Маркентилизм еркшеліктері



Маркентилизм еркшеліктері
Орындаған:Төлеген Д. М
Тексерген:Қуантқан Б. Қ
Топ:ОЗ-407

1. Меркантелизм сөзінің мәні
Меркантелизм сөзінің мәні латын, ағылшын, француз және итальян тілдерінде-сауда, саудагер деген ұғымды білдіреді. Меркантелизмді XVI-XVIII ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде басымдылық алған ең алғашқы ғылыми экономикалық ғылыми көзқарас жүйесінде анықтауға болады. Осы ілімнің негізгі мазмұны байлық көзі тауар мен ақша айналымы саласында болды деп есептелінді. Меркантелизм екі кезеңнен тұрды: алғашқы кезең - ақша балансы теориясын ұсынды, оған сәйкес олар елден ақшаны сыртқа шығаруға тыйым салу қажеттілігін ұсынды; соңғы кезең - меркантелистер тауар айырбастау сферасын зерттеуге көшті. Алғашқы меркантелистерден айырмашылығы олар ақшаны шетке шығаруға тыйым салмады, өндірістік тауарлардың экспортын көбейтіп, протекционизм саясатын жүзеге асыруды ұсынды. Протекционизм - ұлттық экономиканы қорғау. Меркантелистер өкілдеріне Монкретьен, Стафорд, Мэн, Фосашков жатады. Карл Маркс XVI-XVIII ғасырларды Батыс Еуропа елдері «капиталды алғашқы қор жинау» кезеңі болды деп есептеді. Батыс еуропа елдері Америка мен Азияға жеткізетін әлемдік теңіз-мұхит су жолдарын анықтап-игеру нәтижесінде халықаралық сауда орталығына айналғаны белгілі. мерканталистер байлықты алтын және күміс ақша деп білген, ұлттық және мемлекеттің байлығын алтын-күміс ақша қорымен өлшеген. олар байлықтың көзі-саудада деп есептеген. Экспорттан ақша қоры өседі, ал импорттан ақша қоры кемиді. Осыған байланысты, консепциясында протекционистік сыртқы сауда саясатын қолдаған. Меркантелистердің концепсиясы бойынша, сыртқы сауда-байлықтың көзі, сондықтан мемлекеттің араласуымен белсенді сауда балансын қалыптастыру-байлықты арттырудың негізгі әдісі және жолы.

2. Меркантелизм ұғымы
Меркантилистер (итальянша-саудагерлер) XVI-XVII ғ. ғ. аралығында еуропалық көпшілігі меркантелизм деп аталатын экономикалық теория ықпалында болды. Меркантелистердің ойларынша әрбір ұлт саудагерлер секілді таза табыс алу үшін бір-бірлерімен бәсекелістікке түсулері керек болатын. Олардың пікірлерінше үкімет жалақы және т. б. ресурстарға шығындалуды азайтып, экспортты ( басқа елдерге сатылатын тауарларды ) көтермелерді қажетті заңдармен қолдауы тиіс еді. Солай еткенде “қолайлы сауда теңгеріміне” жетуге болатын. “Қолайлы сауда теңгеріміне” жету үшін көптеген еуропалық елдер отарлау әрекеттеріне ұмтылған. Олардың ойларынша отарлау ( колонизация ) жаулап алушы елді арзан жұмысшы күшімен, шикізатпен қамтамасыз етіп, өндіріс тауарларын сататын рынок жасалынады деп түсінген. “Қолайлы сауда теңгерімі” импорттан экспорттың басым түсу жағдайын жасайды. Бұндай басымшылық сатушының таза пайдасына ұқсап, алтын мен күмістің ұлттық қорының өсіуіне жеткізеді. Сол уақыттың көптеген адамдары ондай қор ұлттың хал-ахуал жағдайын оңайлатудың ең оңайлы шаралары деп санаған. Мәселен, осы мақсаттарды орындау үшін Англия өзінің америкадағы отарларына байланысты навигация туралы Заң қабылданған. Ол заң британия өнеркәсібін қорғап, отарланған жерлерінде қалпақ, жүн бұйымдары, қақталған темір және тағы басқа тауарлардың өндірілуіне тыйым салған. Ол Заңда, сонымен қатар, Англиядан басқа бірде-бір елге сатылмайтын “ерекше тауарлар” тізімі де ( негізінен шикізат ) болған. Ол заңдарға деген наразалықтың зор болғандығы соншалық, оны тәуелсіздік жолындағы Соғыстың басты себетері деп атаған. Мемлекет қолайлы сауда теңгерімі үшін күресіп, федеральды үкімет импортқа барынша тосқауыл қойып, экспортқа жол ашып отыруы керек дейтін адамдар қазір де бар. Сондықтан да оларды неомеркантилистер немесе “ жаңа” меркантилистер деп жиі атайды. Сонымен, меркантелистер экономикада нарық теориясын насихаттаған болса, ал саясат саласында осы нарықтың дамуына негізгі кедергі болатын, абсолютті монархия билігін қолдаған. Меркантелистерге олардың ой-санасы мен экономикалық көзқарастарына байланысты бірнеше қорытынды жасауға болады. біріншіден, Батыс Еуропада XVI-XVIII сауда-қаржы капиталистерінің тиімді экономикалық-саяси одағы қалыптасты.
Екіншіден, меркантелистік ілім, нарық теориясы емес, тек қана экономикалық идеология деп түсінген дұрыс.
Үшіншіден, меркантелизм идеологиясы және меркантелистік саясат капиталдың Батыс Еуропада қуат алуына, экономикалық билікпен бірге саяси билікке жол салды деуге болады.
Төртіншіден, меркантелимзм ішкі ұсақ сауданы, өнеркәсіп өндірісін өзіне бағындырды, соның нәтижесінде жаңа экономикалық саяси дәуір-капиталистік тауар өндірісінің даму кезеңі басталды. Сондықтан меркантелистік идеологияның орнын классикалық теория басты.

3. Меркантелистік ілімнің ерекшелігі
Меркантелистік ілім екі даму сатысына: алғашқы және соңғы меркантелизм деп бөлініп сипатталады. Былай бөлудің негізгі белгісі-белсенді сауда балансын қалыптастыру әдістері болады. Алғашқы меркантелизмнің даму шегі XVI ғасырдың ортасына келеді, ал соңғы меркантелизм XVII ғасырды толық қамтиды. Енді осы даму сатыларына жеке-жеке тоқталсақ;
XVI ғасырда, алғашқы меркантелизм кезеңінде халықаралық сауда байланыстары әлі тұрақтанбаған жәнеәлсіз болған, ал XVII ғасырда меркантелизмнің екінші кезеңінде халықаралық сауду тұрақты және күшті дамыған.
Егер XVI ғасырда алғашқы меркантелистер біржақты және қатал сауда саясатын ұстанған болса, кейінгі меркантелистердің бұл мәселе бойынша көзқарасы біршама өзгергені көрінді:мысалы, олар белсенді сыртқы сауда балансын қалыптастыру емес, сақтау және нығайту мәселесін мақсат ретінде анықтап алып, сыртқы сауда ісіне икемді саясат жүргізуді ұсынған екен.
Егер алғашқы меркантелистер ақшаның номиналдық теориясын ұсынған болса, кейінгілер ақшаның сан-көлемдік теориясына ауысты.
Егер алғашқы меркантелистер ақшаның алтын қор жинау қызметін бірінші орынға қойса, соңғылары ақшаның негізгі қызметін айналым құралы ретінде түсіндіреді.
Алғашқы меркантелистер ілімінде «ақша балансы» басым болса, екіншілерінде «сауда балансы»туралы қағидалар басым

Қорытынды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz