Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар "Адамгершілік"


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті № 1 СӨЖ Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар ” Адамгершілік“

Slide 2

Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы, адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады.

Slide 3

Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді. Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті. Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.

Slide 4

Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті. Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады. Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, примңиптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады. Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді. Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу. Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады. Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай, т. б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.

Slide 5 Slide 6

Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген.

Slide 7

Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды. Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады . Абайдың қоятын екінші талабы - тұрақтылық, "Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын" дейді. Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі. Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді (төртінші қара сөзі) . Қазақ халқы - мөдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар, сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие, әдіс-тәсілдері бар халық.

Slide 8

Профессор М. Ғабдуллин өзінің "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес" еңбегінде "Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені нақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді" дейді.

Slide 9

C. Көбеев баланың өз Отаны үшін қажетті азамат болып қалыптасуында ата-ананың алатын орны мен атқаратын мәнін зор бағалап, отансүйгіштік тәрбие негізі ана тілі екенін терең түсіндіре білді. Оның пікірінше, жас ұрпаққа білім беру өз ана тілінде жүргізілуі керек. Барлық ақыл-ойын, күш-жігерін аянбай жұмсап, өз өмірінің жарты ғасырдан астамын мектепте өткізген О. Көбеев халықтар достығы жолында жалынды жаршы бола білді, жастарды туған халқын құрметтеуге тәрбиеледі.

Slide 10

Адамгершілік туралы нақыл сөздер:

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Абай Құнанбаев

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек.

Абай Құнанбаев

Аз сөйлер де, көп тыңдар хас асылдың баласы.

Махамбет Өтемісұлы

Ақын бойына адамгершілік қана жарасады. Екеуінің біріне ақау түссе - алдымен ақындық өледі.

Ғабит Мүсірепов

Сұлулық, әдептілік, білімділік, сезімділік, ерлік, даналық - бәрі де жеке адамның меншігінде емес, ең алдымен, елдің, халыктың еншісі.

Ғабит Мүсірепов

Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек.

Ғабит Мүсірепов

Адалдық: өзі алданса алданар, өзі ешкімді алдамас.

Ғабит Мүсірепов

Slide 11

Махаббат, достық, бауырмалдық - адамның ең бір асыл қасиеттері.

Ғабит Мүсірепов

Адамшылықтың сұлтаны.

Сағат Әшімбаев

Шын көңілден айтылған тілекке - шындықпен жауап беру парыз.


Ұқсас жұмыстар
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар .(Отбасындағы бала тәрбиесі)
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар
Тәрбие сағатының үлгісі
«Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар:бала тәрбиесінде нақыл, қанатты,шешендік сөздер қолдану»
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар:бала тәрбиесінде нақыл, қанатты,шешендік сөздер қолдану;халық педагогикасындағы тәрбиенің түрлері
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың міндеттері мен бағыттары
Ана тәрбиесі
Бала тәрбиесінде қолданылатын халықтық ұстанымдар
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар (экологиялық тәрбие)
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz