Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау




Презентация қосу
Кәсіпкерлік қызметтің
тиімділігін бағалау
Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезе ңіне
көшті. Нарықтық экономика еңбек өнімділігіні ң өсуін, өндіріс тиімділігіні ң
барынша артуын ынталандыратын құралы болып табылады. К әсіпорынны ң
өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі ба ғыттарын, оны ң өсуіне әсер ететін
факторларын, тиімділікті анықтау әдістерін айқындау ма ңызды болып та
былады.
Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі
бағыттарын дұрыс анықтау үшін тиімділікті ң өлшемі мен к өрсеткіштерін
тұжырымдап алу қажет.
Қазіргі кезде кәсіпорындар әр түрлі себептерге байланысты күрделі
жағдайда тұр. Олардың ішінен төмендегілерді бөліп к өрсетуге болады:
инфляция мәселелері; ресурстардың болаша қта ғы бағаларыны ң белгісіздігі;
төлеу қабілеті бар сұраныс; ел экономикасыны ң да ғдарыстан шы ғуыны ң
нақты бағдарламасының жоқтығы; инвестициялық саясатты қалыптастыру
тәжірибесінің нашарлығы; инвестициялық бағдарламаларды құрастыруды ң
әдістемелік мәселелерінің жеткіліксіз зерттелмегендігі; қаржыландыру
көздерін іздестірудің күрделілігі және т.б.
Экономикалық ғылым сирек ресурстарды тиімді пайдалану
жөніндегі ғылым екенін кәсіпкер жеке түсінуі керек. Экономикалық
тиімділік – бұл «шығын-өнім» мәселесін қамтиды. Экономикалық
тиімділіктің критериясы әрбір өнім бірлігіне шаққанда неғұрлым аз
шығын жұмсау. Қорытып айтқанда қоғам барлық ресурстарды
тиімді пайдаланып неғұрлым көп өнім өндіруге талаптанады. Ол
үшін ресурстарды толық іске қосып толық қамтуға және өндіріс
көлемін толық қамтамасыз ету қажет. «Толық қамтылу» деген
пайдалануға жарамды барлық ресурстарды іске қосу, жұмысшылар
жұмыссыз қалмауы керек; егіске жарамды жерлер, күрделі
жабдықтар бос тұрмауы, яғни барлық жарамды ресурстарды іске
қосу керек. Ресурстардың барлығы жұмыс істесе шығын көбейеді:
жұмысшылар еңбек ақы алады, инвестициялық тауарлар сатылады
т.б. яғни ел байиды, нарық тауарға толады, адамдардың әлеуметтік
тұрмысы жақсарады. Қоғамның өмір сүру негізін материалдық
өндіріс, яғни адамдарға қажет байлықты өндіру құрайды.
Кәсіпкер өндірістің негізгі үш факторын іске қосып, өзі т өртінші
фактор болып ресурс иелеріне төлем т өлеуді қамтамасыз етеді: ж ұмыс
күшіне еңбек ақы; капиталға пайыз; жер иелеріне рента; к әсіпкерлерге
кәсіпкерлік пайда.
Жаңа қоғамның негізін тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкерлер тобын
даярлау керек. Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар топты құру үшін,
бірінші, білім керек, екінші, өкімет экономикалық саясатын т үбегейлі
қайта қарауы қажет. Елдің болашақ тағдырын білікті к әсіпкерлер шешеді
және олар өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзіні ң де пайдасын
табатын, іскер азаматтар болуы керек.
Акционерлік қоғамдардың экономикалық тиімділігін арттыруды ң
маңызды бағыттарын дұрыс анықтау үшін тиімділік критерийлері мен
көрсеткіштерін қалыптастыру қажет.
Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің жалпылама
критерийі ретінде қоғамдық еңбек өнімділігінің де ңгейі қызмет етеді.
Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызды
көрсеткіштері ретінде еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылы ғы,
капитал сыйымдылығы және қор сыйымдылығы қызмет етеді.
Қоғамның тиімділігін анықтау тиімділік критерийлерін,
яғни тиімділіктің мәнін ашатын басты бағалау белгісін
орнатудан басталады. Өндіріс тиімділігі критерийінің м әні
кәсіпорынның даму мақсаттарынан шыға отырып,
алынатын нәтижелерді барынша ұлғайту немесе өндірілетін
шығындарды барынша азайту қажеттілігінен шығады.
Мұндай мақсаттарға төмендегілер жатуы мүмкін:
•· Кәсіпорын өміршеңдігін қамтамасыз ету;
•· Тұрақты өсуге қол жеткізу;
•· Құрылымдық қайта құру;
•· Әлеуметтік стратегия және т.б.
Еңбек өнімділігін кәсіпорындар әрқашан арттыру ға ұмтылады. Сонды қтан
олар ұйымдық-техникалық шараларды жүргізеді. Осы ған байланысты
кәсіпорындарда еңбек өнімділігін арттырудың келесідей резевтері
қолданылады:
•· өндірістің техникалық деңгейін жақсарту:
•· өндірісті механикаландыру және автоматтандыру;
• құрал-жабдықтардың жаңа түрлерін қолдану;
•· жаңа технологиялық процестерді қолдану;
•·өнімнің конструкциялық қасиеттерін жақсарту;
•·шикізаттың және жаңа конструкциялық материалдың сапасын арттыру;
•·өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсарту:
•·қызмет ету көлемін және нормаларын ұлғайту;
•·нормаларды орындамайтын жұмысшылардың санын азайту;
•·есеп және есептеу жұмыстарын толық механикаландыру;
•·өндірісті мамандандыру деңгейін арттыру;
•·басқару құрылымын жақсарту.
Өндірістегі құрылымдық өзгерістер:
•·өнімнің жеке түрінің көлемін өзгерту;
•·өндірістік бағдарламаның еңбек сиымдылығын өзгерту;
•·жартылай дайын өнімдер мен қосалқы бөлшектерді ң к өлемін өзгерту.

Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау
КӘСІПКЕРЛІК туралы
Кәсіпкерлік пәніне жалпы шолу
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ
Активтердің тиімділігі
Кәсіпкерліктің мәні және міндеттері
Тәуекелді бағалау
Тәуекелді басқару әдістерін таңдау
Сатылым тиімділігі
Қазақстанның Даму Банкі
Пәндер