Мәліметтер қорының басқа да моделі


Slide 1

Мәліметтер қорының басқа да модельдері.

Орындаған: Сағындық М. С. Т-341

Тексерген: Арғынгазина Ж. Н.

Slide 2

Мәліметтер қорын пайдалану файлдық құрылым мәліметтерінде болған шектеулер мен кемшіліктерді жоюға мүмкіндік берді. Мәліметтер қорының

көмегімен шешілетін әр алуан есептер мәліметтер қорын құрылымдау мен мәліметтердің арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түрлі әдістерін қалыптастыруға әкеледі. Соның нәтижесінде мәліметтер қорының бірнеше моделі пайда болды. Мәліметтер қорының моделі деп мәліметтер қорының

логикалық кейіптеуін атаймыз. Алғашқыда мәліметтер қорының:

иерархиялық,

желілік,

реляциялық модельдері пайда болды, олар кейіннен классикалық, негізгі модельдерге айналды.

Slide 3

Иерархиялық модель.

Иерархиялық модельде негізгі ақпараттық бірліктер мәліметтер қоры, сегмент және өріс болып табылады. Мәліметтер қорларын басқаратын жүйе көмегімен қол жететін мәліметтердің минималды бөлінбейтін бірлігі мәліметтердің өрісі деп аталады.

Иерархиялық модельде мәліметтер арасындағы байланыстар реттелген граф (немесе бұтақ) түрінде берілген.

Мәліметтердің элементтер типтерінің аталған жиыны сегмент muni деп аталады. Мәліметтердің элементтерінің немесе белгілі өрістерінің мәндерінен сегмент экземпляры құрастырылады. Иерархиялық модельде әр сегмент типі біртекті жазбалар жиынын құрастырады. Берілген жиында әртүрлі жазбаларды бөлу үшін сегменттің әр типінің кілті немесе кілттік атрибуттар жиыны (өрістер, мәліметтер элементтері) болу керек. Сегмент данасын бір мағналы идентификациялайтын мәліметтер элементтерінің жиыны кілт деп аталады.

Slide 4

Иерархиялық модельде сегменттер бағытталған ағаш құрамды графқа бірлеседі. Графтың бағытталган қабырғалары сегменттер арасындағы иерархиялық байланыстарды көрсетеді деп есептеледі: иерархия бойын­ша жоғары тұрған және қарастырылып отырған сегмент типімен байланысқан сегменттің әр данасына қарастырылып отырған (бағынышты) сегмент типінің бірнеше (көп) даналары сәйкес келеді.

Иерархияның жоғарғы денгейінде тұрған сегмент типі онымен бағытталған иерархиялық қабырғалармен байланысқан сегментке қарай логикалық бастапқы деп, ал соңғылары логикалық бағынышты деп аталады. Кейде бастапқы сегменттер аналық сегмент деп, ал бағыншыты сегменттер ұрпақтық сегменттер деп аталады.

Slide 5

Иерархиялық модельдің кемшілігі бар, себебі барлық қатынастарды иерархия түрінде көрсету мүмкін емес. Мысалы, біздер шоттармен сауда агенттер арасындағы байланысты сұлбаға енгізгеніміз жөн (сауда агенттерге делдалдық ақшаларды есептеу үшін) . Онда сұлба келесі түрге келеді 1. 5. 4 суретті қараңыз) . Бірақ ол иерархиялық емес, себебі бір бағынышты файлда екі басты файлы бар. Мұндай қатынастар желілік деп аталады. Егер де файлдағы әр жазба басқа бірнеше файлдардың жазбаларына бағынатын болса мәліметтер арасындағы қатынастар желілік деп аталады. Осындай қатынастарды өңдеу қажеттіліктері себептерінен 60-шы жылдардың (XX ғасыр) аяғында желілік маліметтер қорларын басқару жүйелері пайда болды. Иерархиялық жүйелердегідей желілік мәліметтер қорларының жүйелерінде мәліметтерді байланыстыру үшін алдын ала анықталған физикалық көрсеткішітер қолданылды. Иерархияда әр ұрпақта (файлдағы бағынышты жазбада) тек қана жалғыз анасы (иерархияда бағындыратын жазба) балады. Желілік модельдер әртүрлі файлдардағы жазбалар арасында күрделілеу қатынастарды сүйемелдеді.

Slide 6

Желілік модель.

Желілік модельдерде мәліметтердің арасындағы өзара байланыстар еркін граф түрінде болады, ондағы әрбір ұрпақтың екі және одан да көп ата тегі болуы мүмкін. Желілік модельдің мәліметтер қоры жазбалар жинағы мен байланыстар жинағынан құралады. Байланыстардың жинағы физикалық көрсеткіштері бар өрістен тұрады. Осылайша, желілік МҚ сұлбасын сипаттау үшін типтердің екі тобы: «жазба» және «байланыс» қолданылады.

«Байланыс» типі «жазба» типінің ата тегі және ұрпақ типтері үшін анықталады. «Байланыс» типінің айнымалылары байланыстардың даналары болып табылады. Желілік МҚ жазбалар жинағы мен сәйкес байланыстар жинағынан тұрады. Байланыстарды қалыптастыруға ерекше шектеулер қойылмайды.

Slide 7

Егер иерархиялық құрылымдарда ұрпақ-жазбаның бір ғана ата тегі -жазбасы болса, ал мәліметтердің желілік моделінде ұрпақ-жазба ата тегі-жазбалардың (өгей ата-аналар) кез келген санына ие бола алады. Желілік модельдің нетізгі объекттері келесі: мәліметтер элементі, мәліметтер агрегаты, жазба, мәліметтер жиыны. Иерархиялық модельдегідей мәліметтер қорын басқаратын жүйе көмегімен пайдаланушыға қол жеткізуге болатын минималды ақпараттық бірлік мәліметтер элементі болып табылады.

Slide 8

Реляциялық модель.

Реляциялық мо­дель мәліметтерді көрсету әдісін (мәліметтер құрылымын), мәліметтерді қорғау әдістерін (мәліметтер бүтіндігін) және мәліметтермен орындалатын операцияларды (мәліметтермен әрекеттесу) анықтайды. Реляциялық модельдің аты ол кесте­лер арасындағы қатынастарды көрсететін болғандықтан де­ген пікір дұрыс емес. Керісінше реляциялық модельдің аты оның негізінде болатын қатынастардан (теория бойыншареляциялардан) пайда болды. Реляциялық модельде мәліметтер концептуалды денгейде қатынастар түрде көрсетілген, бірақ физикалық денгейде мәліметтер қалай іске асырылатыны туралы ешқандай бұйрықтар жоқ.

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
Мәліметтер қорының басқа да модельдері
Мәліметтер қоры және оның модельдері
Деректердің иерархиялық моделі дегеніміз не? Деректердің желілік моделі дегеніміз не?
Мәліметтер қорының басқа да модельде
АҚПАРТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ МАМАНДЫҚТАРДА «МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ» БӨЛІМІН МЕҢГЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
NOSQL деректер қорының тарихы
Microsoft Acces
Деректердің иерархиялық моделі
МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫНЫҢ ҮШ ДЕҢГЕЙЛІ АРХИТЕКТУРАСЫ
Мәліметтер қорымен жұмыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz