Түймедақ гүлінің аурулары зиянкестері


Slide 1

Тақырыбы:

Түймедақ гүлінің аурулары

зиянкестері

Орындаған: Нүкенова Айнұр

Группа: АГ - 213

Тексерген: Есенгулова Н. Ж

Slide 2

Жоспар:

Түймедақ гүлінің ботоникалық сипаттамасы және химиялық құрамы.

Түймедақ гүлінің қолданылуы.

Түймедақ гүлінің диплодиоз ауруы, ақ шірік ауруы және күресу шаралары.

Түймедақ гүлінің зиянкесі және күресу шаралары.

Slide 3

Ботаникалық сипаттамасы

Түймедақ (лат. Matricária) - бір жылдық, Астралылар тұқымдасына жататын шөп тектес өсімдік.

Түймедақ - биіктігі 35-40см -ге жететін бір жылдық шөптесін өсімдік, тамыры нәзік, білеу. Бірен-саран бұтақталған сабақтары бар, күрделі екі-үш қауырсынды тілімделген жапырақтары сабақтарында кезектесіп орналасқан.

Slide 4

Тілімделген жапырақшалары жіңішке жіп тәрізді, төменгі жапырақтары сабақтарын жартылай қоршап жатады. Гүлдері өте көп, себет немесе кәрзенке гүл шоғырын түзеді. Гүлдері тұтас немесе біршама үгітілген жартылай шар тәрізді гүлсебеттерден тұрады, гүл сағақтары 3см-ге дейін болады, кәрзенкелері шеткі тілше және ортанғы сары түтікше гүлдерден тұрады. Гүл тұғыры қуыс, жартылай шар тәрізді немесе конус тәрізді. Себеттердің тілше гүлдері ақ түсті, түтікше гүлдерінікі сары, иісі күшті жұпар иісті, дәмі татымды, ащылау.

Slide 5

Химиялық құрамы

Дәрілік түймендақтың гүлдерінің құрамында 0, 2- 0, 8% дейін көк түсті эфир майы бар, эфир майының ең басты компоненттері матрицин мен матрикарин, осы қосылыстардан хамазулен (7% жуық) түзіледі, бұлардан басқа эфир майының құрамына сесквитерпендер фарнезен, бисаболен, кадинен және монотерпен мирцин кіреді. Сонымен қатар эфир майында флаваноидтар, кумариндер, ұштерпен спирттер, салицил қышқылы, аскорбин қышқылы, каротин және т. б. заттар кіреді.

Slide 6

Қолдануы

Дәрі үшін өсімдіктің гүлдерін сабағынан үзіп, жинап алады.

- Түймедақтың гүлінен жасалған дәрілердің жел шығаратын, қабынуға қарсы әсер ететін, тер шығаратын, ауырған жерлерді тыныштандыратын, денедегі бұлшық еттердің тырысуына қарсы әсер етеін қасиеттері бар.

- Халық медицинасында өсімдік гүлдерінің тұнбасынан жасалған дәрілерді асқазанның, тоқ ішектің қабынуын, бауырдың, бүйректің, қуықтың ауруларын емдеу үшін пайдаланады.

- Тамақ бездері мен тіс түбіріндегі еттер қабынғанда ауызды және тамақты шаяды.

Slide 7

Дене сыртындағы іріңді жаралардың, ванна жасау арқылы подаграны ревматизм ауруына байланысты буындардың сырқырағанын емдейді.

Дәрілік түймедағы гүлінен дайындалған тұндырма ішуге, шайқауға, ванна қабылдауға, клизма жасауға тұнба күйінде ұсынылады. Асқазан мен жұмсартатын шөптер жиынтығына да қосады.

Дәрілік түймедағының экстракты мен эфир майы «Ромазулан» препаратының құрамына кіреді. Сүйық экстракты мынжапырақ және қырмызыгүл экстрактарымен бірге «Ротокан» препаратының құрамына кіреді.

Тамақ бездері мен тіс түбіріндегі еттер қабынғанда ауызды және тамақты шаяды.

Түймедақты шаштың қайызғағын кетіру үшін де пайдаланады.

Slide 8

Диплодиоз ауруы. Қоздырғышы - Diplodia chrysanthemella саңырауқұлағы. Бұл саңырауқұлақ Ikata клас тармағына жатады. Бұл ауру өте жиі кездеседі және таралу ауқымы кең болып табылады. Ауру жауын - шашын мол болғанда және ылғалдылық мөлшері жоғары болғанда қауіпті. Жауын - шашын мөлшері мол болған жылдары өсімдік 100℅ жарақаттанады. Диплодиоза ауруы өршіп кеткен жағдайда ол гүл тұқымына және гүл егісінің 50-75℅ зақымдайды. Мұнда егістік бедері маңызды орын алады. Көпжылдық бақылаулардың нәтижесінде, бұл арудың дамуына қолайлы жағдай болып егістік алқабының су айдындарының маңайында, батпақты жерлерде орналасуы негізгі себеп екені анықталды.

Slide 9

Өсімдіктің жеке органдары немесе барлық түптері зақымданады. Ауру көбінесе бүршіктену және гүлдену кезеңінде жүреді. Тұқымды алғаш еккен жылдары қолайлы температура болмаса ауру дамымайды. Көбіне бұл ауру өсімдіктерді тек екінші жылы ғана зақымдай бастайды. Көктемде жапырақтары сұрғылтым түске айналып, одан кейін кеуіп құрғап немесе жыйырылғыш күйге енеді. Түймедақтың ауруға шалдығуының алғашқы белгілері маусым айында байқалады. Инфекция қоры зақымдалған тұқымда, көпжасушалы жіпшеде және де өсімдіктердің қалдықтарында, топырақтың беткі қабатында немесе 10см тереңдікте топырақ астында қыстайды. Топырақ тереңдігі 20-35см болғанда саңырауқұлақ өледі.

Slide 10

Ақ шірік ауруы Қоздырушысы - Sclerotinia sclerotiorum саңырауқұлағы. Бұл саңырауқұлақ Fuck et Scl класына жатады. Ауру көбіне өсімдіктің жерасты бөліктерін зақымдайды, кеде өсімдіктің сабақтары мен жапырақтарын да зақымдайды. Саңырауқұлақ жасушаларды жояды, ұлпаларды жібітеді де ары қарай тамырдың зақымдануына әкеп соғады. Зақымданған ұлпаларда көлемі жалпақ, қара түсті саңырауқұлақтар пайда болады да көлемі одан әрі ұлғая бастайды. Олар сол ұлпада қыстайды. Ақ шірік ауруы ересек өсімдіктерде шілде айында дамиды. Аурудың даму фазасы бүршіктену және гүлдену кезеңі.

Slide 11

Күресу шаралары

Өсімдіктің зақымданған жерін кесіп алып тастау керек. Ақұнтақ пайда болғаны белгілі болса бұлтсыз ашық күні 20°С температурада таза су бүркіп, күкірт ұнтағын себеді. Ақұнтаққа қарсы мыс пен сабын қоспасы ерітіндісін қолдануға болады. 1 л ерітінді дайындау үшін 22 г мыс купоросын шағын ғана жылы суда еріту керек, ал иіс немесе кір сабынды (1 л суға 10 г иіс немесе 40 г кір сабынын) жеке езіп алады. Сабын толық еріп болған соң мыс купоросын сабын ерітіндісіне қосып, жақсылап шайқап араластырады. Дайындалған ерітіндіні сақтап қоюға болмайды.

Slide 12

Түймедақ гүлінің зиянкестері

Өсімдік кенесі- тұрқы 0, 3-0, 4 мм бітімі сопақша ақшылсары түсті, денесін әредік түк басқан жәндіктер. Олар жапырақтың астыңғы жағына орналасады, бірақ өсімдікке өте көп түскенде өсімдік сабағының тұла бойына қаптал жабысып алады да, доп-домалақ, жартылай мөлдір жұмыртқаларын салады. Кене түскен өсімдік жапырақтары мрамор тәрізді түске еніп, үстін нәзік тор қаптайды, содан сарғайып мезгіліне жетпей түсіп қалады. Өсімдік нашар жетіліп, сәнін жоғалтады. Үй жағдайында кенелер өсімдікті жыл бойы залалдайды. Кененің пайда болуына температураның жер арылығы мен ауаның құрғақтығы қолайлы жағдай туғызады. Кенелер түймедақ гүлін, райхан гүлін, азалияны, гортензия т. б. өсімдіктерді залалдайды.


Ұқсас жұмыстар
Түймедақ гүлі
Қызанақ өсіру технологиясы. Қызанақ өсіру
Қарлығанның аурулары
Қарабидай қамырын бірфазалы тәсілмен дайындау
Эспарцет биологиялық, морфологиялық еркешеліктері,таралуы, шаруашылыққа маңыздылығы
Бәйшешек гүлі
Мақта, күнбағыс, қызылша аурулары
Компания тарихы
Дезинфекциялық ерітінді түрлері
Дезинфекциялау ерітінділері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz