Статистикалық мәліметтерді жинақтау



Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Орындаған:Мұрат. Б
Қанағат. А
ФН-407 топ
Семей қаласы
2015 жыл

Мазмұны:
Статистикалық мәліметтерді жинақтау туралы ұғым
Статистикалық мәліметтерді топтау және оның түрлері
Топтау белгілері және топқа бөлу принциптері

І. Статистикалық мәліметтерді жинақтау туралы ұғым
Статистикалық мәліметтерді жинақтау-статистикалық зерттеудің екінші сатысы болып табылады және ол қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгерісін зерттеуде шешуші рөл атқарады. Оның негізгі мақсаты-статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған мәліметтердің қорытынды көрсеткіштерін есептеу. Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған мәліметтерді дұрыс жинақтап, өңдеудің әлеуметтік-экономикалық маңызы жоғары. Сол үшін алдын-ала мәліметтерді жинақтаудың жоспары жасалады.

Статистикалық мәліметтерді жинақтау жай және күрделі болып екі түрге бөлінеді.
Жай жинақтау
Күрделі
жинақтау
жиналған материалдарды топқа бөлмей, қорытынды көрсеткіштерін есептеу
алдын-ала жасалынған бағдарлама бойынша жиынтық бірліктерін топқа бөлуді және әрбір топ бойынша сол жиынтықтардың жалпы мөлшерін есептеп шығаруды айтамыз.

Статистикалық мәліметтерді жинақтау екі жолмен жүргізіледі.
барлық мәліметтерді
бір орталыққа жинап,
осында қорытынды
жасау.
алғашқы мәліметтер төменгі сатыдағы мекемелерде жинақталып, қорытынды мәліметтер жоғарғы сатыдағы мекемелерге тапсырылады.

Машинамен жинақтау тәсілі
электронды есептеу машиналары
мен компьютер арқылы жүргізіледі.
Материалдарды шифрмен белгілеу,
оларды жинақтап, бөлу және
оны қорытындылау қолмен
жинақтау тәсіліне жатады.
Мәліметтер
екі түрлі тәсілмен- қолмен және машинамен
жинақталады.

ІІ. Статистикалық мәліметтерді топтау және оның түрлері
Статистикалық мәліметтерді топтау дегеніміз қоғамдық процестер мен құбылыстарды белгілеріне, ұқсастықтарына, түрлеріне үлгілеріне қарай бір-бірінен ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлу.

2) топтау белгілеріне сай топтарды анықтау;
3) жиналған сандық көрсеткіштерді белгіленген топтарға бөлу.
Статистикалық топтау бір үлгідегі, құрылымдық және талдаулық болып бөлінеді. Бір үлгідегі топтаудың мақсаты- біртектес топтарды, типтерді, сыныптарды әлеуметтік-экономикалық түрлеріне қарай саралау болып табылады.
Ол келесі тәртіп бойынша жүргізіледі:

Сонымен, бір үлгідегі топтау дегеніміз- статистикалық бақылау арқылы жиналған әртүрлі бағыттағы жиынтық көрсеткіштерді сапалық жағынан бір жүйеге келтіріп, топтарға бөлуі және оның қорытынды көрсеткіштеріне талдау жасауды айтады.
Құрылымдық топтау мақсаты-біртектес жиынтықтың құрылымы мен оның құрамдас бөліктерін сипаттайтын көрсеткіштер туралы мәліметтер беру. Біртектес, біртипті жиынтық бірліктердің өзгерісін өздеріне тән белгілеріне қарай бөлуді статистикалық құрылымдық топтау дейді

Талдаулық топтау әдісін жүргізудің өзіне тән төмендегідей тәртібі бар:
1) себептік белгі бойынша топтар құрылады;
2) әрбір топтарды сипаттайтын себептік және нәтижелілік белгілердің орташа шамалары есептеледі;
3) себептік және нәтижелілік белгілердің арасындағы өзара байланыстың ерекшеліктері анықталады.
Талдаулық топтардың негізгі мақсаты-жиынтық бірліктердің өзара байланысын анықтау және олардың бір-біріне әсерін, себептерін зерттеу болып табылады.

ІII. Топтау белгілері және топқа бөлу принциптері
Статистикалық мәліметтерді топқа бөлу кезінде әрбір топқа көптеген сандық
бірліктер енгізілуі керек және оның мағынасы анық көрсетілуі тиіс.
Кейбір жағдайда сапалық белгілер өзінің нышандары бойынша бір-бірінен
әртүрлі айырмашылықтарына қарай ерекшеленетін болса, онда оларды
типтеріне, түрлеріне немесе сыныптарына қарай топтық жіктерге бөлу
арқылы жүргізіледі.
Сипаттайтын топтау өзінің өзгермелі мәніне сәйкес бүтін және деңгей
аралықты болып бөлінеді. Топтық белгі бүтін санмен берілетін болса, онда
бүтін сан өзгермелі топтауға жатады, ал ондағы бөліп алынатын топ саны сол
белгінің мәніне сәйкес келеді. Деңгей аралығының тұрақты шамасын есептеу
алдында, оның ең үлкен, ең кіші шамасының сандық мәнін анықтау керек.

Тұрақты шама келесі формуламен
анықталады:
d=Xmax-Xmin/n,
мұндағы d-деңгей аралығының тұрақты шамасы;
Xmax, Xmin-топтау белгісінің ең үлкен және ең
кіші сандық мән шамасы;
n-топтың саны.
Әрбір топтың ең жоғарғы және ең төменгі
шегінің арасындағы сандық
өзгеріс топтаудың деңгей аралығының
тұрақтылық шамасы деп аталады.

Назарларыңызға
рахмет!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz