесінің патологиялық физиологиясы

Қан-организм тіршілігіне қажетті маңызды функция атқарады. Қанның негізгі функциялары мыналар: қоректендіру, тыныс алдыру, бөлу, қорғану, жылу реттеу және коррелятивттік. Патологиялық жағдайда қан құрамы, оның морфологиясы, биохимиялық және физико-химиялық қасиеттері бұзылатындығы байкалады. Мұның өзі қан функциясын бұзып, бүкіл организм қызметіне әсер етеді.

Slide 4

Әр түрлі патология жағдайында айналыстағы қан мөлшері және эритроциттер мен плазма арасындағы қатынас түрліше өзгереді. Мұндайда жалпы қан көлемі мынадай формада өзгеретіндігі байқалады: гиперволемия және гиповолемия.

Slide 5

Гиперволемияның үш түрі бар

Қарапайым гиперволемия- формалық элементтер мен плазманың біркелкі көбеюі. Бұл денеге көп мөлшерде қан құйғанда, қарқынды дене жұмысы кезінде тамыр арнасына қан мен ткань сұйығы көптеп келгенде уақытша байқалатын сирек құбылыс.

Олигоцетемиялық гиперволемия- жалпы қан мөлшерінің ондағы сұйық есебінен көбеюі, ал формалық элеметтердің азаюы. Сол себептен гемотокрит көрсеткіші кемиді.

Полицетемиялық гиперволемия- эритроциттер есебінен қан көлемінің көбеюі. Эритроциттердің көбеюі қан құрайтын органдарда қатерлі ісіктің зардабынан, ал биік таулы жағдайда компенсаторлық сипатта болуы мүмкін. Мұндайда гематокрит көрсеткіші ұлғаяды.

Slide 6

Гиповолемияның үш түрі

Қарапайым гиповолемия- клетка элементтері мен плазманың біркелкі кемуі. Көп қан кеткенде немесе талықсыған кезде қанның едәуір көлемі айналысқа қатыспағанда пайда болады.

Олигоцетемиялық гиповолемия- Эритроциттер мөлшерінің, яғни эритропоэздің кемуі есебінен қан көлемінің азаюы. Көп қан кетіп, азайған қан көлемі тамыр арнасына ткань сұйығының келуі арқылы толғанда байқалады .

Полицетемиялық гиповолемия- қанның сұйық бөлігінің кемуі есебінен оның көлемінің азаюы. Мұндайда эритроцит мөлшері бірқалыпты болады. Алайда қан қоюланғандықтан оның оның көлем бірлігі бойынша эритроциттер көбейеді.

Slide 7

Эритроциттердің сандық және сапалық құрамындағы өзгерістер.

Эритроциттердің өнімі және эритроциттердің бүлінуі процестрі организмде тепе теңдік күйінде болады осы процестердің өзара қатынастарының бұзылуы қандағы эритроциттердің көбейтуі (эритроцитоз, полицитемия) немесе кемітуі (анемия, олигоцетемия) мүмкін

Slide 8

Эритроцитоз- деп эритроциттер санының көбеюі арқылы қанның өзгеруін айтады. Эритроцитоздар абсолюттік және салыстырмалы болып бөлінеді.

Абсолюттік эритроцитозда эритропоэз процесі активтенгенде эритроциттер саны көбейеді. Мұның өзі әр түрлі формадағы гипоксиядан болуы мүмкін. Гипоксия жағдайында қандағы эритроциттер-эритропоэтиндердің гуморальдық қуаттандырғыштары ұлғаяды. Организмдегі эритропэтиндердің басты көзі-бүйрек.

Салыстырмалы эритроцитоздар организмде су азайғанда пайда болады. Мұндайда плазма көлемі азайып салыстырмалы эритроциттер көбейеді.

Slide 9

Эритремия- Вакез ауруы эритроциттердің де, гемоглобинніңде көп мөлшерде болуы. Эритромияда негізінен қан құрау жүйелері ауруға шалдығады. Эритромия кезінде қан тамырларында қоюланған қанның жалпы массасының артуы артерия қысымын жоғарлатады, жүрек жұмысы қиындайды, капиллярлар кеңейеді, оларда қан ағысы баяулайды, соның салдарынан тромбалар пайда болуы мүмкін. Тамырлар үнемі қанталағандықтан тері қызғылттанады.

Slide 10

Анемия және оның түрлері

Анемия немесе қан аздық деп, қан көлемінің бірлігімен салыстырғанда эритроциттер мен гемоглобиндер мөлшерінің азаюын айтады. Анемия әртүрлі аурулардан, уланулардан, қан құрауға қатысатын фактролардың жеткіліксіздігінен жілік майындағы гипоплпзиядан, эритроциттер гемолизінен т. б пайда болады. Анемия кезінде қанның тыныс алу функциясы бұзылады. Асқынған анемия жағдайында оттегі жетіспеушілігі ауыр зардапқа ұшыратып, организм өлуі мүмкін.

Slide 11

Қан құрау типі бойынша

Регенеративтік анемия- жілік майының гиперплазиясымен, эритроциттердің күшті бөлінуімен сипатталады. Анемияның бұл түрі көп қан кеткенде және эритроциттер гемолизінде байкалады.

Гипорегенеративті анемия- Анемияның бұл түрінде эритропоэз бұзылады немесе зардап шегеді. Қан құрайтын факторлардың жеткіліксіздігінен немесе организмде темірдің аздығымен, авитоминоздардан, ашығудан, үнемі қансыраудан, уланудан және инфекциялық аурулардан эритропоэз бұзылуы мүмкін.

Арегенеративті анемия- Мұндайда жілік майының функциясы едәуір тежеліп, эритропоэз процесі мүде тоқтауы мүмкін. Жілік кемігі сарғаяды.

Диэритропоэздік анемия - басқаша айтқанда эритроидты клеткалардың жетілген сатысына жетпей, жілік майы гемолизсалдарынан бүлінеді

Slide 12

Этиологиясы бойынша анемия былай болінеді

Постгеморрагиялық

Гемолиздік

Анапластикалық

Slide 13

Постгеморрагиялық анемия әр түрлі себептерден қансырау нәтижесінде пайда болады.

Гемолиздік анемия қан арнасында немесе қан құрайтын аппаратқа улы заттар түскенде эритроциттердің жаппай бүлінуінен пайда болады. Гемолиздік анемияда қан көбейгендіктен және ткань дерде билирубин пигменті жиналғандықтан сары ауруға айналуы мүмкін. Пайда болуына қарай туа пайда болған және жүре пайда болған гемолиздік анемия болып бөлінеді.

Анапластикалық анемия эритроциттердің жасалу және жетілу процестері бұзылады. Бұған мысал ретінде жылқының инфекциялық анемиясын атауға болады . Вирус жілік майын зақымдайды, эритропоэз кемиді, қызбаға шалдығады, өледі.

Slide 14

Эритроциттердің патологиялық формалары, гемоглобиноздар.

Әр түрлі анемияға эритроциттер гемоглобиндердің саны азаюы ғана емес, сондай-ақ эритроциттердің сапалық өзгеріске ұшырап, түсі, мөлшері формасы құрлымы және қасиеті өзгеруі де тән сипат.

Гемоглобиноз- эритроцитте патологиялық гемоглобиндердің болуы.

Талласемия- А2 гемоглобині мен Ғ гемоглобині көп мөлшерде болғанда агемоглобин синтезінің бұзылуына негізделген.

Эритроцитопатия- қанда тұрақсыз шар тәрізді эритроциттердің болуымен сипатталады

Slide 15

Лейкоцитоздар, лейкопения олардың түрлері

Лейкоциттер санының нормадан артып кетуі -лейкоцитоз ал, кеміп кетуін-лейкопения дейді.

Абсолюттік лейкоцитоз-қан көлемінің бірлігінде лейкоциттердің жалпы санының көбеюі.

Салыстырмалы лейкоцитоз-лейкоциттердің бір түрінің кемуінен екінші түрінің көбеюі арқылы пайда болады.

Slide 16

Физиологиялық лейкоцитозға мыналар жатады:

а) жаңа туған төл лейкоцитозы

б) ас қорыту лейкоцитозы

в) миогенді лейкоцитоз дене жұмысына байланысты

г) буаз малдың лейкоцитозы

Патологиялық лейкоцитоз -инфекциялық аурулардан уланудан қабыну процестерінен ішкі секреция бездерінің қан құраудың нервтік регуляциясы бұзылудан пайда болады

Slide 17

Лейкопения лейкоциттердің мөлшерінің кемуімен сипатталады. Лейкопенияның пайда болуына мынадай факторлар ықпал етеді:

а) лейкоциттердің қан арнасына бөлінуі

б) лейкоцттердің тез бүлініп олардың тепе-тең өнімдерінің толықпауы

в) лейкопоэздің бәсеңдеуі

Нейтропения -қанда нейтрофильді лейкоциттердің азаюы.

Эозинопения - эозинофильдердің санының азаюы

Лимфоцитопения- канда лимфоциттердің азаюы.

Моноцитопения-қанда моноциттер санының азаюы.

Slide 18

Қан, оның атқаратын

қызметтері

Қан қызыл түсті, мезодермадан түзілетін сұйық ұлпа.

Ол ұлпалық сұйық,

лимфамен бірігіп, организмнің ішкі ортасьн құрайды,

денеде көп қырлы қызмет атқарады.

Slide 19

Тасымалдаушы қызмет - қан торшаларға қорек жеткізіп, олардан алып шыққан алмасу өнімдерін бөлу мүшелеріне (бүйрек, тер бездері, өкпе т. б. ) тасымалдайды. Қанмен денеге гормондар таральп, үлпаларға оттегі жеткізіледі, торшалардан көмір қышқыл алынып кетіледі;

Қорғаныстық қызмет. Қанның ақ түйіршіктері фагоциттік белсенділік көрсетеді (торшалық иммунитет) және лимфоциттер бөлген антиденелер бөгде заттарды жойып отырады (гуморальды иммунитет) ;

Жылу реттеуші қызмет. Толассыз айналыста болудың арқасында қан денеде жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік береді. Қанның жәрдемімен жылудың артық мелшері тері арқылы сыртқы ортаға бөлінеді;

Байланыстырушы (коррелятивтік) қызмет. Әр түрлі мүшелер мен торшалар әрекеті кезінде түзілген өнімдер мен ішкі секреция бездері бөлген гормондарды тасымалдап, қан организм торшаларын, үлпаларын, мүшелерін өзара байланыстырады.

Slide 20

Қан әр түрлі торшалар жиынтығы болып табылады.

Плазмадан

Қан түйіршіктерінен (торшаларынан)

Қызыл түйіршіктерден (эритроциттерден)

Ақ түйіршіктерден (лейкоциттерден)

Қан табақшаларынан (тромбоциттерден) тұрады.

Slide 21

Плазма да, сарысу да сұйық зат. Оның түсі құрамында бояғыш заттардың (лютеин, каротин, ксантофилл) болуына байланысты. Плазманың кұрамында 90-92% су, 8-10% құрғақ зат болады. Құрғақ заттың 6-8%-ы белоктардан тұрады. Плазма белоктары альбумин, глобулин, фибриноген фракцияларына бөлінеді. Қан плазмасы құрамында несепнәр, зәр қышқылы, пурин негіздері, креатин, амин қышқылдары, аммиак сияқты белок алмасуының қалдық өнімдері болады. Бұл қосылыстарды қалдық азот деп атайды. Оның қандағы мөлшері белок алмасуының қарқынына, организмнің физиологиялық жағдайына байланысты өзгереді. Плазма құрамында көмірсулар (глюкоза), липидтер және минералды заттар (0, 9%) болады. Қан құрамындағы белоктарға пропердин мен ферменттер (амилаза, липаза, сілтілі фосфатаза, трансаминаза) де жатады. Пропердин вирус белоктарынан байланысып, оларды залалсыздандырады, бактериаларды өлтіреді, сондықтан ол кейбір ауруларға қарсы күресудің туа пайда болған факторы болыл саналады. Қанға ұйытпайтын зат қосып тұндырғанда бөлініп шыққан сары бөлінген оның сұйық бөлігін қан сарысуы деп атайды. Қан сарысуы құрамы мен қасиеттері жағынан плазмаға ұқсас, тек оның құрамында фибриноген белогы ғана болмайды.

Плазма және қан сарысуы

Slide 22

Қанның формалы элементтері, олардың қызметтері

Плазма белоктары әр түрлі маңызды қызмет атқарады. Оларға буферлік қасиет тән, сондықтан белоктар қанның рН-ын тұрақты деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Белоктар қанға тұтқырлық қасиет беріп, артериялардағы қысымды қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Олар онкостық қысым туғызып, қан кұрамындағы су мөлшерінің тұрақтылығын сақтайды, қан мен ұлпа арасындағы судың алмасуын реттейді. Альбуминдер әр түрлі дәрі-дәрмек препараттарын, дәрүмендәрілерді, гормондарды бояғыш заттарды (пигменттерді) тасымалдауда зор роль атқарады. Глобулиндерден түрлі қорғаныш денелер түзіледі, сондықтан олар организм иммунитетін қалыптастырады. Фибриноген канның ұю процесіне катысады. Қан ұйыған кезде фибриногеннің физикалық қасиеттері өзгеріп, ол ерімейтін фибрин талшықтарын түзеді

Slide 23

Плазма белоктары ұлпа белоктарын құрау үшін пайдаланылады. Плазмада альбуминдер глобулиндермен салыстырғанда екі есе көп болады (тиісінше шамамен 4, 5 және 2-3%) . Альбуминдердің глобулинге қатынасын белок коэффициенті деп атайды. Альбуминдер мен фибриноген бауыр торшаларында, ал глобулиндер - тек бауырда ғана емес, көк бауырда, сүйек кемігінде, лимфа түйіндерінде түзіледі.

Slide 24

Эритроцит

Эритроциттер ” (грек. erythros - қызыл және kytos - ыдыс) - адам мен жануарлар қанындағы қызыл түйіршіктер. Эритроциттер омыртқасыз жануарлардың (тікентерілердің) қанында да болады. Сүтқоректі жануарларда (7 млн-дай не бұдан да көп), құстарда 3 млн-дай, ең аз мөлшерде балықтар мен құйрықты қосмекенділерде (150 мыңдай) . Э-дің тіршілік ету ұзақ. 125 тәуліктей (әрбір секундта 2, 5 млн-дай Э. түзіліп, сондай мөлшерде

Slide 25

Эритроцит қызметі

Тыныс алу, оттегіні өкпеден ұлпаларға және көмірқышқыл газын ұлпалардан өкпеге тасымалдайды.

Қышқылдық-негіздік тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қатысады (Hb буфері) .

Ұлпалардан өкпеге суды тасымалдайды.

Біріншілік осмостық ауытқуларды қалпына келтіруге қатысады, олар микроосмометрлер тәрізді әсер көрсетеді (Х. Қ. Сәтпаева) .

Кейбір улы заттарды адсорбциялайды.

Қанның ұюына қатысады.

Қан тобын анықтайды.

Slide 26

Қанның қызметінің бірі қорғаныс қызметі болып табылады. Қанның қорғаныс қызметін - лейкоциттер атқарады, - осы қызметіне қанның ұюы - гемостаз жатады.

Slide 27

Лейкоциттер - қанның ақ жасушалары. Қандағы мөлшері 4-8, 8х109/л.

Лейкоциттер санының артуы лейкоцитоз, азаюы лейкоцитопения деп аталады.

Лейкоциттер

Slide 28

Лейкоциттердің қызметтері

Фагоциттік.

Антитоксиндік қызмет. Эозинофилдер табиғаты белок токсиндерді, антиген-антидене кешенін залалсыздандырып, бұзады, гистаминді бұзатын гистаминаза жасап шығарады (аллергиялық реакциялар) .

Биологиялық белсенді заттар түзеді. Базофилдер гистамин және гепарин жасап шығарады.

Лейкоциттер белок алмасу өнімдері мен қоректік заттарды адсорбциялап, тасымалдай алады.

Slide 29

Лимфоциттер иммундық жүйенің орталық звеносы болып табылады.

Т-лимфоциттер жасушалық иммунитетті қамтамасыз етеді. Олардың түрлері: Т-хелпер, Т-супрессор, Т-киллер, Т-амплифайер.

В-лимфоциттер гуморалдық иммунитет қалыптастырады, антиденелер түзеді ( және -глобулиндер) .

Лейкоциттер қанның ұюына қатысады.

Моноциттер өлген жасушаларды фагоциттеп, ұлпа регенерациясына қатысады.

Нейтрофилдер интерферон жасап шығарады.

Slide 30

Тромбоциттер (қан пластинкалары), мөлшері 180-320х109/л (103мкл)

Тромбоциттер

Slide 31

Тромбоцит қызметтері

Қанның ұюына қатысады (тромбоциттік факторлар, ұйытуға қарсы заттар, серотонин, адреналин, лизоцим, АТФ, АДФ)

Ангиотрофикалық қызмет.

Slide 32

Қанның ұюы (гемостаз, коагуляция) - қан сұйық түрінен қоймалжың ұйынды - тромбқа ауысатын биологиялық және биохимиялық үрдіс. Тромб тамырды тығындап, қан кетуді тоқтатады.

Қанның ұю кезеңдері:

Алғашқы кезеңі (тамырлық-тромбоциттік гемостаз)

Коагуляциялық гемостаз.

Соңғы кезеңі (ретракция, фибринолиз)

Slide 33

X - Стюарта-Проуэра факторы

XI - Тромбопластиннің плазмадағы негізі

XII - Хагемана факторы

XIII - фибрин тұрақтандырушы фактор, фибриназа, плазмалық трансглутаминаза, фибринолигаза

XIV - Белок С (Флетчер)

XV - Фиджеральд Фложе

Slide 34

Тамырлар атқаратын қызметіне және морфологиялық құрылысына байланысты қан айналу жүйесінің тамырлары және лимфа айналу жүйесінің тамырлары болып екі топқа бөлінеді. Олардың орталығы жүрек.

- Қан мен лимфаның денеде үздіксіз айналыста болуын қамтамасыз етеді.

- Мүшелердің арасында гуморальдық байланысты реттейді, ішкі секрпеция бездерінің сөлін немесе гормонын мүшелерге жеткізіп, жалпы дененің қызметіне әсер етеді.

- Оттегін жасушаларға және олардан көмірқышқыл газын өкпеге тасымалдайды.

- Тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған улы заттарды сыртқа шығарады (мочевина, қандық азот, т. б. ) .

- Жылудың, су мен минералды тұздардың денедегі тұрақтылығын сақтайды.

- Қорғаныс қызметін атқарады.

Slide 35

Жүрек (соr) - ырғақты жиырылып босаңсуы нәтижесінде қанды венадан тартып алып, артерия қан тамырына айдайды. Жүрек кеуде қуысының соол жағындағы алдыңғы, төменгі көкірек аралықта орналасқан. Жүректің пішіні конусқа ұқсайды.

Slide 36

ЖҮРЕКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

ОҢ

ҚҰЛАҚША

ОҢ

ҚАРЫНША

СОЛ

ҚҰЛАҚША

СОЛ

ҚАРЫНША

Жоғарғы қуыс

вена.

Төменгі қуыс

вена,

Венозды синус

құяды

Өкпе сабауы

шығады

Төрт өкпе венасы

құяды

Қолқа

шығады

Slide 37

Жүректің камералары:

Оң құлақша (artium dextrum) - артында кеңейген, алдында тарылған құлақша. Оң құлақша мен сол құлақшаның аралығындағы пердеде шұңқыр бар. Ананың құрсағында бұл жерде ашық тесік болады. Бала туғанда тыныс алуымен бұл тесік жабылып, орнында шұңқыр қалады. Оң құлақшаға екі қуыс вена құяды. Оң құлақша мен қарыншаның арсында тесік бар. Тесікті уш жақтаулы қақпаша жауып тұрады. Бұл арқылы қан құлақшадан қарыншаға өтеді.

Оң қарынша (ventriculus dexter) сол қарыншадан ет пердесімен бөлінген. Оның қуысы екі бөліктен тұрады. 1. Артқы -қарынша бостығы 2. Артерия түтігі. Артерия түтігі жоғарысында өкпе сабауымен жалғасады. Оң қарынша қуысының ішкі бетінде үш бұлшықет өсіндісі - емізік бұлшықеттері орналасқан. Олардан жақтаулы қақпашаларға сіңір талшықтары тартылған.

Slide 38

Cол құлақша (artium sinister) оң құлақшаға ұқсап, арты кеңейген, алды тарылған. Кеңейген бөлігіне төрт өкпе венасы құяды. Бұл веналар арқылы жүрекке артери қаны құйылады. Құлақша-қарынша тесігі арқылы қан құлақшадан қарыншаға құяды, оны екі жақтаулы қақпаша жауып тұрады.

Сол қарынша (ventriculus sinister) ішкі қабырғасында екі емізікше бұлшықет сіңір талшықтары бар қуыс. Қуыстың алдыңғы, жоғары бөлігінен қолқа тесігі ашылады. Оны жарты ай тәріздес қақпақтар жауып тұрады.

Slide 39
Ұқсас жұмыстар
Жүрек және қан айналымы патологиясы
Перифериялық қан айналым
ЖҮРЕК АҚАУЫ
Бүйрек үсті безі
Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары және олардың алдын алу
Қан тамырларының зақымдануы
Патогенез
Қан айналым шеңбері
Жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларында
Адам қан тамырлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz