Ауыр еңбекпен және спортпен айналысатындардың тамақтану ерекшелігі


Slide 1

СРО

Тақырыбы: Ауыр еңбекпен және спортпен айналысатындардың тамақтану ерекшелігі.

Орындаған: Ақан Е. С. БТ-407

Тексерген: Кабденова А. Д.

Slide 2

Жоспар:

Қуат шығыны.

Тиісті талаптар.

Тәуліктік тамақтану құрамыны: ақуыздар,

майлар, көмірсулар.

4. Дәруменге қажеттілік.

Slide 3

Қызмет түрлері

1 кг дене салмағының 1 мин. уақыттағы жұмсаған қуаты

Бірқалыпты жүзу

0, 0808

0, 33936

Бадментон, жұп ойындары

0, 0920

0, 38640

Коньки тебу

0, 1070

0, 44940

Волейбол (немесе теннис жұп ойындары)

0, 1090

0, 45780

Біркдлыпты гребля

0, 1250

0, 52500

Гимнастикалық қондырғылардағы жаттығулар

0, 1280

0, 53700

Бірқалыпты жүгіру, жылдамдығы 8 кмс/сағ. Дейін

0, 1357

0, 56994

Өте тез жүру, 8 км/сағ. Дейін

0, 1548

0, 65016

Бадминтон, жеке кездесу

0, 1770

0, 74340

Қарқынды жылдамдықпен жүгіру 1 км/сағ. дейін

0, 1780

0, 74760

Спорттық күрес

0, 1866

0, 78372

Тез жүгіру, 15 км/сағ. дейін

0, 2500

1, 05000

Өте тез жүгіру, 20 км/сағ. немесе 320 м/мин дейін

0, 3200

1, 34400

Төменде адам қызметінің кейбір

түрлеріндегі қуат шығыны

Slide 4

Байқағанымыздай, 8 км/сағ. жылдамдыкден жүруде ұйқы жағдайына қарағанда қуат шығыны 10 есе өседі. Спорт бірсайыстарының кейбір түрлерінде қуат шығыны одан да көп өседі. Адам денсаулығы мен қимыл белсенділігі өзара тығыз байланыста. Сондықтан дене тәрбиешілері мен спортшылар тек дене жаттығуларын пайдаланудың негізгі әдістемелік ережелері мен табиғи (күн, ауа, су) гигиеналық сауықтыру факторларын біліп қана қоймай, сонымен бірге дене жүктемесін мөлшерлеп, істеген дене жұмысының көлемін ескере білуі керек.

Қимыл белсенділігін есептегенде, денсаулығы мықты жас адам (дене салмағы 70 кг-ға жуық) белсенді қимыл тәртібі мен жақсы тамақтанғанда тәулігіне 3000 ккал-ға жуық қуат жұмсайды екен, ол оған өз денсаулығы мен жоғары жұмыс қабілеті деңгейін ұзақ уақыт ұстап тұруға және нығайтып сақтауға көмектеседі. Бұл тәуліктік қуат шығын есебі үш бөлікке бөлінеді. Негізгі алмасу (1800 шамамен 1800 ккал) -адам қуатының толық тыныштықтағы өмірлік процестерді ұстап тұруына кеткен шығыны: ішкі органдардың қызметі, ас қорыту, ұлпалардағы биохимиялық реакциялар, бұлшық ет тонусы және басқалар.

Slide 5

Ең төменгі қажет-ті қимылдар сабақ уақытында өндірісте және тұрмыста (шама-мен 400-600 ккал) : киіну, жинастыру, тамақ ішу, сабаққа, жұмысқа бару және қайту, өндірістік қызмет, сергек демалыс және басқалары.

Slide 6

Жаттықтырушы дене жүктемелері (600-800 ккал және одан жоғары) : ұзақ жүру, жүгіру, дене жаттығуларымен айналысу (ТТГ, өндірістік гимнастика, спорт жаттықтыруы), жүзу, гребля, шаңғымен немесе велосипедпен серуендеу, шаңғы тебу, спорт ойындары және басқалары.

Slide 7

Белсенді жаттығып, сабаққа қатысатын спортшылар жоғары белсенді қимыл деңгейімен және дене жұмысына көп қуат шығынын жұмсаумен ерекшеленеді. Жұмсалған қуатты толықтыру-әрбір адамның, әсіресе дене тәрбиешісі мен спортшының ең маңызды міндеттерінің бірі. Іс тамақ құрамымен және калориясымен ғана бітпейді. Біз тиімді тамақтану туралы сөз еткенде, соған тиісті талаптар қатарын айтамыз.

Біріншіден, тағам қабылдау уақытылы және тәуліктік тамақтануға негізделіп бөлінуі (күні бойғы тағамдық азық-түлік жиынтығы) .

Екіншіден тағамдық азық-түліктің жалпы құнарлылығы мен адам қуатының тәуліктік шығыны үйлесіп, отыруы керек.

Үшіншіден, тағамның сапалық құрамы-онда міндетті түрде ұлпалар мен органдардың түзілуіне қажетті, дене процестерінің дұрыс жүруіне жағдай жасайтын заттар мен микроэлементтердің барлық түрі болуы керек.

Slide 8

Тәуліктік тамақтану құрамында ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды тұздар мен су болуы қажет. Тағам әртүрлі хош иісті (тәбет тартатын) және жақсы сіңетін болуы қажет.

Ақуыз-жасуша мен ұлпа түзілу үшін маңызды материал. Ағзасы өсіп, қалыптасып келе жатқан жас спортшы рационында ақуыз саны жеткілікті болуы тиіс, яғни дененің әр килограмм салмағына тәулігіне 3 г-нан аса ақуыз керек. Есейе келе бұл көлем азаяды: яғни 15-17 жаста 2. 5гр, ал 18 жастан бастап 2. 0 г-ға және одан да төмендеп азайып отырады. Ақуыздың кайнар көздері ет, балық, жұмыртқа, ірімшік, сүт, бұршақ және қарамық жармалары т. б. болып табылады.

Майлар тек қуат көзі ғана емес, сонымен бірге дәнекер қызметін де (біздің ағзамыздағы ұлпа түзілуіне қатысады) атқарады. Адам майды сары майдан, сүт және сүт тағамдарынан, ірімшіктен, жұмыртқадан, еттердің майлы сорттарынан, сондай-ақ ағзаға қажетті дәрумендерге бай өсімдік майларынан алады.

Көмірсулар-жұмыс істейтін бұлшық еттер үшін ең басты қуаттағыш. Көмірсулардың қайнар көздері қант, жемістер, жармалар, нан өнімдері, көкөністер, картоп болып табылады.

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
Ауыр енбекпен жә не спортпен айналысатындардың тамактану ерекшелігі Азық тү лік тауарларының сапасын бақ ылау
Сенсорлық жүйе
Шаш гигиенасы
Күтім жоспары
Қоғамдық Денсаулық Сақтау факультеті
Спортшылардың жарыстар кезінде және кейін тамақтануы
Дені саудың жаны сау
ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ
Күніне неше рет сүт ішесің
Денсаулық жөніндегі даналық ойлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz