Балалар эстетикалық талғамы, музыкалық театры
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Орындаған:Құралтаева Мадина
Тобы:П-301
Тексерген:П.ғ.к.доцент Султанова Н.К
Балалар музыкалық
театры
Театр әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер
сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын,
қиялын дамытады. Қазақ халқының өнер
жұлдыздарының бірі Ш. Айманов «Театр-адамдарды
туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері-
тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни
адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес»-деген
болатын.
Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген
көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда
театрландырылған қойылымдар ерекше рөл
атқарады. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып,
олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді
және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып,
адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады.
Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша
тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ
емес.
Қазір балабақшаларда балалармен
ертегілер мен әдеби шығармаларды
рөлмен ойнау, қойылымдар қою
жұмыстары жақсы жүргізілуде.
Дегенмен де осы жұмыстарды жүргізуде
кездесетін қиындықтар мен қарама-
қайшылықтар да жоқ емес. Олардың ең
негізгісі қазақ ертегілерінің
кейіпкерлерінің қуыршақ театрына
арналған қуыршақ киімдерінің жоқтығы.
Ертегілердің балалардың жас
ерекшеліктеріне қарап
іріктелінбегендігі. Қазақ
жазушыларының балалар жасына
арналған шығармаларының аздығы.
Балаларға ертегіні өлең шумақ ретінде
берілсе балалар тез түсініп, тез рольімен
ойнар еді, тіл байлықтарыда тез
молайар еді.
Театр әр балаға қуаныш, ұмытылмас
әсер сыйлайды, оның көркемдік
талғамын, еліктеуімен қиялын
дамытады. Кезіндегі орыстың ұлы
ақыны сахнаны «сиқырлы өлке» деп
атаған. Қазақ өнер жұлдыздарының
бірі Ш. Айманов «Театр- адамдарды
туыстыратын шығармашылық отбасы,
сахна өнері- тіл жетпес құдыретті өмір
шындығын білу, яғни адамның
сахнаны сүймеуі мүмкін емес» деген
сенімде болған. Мектепке дейінгі
жасөспірім баланы тәрбиелеумен
дамыту ісіне байланысты Онда нағыз
театр өнеріндегідей айшықты
құралдар көмегімен- дауыс ырғағы,
бет әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары,
дене бітімінің жағдайы мен жүріс-
тұрысы арқылы нақты бейнелер
қалыптасады
Балалар мен жасөспірімдер театры — мәдени-сахналық мекеме.
1944 жылы Алматыда режиссер Н.И. Сац пен драматург В.С. Розовтың
басшылығымен ұйымдастырылған. Театр қазақ және орыс тілдерінде
жұмыс істеді.
Алғаш рет қазақ труппасы 1947 жылы 2 ақпанда А. Н. Островскийдің
“Мысыққа күнде той бола бермес”, ал орыс труппасы 1945 жылы 7
қарашада Е. Шварцтың “Қызыл телпек” (басты рөлдерде Аққағаз
Мәмбетова, Тұрсын Жармұхамедовалар ойнады) спектакльдерін қойды.
Театр шымылдығы ресми түрде 1948 жылы 4 шілдеде А.Н. Толстойдың
“Алтын кілт” спектаклімен (режиссер Сац) ашылды. Жас ұжымның
мектеп бағдарламасымен сәйкес алғаш қойған пьесалар мен аңыз-
ертегілер инсценировкалары: М. Ақыжанов пен Қ. Бадыровтың “Алтын
сақасы” (1948, режиссер Н.В. Молчанов; 1953, режиссер С. Шәріпов;
1965, режиссер Мен Дон Ук), Ш. Құсайыновтың “Нұрлы тас” (1951) пен
“Алдар Көсесі” (1954, екеуінің де режиссер А. Тоқпанов), Қ.
Сатыбалдиннің “Аягөз аруы” (1954, режиссер М. Қосыбаев), Л.В.
Соловьевтың “Қожанасыры” (1949, режиссер И.С. Барон). Театрда Сац
(1947—50), А.Тоқпанов (1950—54), Қосыбаев (1954 — 59), В.И.
Добронравов (1959—62), Ғ. Хайруллина (1962—64), Мен Дон Ук (1964—68),
В.С. Пұсырманов (1968—76), М.Байсеркенов (1976—82) сынды бас
режиссерлермен қатар И.Г. Бальхозин, Э.Д. Гейдебрехт, А.И. Ненашев, Д.
Сүлеев, В.В. Теляковский, С. Үмекенов, т.б. театр суретшілері жемісті
еңбек етті
Теміртау балалар мен
жасөспірімдер театры
Теміртау балалар мен жасөспірімдер театры 1989
жылы 24 қарашада «Чемодан чепухи или быстро
хорошо не бывает» атты Л. Петрушевскийдің
пьесасы бойынша режиссер Ю. Сининнің
қойылымымен ашылды. Театрда 17 актер жұмыс
жасады. Ю.В. Синин театрдың алғашқы
директоры болды. Ал театрдың бас суретшісі А.И.
Осипенко болды.
Театр репертуарында негізінен балаларға
арналған қойылымдар басым Бүгінгі таңда
балаларға арналған 16 қойылым көрсетіледі.
Олар: «Влюбленный зайчик», «Тысяча вторая ночь
Шахерезады», «Пузырь, Соломинка и Лапоть».
«Кошкин дом» тағы басқа.
«Буратино »балалар қуыршақ
театры
Балалар сарайының қуыршақ театры 1959 жылы құрылған.
1965 жылдан қазіргі атымен аталады, 1977 жылы театрға халы қ атағы
берілді. Театрда 80 мыңнан артық қойылым қойылды, жыл сайын 20 мы ң
көрермен қабылдайды. Әр жылдары - Андерсеннің «Ақша қар королевасы»,
И. Колаптын «Жалғанда Фердададан артық ешкім жоқ» т.б. спектакльдер
қойылды. Театрдың көркемдік жетекшісі 1959-1979 жылдар аралы ғында Е.И.
Савина, ал В.В. Маленко 1986 жылдан қызмет атқарады.
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz