Мұғалімнің жеке тұлғасы оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі




Презентация қосу
Мұғалімнің жеке тұлғасы оның кәсіби
қызметінің негізгі өзегі.
Педагогикалық еңбектердің көрнекті шеберлері

Орындаған: Сағитова А.А.
Топ: П-227
Тексерген: Оралбекова Б.С.
Жоспар:
1. XIX екінші жартысындағы орыстың оқу-ағарту
қайраткерлері.Константин Дмитриевич Ушинский (1824-
1871).
2. Социалистік дəуір педагогикасы. Василий Александрович
Сухомлинский (1918-1970).
«Отаныма неғұрлым көбірек пайда
келтіру –менің өмірімнің бірден-бір
мақсаты»
К.Д. Ушинский

Ұлы педагог өзінің бүкіл өмірін халық
ағарту ісіне және балалар тәрбиесіне
арнады.
К. Д. УШИНСКИЙ
((1824-1871)
Орыс педагогикасын əлемдік даңққа бөлеген Константин Дмитриевич
Ушинский (1824-1871) оқу-тəрбие теориясын түбегейлі өзгеріске
келтіріп, педагогикалық практикада төңкеріс жасады.
К.Д. Ушинскийдің есімі шын мәнінде XIX екінші жартысында ғы
орыстың оқу-ағарту қайраткерлерінің ең алдыңғы тобында саналады.
Ол Ресейдегі педагогика ғылымының және орыс халық мектаебінің
негізін қалаушы.Оның «Балалар әлемі», «Ана тілі», «Педагогикалық
антропология» атты тамаша еңбектері, балалар мен м ұғалімдерге
арналған басқа да кітаптары орыс педагогикалық әдебиетінің ба ға
жетпес классикалық шығармалары болып есептеледі, бұл еңбектер
педагогика ғылымына алтын қор ретінде қосылды және дүние жүзіне
әйгілі де болды
Дүние жүзінің басты елдеріндегі мектептердің білім жүйесін
зер сала зерттей отыра,Ушинский өзінің білім беру
жүйелерінде кейбір жалпы ұқсастық жақтарының
болғанымен әр елдің білім жүйелерінде өзіне тән
ерекшеліктері болатынын байқады, бұл ерекшеліктер сол ел
халқының қалыптасқан тарихи өмірімен тұрмысын ,
талаптары мен мұң-мұқтажына байланыстылығын
көрсетті. Ушинский орыс халқына тән тарихи қалыптасқан
мынадай ерекшеліктерді көрсетті . Ғасырлар бойы сыйынып
өткен өз отанына деген терең сүйіспеншілік, оның
тұтастығы мен тәуелсіздігі жолында әрдайым күреске өзір
болу, жоғары азаматтылығы мен гуманизм, мол
творчестволық сезімділік .
Орыс мұғалімдерінің ұстазы К.Д.Ушинский
өзінің педагогикалық жүйесін өз кезіндегі ең
озық ғылым дәрежесіне көтерді.Ушинский өз
шығармаларында педагогиканың әрі ғылым, әрі
тәрбие өнері екендігін, тәрби мақсатымен
тәрбиелеудің халықтығы туралы идеяны және
жеке адамды тәрбиелеу теориясын,
дидактиканы мұғалімдерге қойылатын
талаптар сияқты педагогиканың күрделі де
түбірлі мәселелерін ғылым негізінде шешті,
өзінің прогресшіл педагогикалық жүйесін
құрды.
«Адам білім арқылы
жұмыс істеуге үйренуі —
адамгершіліктің ең
жоғарғы мұраты»
Сухамлинский

 В.А Сухомлинский
(1918-1970)
 Василий Александрович
Сухомлинский (1918-1970) өз
зерттеулерін жастарды
тəрбиелеудің моральдық
проблемаларымен байланыстырды.
Оның дидактикалық кеңестері мен
нақты да дəл бақылаулары қазіргі
педагогикалық ой дамуы жəне
қоғамды қайта түзу дəуіріндегі
мектеп тағдыры жөніндегі
ұсыныстары өз маңызын əлі де
сақтауда, сонымен бірге білім
сапасын жаңаша түсінуде үлкен
жəрдемін тигізіп отыр.
В. А. Сухомлинский »Жастарды адамгершілікке» тәрбиелеудің
проблемаларын» зерттеді. Сухомлинский еңбектері басты да
күрделі міндеттерді шешу — барлық жастарға орта білім
беруге арналған. Педагогиканың мұндай күрделі де маңызды
міндеттері — комплексті түрде, мектеп практикасы ар қылы,
мектептің қазіргі жағдайына байланысты шешіліп,
нәтижесі тез арада тарап кетті. Ол халықтық
педагогиканың үлгісіне сүйенеді. Ол халықты нағыз тірі
құрал ретінде педагогикалық даналықтың көзіне айналдыра
отырып зерттеді.
Білім беру мен оқыту органикалық талдаудың көзі, дамыған сезім мен
ақылдың бірлігі, халық пен адамның үзіліссіз білім алуыны ң қалыптас қан
сұранысы. Сухомлин-ский өзінің көптеген еңбектерінде ең ма ңызды ой-
пікірі — педагогтың мынадай екі мәселені шешуіне арналады.
Біріншіден, оқушыларға білім қорын жинақтауға мүмкіндік беру.
Екіншіден, оқушыларды ұдайы, барлық өмір бойы өз білімін толықтырып
отыруға әсіресе, адамзат мәдениетінің қазынасын тиімді пайдалануға
үйрету. Оның айтуынша, білім беру творчестволық процесс — адамның,
жеке тұлғаның қалыптасуы өмірлік толастамайтын ағынды, тасқынды
процесс. Оқыту, білім беру, тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-
бірі толықтырып, кезекпе-кезек жалғасып отыратын тарихи процесс.
Сухомлинский— деп тұжырымдады.
Пайдаланған әдебиеттер:

1. Ж. ӘбиевПедагогика тарихы: Оқу құралы.-Алматы : Дарын,-
2006. - 480 бет
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің жеке тұлғасы-оның кәсіби қызметінің негізі
Мұғалім жеке тұлға – оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі
Мұғалімнің жеке тұлғасы – оның кәсіби қызметінің өзегі
Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі, үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары
МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫ
Әрбір мұғалімнің кәсіби
ПЕДАГОГТЫҢ ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӘСІБИ
Мұғалімнің жеке тұлғасы оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі. Педагогикалық еңбектердің көрнекті шеберлері
Мұғалімнің жеке тұлғасы – оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі болып табылады
РЕСЕЙ ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ҰСТАЗДАР ЖАЙЛЫ АЙТҚАН ҰЛАҒАТТЫ СӨЗДЕРІ
Пәндер