Жүсіпбек Аймауытов психологиялық роман шебері



Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
СӨЖ
Пән атауы: Алаш алыптары

Тақырыбы:
Жүсіпбек Аймауытов психологиялық роман шебері.

Кілт сөздер:
Жүсіпбек Аймауытов, “Ақбілек”, “Қартқожа”, роман, көркем әдебиеттегі психологизм табиғаты

Жоспар:
Көркем әдебиеттегі психологизм табиғаты
“Ақбілек” романы
“Қартқожа” романы

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Иезуитов А. Проблема психологизма в эстетике и литературе. Л., 1970.
2. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. Алматы, 1996.
3. Аймауытов Ж. Шығармалары. Алматы, 1989.
4. Оспанұлы Ә. «Ақбілек» Шымкентте жазылған. - «Жібек жолы» журналы, 1990, желтоқсан; Қ. Ергөбек. Ел үшін жаралған ерен тұлға. - «Жебе», 2013, 5 қыркүйек
5. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. - Алматы; Санат, 1996. - 31, 49-50 беттер

Графикалық суреттер мен кескіндемелерге сипаттама
1. https://yandex. kz/images

Жүсіпбек Аймауытұлы
1889 - 1931


Көркем әдебиеттегі психологизм табиғаты
Көркем әдебиеттегі психологизм табиғаты - бүгінгі таңдағы әдебиеттану мен сында өте жиі сөз бола бастаған күрделі теориялық тәжірбиелік мәні мол мәселе. Әдебиеттің негізгі предметі адам болғандықтан, оның рухани әлемін, ой-сезімін, түсінік-түйсігін, дүниетанымын, ішкі қайшылықтарын ашып көрсету - суреткердің негізгі міндеттерінің бірі.
Психологизм әр түрлі шамада эпос, драма, лирикаға бірдей тән. Ол әдеби материалдың мазмұнын құрай отырып, мазмұнды ашатын формалық шешімдерді де тауып береді. Психологизмнің негізгі қызметі - өмірлік шындық пен көркем шындықтың жанды тамырластығын сақтау. Бұл ретте осы құбылыстың ішкі салалары есебінде даралау мен жинақтау, ұлттық, жалпыхалықтық, дерек пен қиялдап қосу, автор бейнесі, шығарманың заттық құрылымы іспетті түрлі мәселелердің өзара ықпал, әсері мен табиғи синтезін атау керек. Осы тұста әдебиетіміздің дамуына үлкен үлес қосқан М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Б. Майлин, М. Әуезов, С. Сейфуллин, М. Дулатов сынды қаламгерлердің адам жанының психологиялық қатпарларын шынайы ашып бергендігін ерекше атауға міндеттіміз.
Қазақ прозасына аса мол үлес қосқан, оның үлкен жанрларын дамытып, шеберлікке жетілуіне көп күш жұмсаған жазушы Жүсіпбек Аймауытов еді. Жүсіпбек - алғашқы қазақ романының авторы. «Қартқожа» (1926), «Ақбілек» (1928) романдары арқылы ол қазақтың ұлттық әдебиетін тұңғыш рет еуропалық романдар үлгісімен жалғастырды. Және бұл романдармен дәуірдің көкейкесті мәселелеріне үн қосып, жаңа заманның кесек ұнамды бейнелерін жасады.

Әдебиетіміздегі тұнғыш психологиялық роман деп зерттеушілер Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" романын атап жүр. "Ақбілектің" психологиялық роман табиғатына тән негізгі сипаты шығарманың сюжеттік-композициялық концепциясы кейіпкердің ішкі әлемін талдау мақсатына тәуелділігінде. Кейіпкердің қиын тағдырын жазушы ішкі монолог, толғаныс т. б. сияқты адами проблемаларды, бір кезеңдік қазақ өмірін: ондағы жаңа тіршілік-тынысты сыртқы реалдық өмір шындығын сана күресі, ой арпалысы, көзқарас қақтығысы арқылы бейнелейді. Суреткердің өзіне тән психологиялық стилі осы романда жан-жақты көрінген. Ол-күнделік ретінде берілген Ақбілек ойлары.
Ж. Аймауытов-суреткердің ішкі өміріне психологиялық талдау жасаудың үздік үлгісін "Ақбілек" романы арқылы көрсетеді. "Ақбілек" романының ұстанып отырған нысанасы-әйел тендігі. Бұл-сол кезеңдегі демократия бағытындағы жазушылардың ортақ тақырыбы. Романда бас кейіпкерді тек періште етіп көрсете бермей, өмірдегі бар болмыс-бітімімен, өзіндік табиғат-тіршілігімен, яғни пенделік қалтастарымен қаз қалпында бейнелейді . Шешесін өлтіріп, өзін зорлықпен алып кеткен ақ офицердің озбырлығына үнсіз көндіккен Ақбілектің жан дүниесіндегі күрделі құбылыстарды жазушы психологиялық тұрғыдан терең талдап, шебер береді. Романның бүкіл оқиғасы Ақбілектің айналасында өтеді, оның бәрі Ақбілектің ойы арқылы өрбиді.

Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы қазақ қызының тағдырына құрылған шығарма. «Ақбілекте» қазақ аулының Ресей жеріндегі төңкерістер кезіндегі, ақ пен қызылдың лаңы тұсындағы әлеуметтік-саяси жағдайына баса көңіл бөлінген. Өйткені романның фабуласы қоғамдағы құбылыстарға тікелей байланысты дамиды. Бүкіл сюжет елдегі азамат соғысы тұсында ғана өтуге тиіс оқиғаға негізделген. Қазақ халқының орыс тепкісінің астында көрген зорлық-зомбылықтарын Ж. Аймауытов Ақбілек трагедиясы арқылы шынайы суреттеген.
Ақбілек - сол кездегі қазақ қыз-келіншектерінің ғана емес, ғасырлар бойы отарлық тепкіден көз ашпаған қазақ халқының жиынтық бейнесіне айналған. Сондықтан да «Ақбілек» қазақ әдебиетінің тарихында өзіндік орын алатын шығарма.

Күтпеген жерден нәсілі бөтен жұрттың ортасына түсіп, қарамұрттың меншігіне айналған жас қыздың қайшылықты тағдыры, жан күйзелісі романда жан-жақты әрі айшықты бедерленеді. Қазақ емес, орысқа намысын таптатумен тұрмай оң жақта отырып, жүкті болуы, оны білген атастырылып жігіт Бекболаттан айырылуы, әкесі мен өгей шеше арасындағы қырғи қабақтық т. б. бәрі Ақбілектің тағдырын қиындатып, жан азабына салады. Кейіпкердің қиын тағдыры жазушыны ішкі монолог, толғаныс т. б. секілді әдеби тәсілдерге жүгіндіреді. Суреткер бүкіл адами проблемаларды, бір кезендік қазақ өмірін, ондағы жаңа тіршілік-тынысты, сыртқы реалдық өмір шындығын сана күресі, ой арпалысы, көзқарас қақтығысы арқылы бейнелейді. Сөйтіп, жазушы Ақбілекті үлкен психологиялық образ дәрежесіне жеткізеді. Романның әрбір беті бізге Ақбілектің өміріндегі тоқтаусыз өзгерісті, бір байламға келе алмаған ой арпалысын аңғартады. Және бір айтар жай, оқиғаны баяндау барысында автор мен кейіпкердің ойы мен сөзі көбіне бірігіп кетіп отырады. Мысалы: " . . . Алды-арты тұйық, қараңғылық, не болары белгісіз . . . Сонда да Ақбілек тірі, Ақбілек сұлу . . . Ол елден асты: қазақ тұрсын, атағын орыс естіп, іздеп келіп, алып қашты . . . Орыс біткен бұған бола қырқысты. Кім біледі, тірі болса, үмітсіз шайтан . . . Өз еркімен келіп отырған жоқ . . . " Бұл автордың монологы секілді, бірақ бұл Ақбілектің ой арпалысынан сыр беретіндей. Мұндағы көп нүктелер кейіпкердің санасында жүріп жатқан ой ағысын, өзін-өзі жұбату (шарасыздықтан туған), алдауды аңғартады.

Кейде керісінше, Ақбілекке тиісті ішкі ой автордың атынан айтыла береді; «Төре» болса қайтсін? Мұның іздегені орыстың төресі ме еді? Киім тамақ әпереді дейді. Соған зар болып, осылардан сұрауға келіп отырғаны-ау! Шаруаны қатын істемейді дейді. Енді кім істемекші ?" Міне, осы үзінділерден романдағы ішкі монологтың ортақ төл сөзбен берілгендігін байқауға болады. Мұны не әңгімелеушінің (повествователь) не кейіпкердің айтып тұрғаны белгісіз, екеуі кірігіп кеткен . Романның алғашқы бетінен-ақ ішкі монологтың көркемдік қызметі, оның әдебиеттегі атқарар рөлі айқын көрінеді. Мысалы, жазушы кеиіпкерлерінің рухани әлемін, жан дүние қалтарыстарын, жалпы табиғатын ашу үшін ішкі монологқа көп жүгінеді. "Бекболат", "Офицер", "Мұқаш" деп жеке-жеке тарау етіп алады да басты деген үш кейіпкердің портреттерінен бастап, ішкі ой-сезімдеріне дейін осы монолог арқылы барлау жасайды. Олардың өз ауыздарына сөз сала отырып, біраз табиғатын аша түседі. Тегінде адам анадан туғанда жаман болып тумайды. Оның жақсы, жаман болуы да өмір сүрген ортасына, алған тәрбиесіне байланысты болса керек. Олай болса әрбір адамды өмір бақи бір ғана нәрсе- ар-ұят қана азаптап өте алады. Мәселен, Мұқаш осындай сатқындыққа неге барды? Оны күнәсіз жас қыз Ақбілектің тағдыры талғандырмады дейсіз бе? Осы әрекеттеріне есеп бермей төсегінде тыныш ұйықтай алатын Мұқаш па? Роман сонда Мұқаштың жоқ болып кетуі себепсіз емес қой. Міне, бүл жайлар " Мұқаш" деген тақырыппен берілген кейіпкерлердің монологында жан-жақты ашылған. Яғни бұл автор тұрғысынан ішкі монологты кейіпкер болмысын, оның ішкі ойын, ой ағысы мен драмалық құбылысгарын талдау құралы ретінде пайдаланған әдісі екенін аңғарамыз. Суреткердің бұл тәсілі кейіпкердің рухани жан әлемін ашудағы қазақ прозасында алғаш қолданылған өзіндік түрлік ізденіс.

Тегінде ішкі монологтың авторлық және персонаждық түрлері (формалары) де бар. Кейде ішкі монолог кейіпкердің ішкі ой-сезімін жеткізетін автор сөзі тұрғысында да берілуі мүмкін. Немесе тура автордың өз атынан, әйтпесе кейіпкер рөліне көшкен автор сөзі ретінде көрінуі ықтимал. Міне, біз айтып отырған осы үш тәсілдің бәрі "Ақбілектің" өн бойында тұнып тұр. Біздің жоғарыда ішкі монологты не автор, не кейіпкер айтып тұрғаны белгісіз деуіміз сөбебі де сондықтан. " . . . Әкесі мен екеуінің арасын қара мысық кесіп өткендей, бір өткел түскенің Ақбілектің жүрегі сезөді. Әкесінің қабағы қашан жадырар екен, қашан жылы қарар екен, қашан тіл қатар екен? . . . деп сарылыг, сарғайып күтеді: әкесінің көзі түсер ме екен деп көзінің қырымен жаңсыз аңдып отырады. Бір қарасада қайғысы жеңілетіндей, бақытты болатындай көреді. Сонда да әкесі көз салмайды. Енді Ақбілекке шешесінің өлімінен де мынау жаман батты. "Жан дегенде жалғыз әкем мені жек көрсе, енді кімге сыямын? " деп қайғырды. Міне, Ақбілекті ендігі ауыр күрсіндіретін жаңа қайғы осы еді". Бұл-ішкі монологтың кейіпкерлерінің ішкі ой-сезімін жеткізетін автор сөзі тұрғысынан берілуі. " . . . Алды-арты тұйық, қараңғылық, не болары белгісіз . . . Сонда да Ақбілек тірі, Ақбілек сұлу . . . Ол елден асты: қазақ түрсын, атағына орыс естіп, іздеп келіп, алып қашты . . . Орыс біткен бұған бола қырқысты. Кім біледі, тірі болса, үмітсіз сайтан . . . Өз еркімен келіп отырған жоқ . . . Қара күшке, тағдырға не шара? Жамандығынан мұндай болған жоқ. Ақбілекті кім жазғыра алады? Малына, жанына ие болып отырған қай қазақ бар? Азар болса, жазықсыз құрбан болып жатқан көп қорғансыздың, көп сорлылының бірі шығар . . . "

Романға қатысты кейбір дерек көздері М. Жүсіп Көпеев пен Ж. Аймауытұлының өзара жазысқан хаттарынан да көрінер еді. «Хатқа» маңыз беруіміздің себеп - сыры - «Ақбілек» романының шығармашылық тарихына қатысты құнді дерек, маңызды мағлұматтар беріліп, ұнамды- ұтымды пікірлер білдіруінде деп білеміз. Мәселен, романға қатысты ойын автор былай білдірген: «Екі жарым ай болды, үйден шықпағаныма. Не істеді десеңіз, «Қылауатта»жатып бір роман жазып бітірдім, өзіңіз көрген «Қартқожадан» үлкендігі екі есе болады. Бар ойым, ынтам, рухым сол романға кетіп, тап жынды кісідей болыппын, досты, жолдасты, құрметті қымбат ағаны ұмытып кете жаздаппын. Мен күнді қалай өткізеді десеңіз, міне былай: таңертең сағат сегізде тұрамын да, шай ішіп, қызметке - бала оқытуға кетемін. Күніне алты сағат бала оқытамын. Сағат үште үйге келемін, тамақ ішемін. Одан кейін ұйықтаймын. Сағат алты - жетілерде оянамын. Сүйтем де жазуға отырамын. Сол отырғаннан түнгі сағат екі - үшке дейін отырып қалам. Әбден талғанда барып ұйықтаймын. Міне, екі жарым айдай көрген өмірім осы». Бұдан кейін автор сөз еткен романның соңғы нүктесін қойып, «баспаға жіберіп отырмын» дегенді де анық-қанық жеткізеді.

Ендігі бір түйінді мәселе - «Ақбілек» романының қайда жазылғандығы хақында. Біздінше, мұның жауабы қысқа: алғашқы көлемді де көркем, «ұзақ әңгімесі» (автор осылай көрсеткен - Р. Т) «Қартқожа 1926 жылы Қызылордада жарық көрген. Ж. Аймауытұлы көп ұзамай Шымкент шаһарында алдымен ұстаз, сосын директорлық қызмет атқарған (пед. техникумда - Р. Т. ) . Ж. Аймауытұлы осы кезеңде ұстаздық қызметін абыроймен атқара жүріп кезең көріністері мен өмір-уақыт шындықтарына толы, тағдыр талқысы мен тұрмыс суреттері кеңінен көрінетін келесі көркем әрі шабытты жазылған, талант қарымын мол жұмсаған - «Ақбілек» романын қысқа мерзімде аяқтады. Оны жоғарыда еске алған «Хат»та, филология ғылымының кандитаты Ә. Оспанұлының «Ақбілек» - Шымкентте жазылған» атты мақаласындағы: « . . . ең әуелі жазыла бастауы да, аяқталуы да біздің облыс орталығында жүзеге асқан», профессор Қ. Ергөбек. « . . . «Ақбілек» секілді қазақтың тұңғыш психологиялық романы болса да Шымкент қаласында, педагогикалық училищеде сабақ бере жүріп жазылған»деген жолдар да жан-жақты нақтылай түседі .
«Ақбілек» романының жазылуы мен оған әсер еткен өмір - тұрмыс жағдаяттары, жалпы жазушының осы тақырып төңірегіндегі мұрат - міндеттері Қ. Оспанов, К. Тіленшіұлы секілді шәкірт - оқырмандарының сыр - сұхбаттарынан, ақын - қаламгер Д. Әбілев пен ұстаз- ғалым Б. Кенжебаевтің естелік - әңгімелерінен, әдебиет пен өнер зерттеушілері С. Қирабаев, Б. Құндақбаев т. б ізденіс -еңбектерінен де кеңінен көрінеді.

«Ақбілек»романы жанр табиғаты мен талабына толық жауап берумен бірге кемел ой мен көркемдікке, нақышты тіл мен келісті суреттеулерге де толы. Оны, атап айтқанда, Алтай мен ауыл көріністері, Ертіс - Күршім сипаты, Марқакөлдің мөлдір суы мен оның айналасындағы аң -құс, жан-жануарлар әлемі, алуан түсті адам портреттері мен этнографиялық деректер байыта, толықтыра түседі. Сайып келгенде, қазақ қызының өмір, тағдыр жолын баяндағанда да Ж. Аймауытұлының ескі ауыл, этнографиялық суреттерді, адамдар қарым-қатынасын ой мен сезім өрілімі арқылы риясыз жеткізер тіл байлығына, шеберік иірімдерінің үлгі -өрнектеріне көз жеткіземіз. Сондай-ақ, романдағы әлеуметтік-психологиялық иірімдерден, жекелеген кейіпкерлерді мүсіндеу мен олардың ішкі монологтарынан, ең негізгісі қазақ тұрмысы мен заман көріністерінен, уақыт сырынан реалист суреткердің көзқарас, қолтаңбасы айқын көрінеді. Демек, Ж. Аймауытұлының шығармашылық мұрасындағы басты туындылардың бірі- «Ақбілек» романы қоғамдық құбылыстар мен кезең көріністерін өмір-уақыт шындықтарына сай сенімді суреттеп, адам әлемін бар қырынан жарқырата көрсетіп, әсіресе қазақ қызының тарихы мен тағдырына, өсіп-есею жолдарына тағылымды сипаттар беріп, оны айрықша мәнді, көркемдік өріс пен өзгеше өрнектермен бейнелеуі бедерлі орын алады.

«Қартқожа» романы - төңкеріс тұсындағы қазақ қоғамының шандығын бас кейіпкердің өмір жолы арқылы жан-жақты бейнелей алған күрделі туынды.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz