Ас бұршақ зиянкестеріне жалпы сипаттама



Ас бұршақтың дән қоңызы
Ас бұршақтың дән қоңызы

Жоспар
Кіріспе 1. Ас бұршақ зиянкестеріне жалпы сипаттама
Негізгі бөлім 1. Ас бұршақ дән қоңызының биологиялық ерекшеліктері 2. Ас бұршақ дән қоңыздарының таралу аймағы 3. Зиянды фазасы 4. Даму циклі 5. Есептеу әдістемесі
Қорытынды

Бұршақ дақылдары топырақ құнарлылығын жақсартатын, өзіндік маңызы бар дақыл болып саналады. Бірақ та олар әр түрлі зиянкестермен зақымдалады. Дәнді бұршақты дақылдар ең алдымен мамандандырылған зиянкестермен зақымдалады: бұршақ қоңыздары- ас бұршақты және дәндерін зақымдайды, түйнекті бізтұмсықтар- өсімдік жапырақтарын және азотфиксациялайтын түйнектерін, бұршақ бітесі- өсімдік жапырақтарын және бұршақтарын зақымдайды.
Бұршақ дақылдары зиянкестеріне сипаттама

Биологиялық ерешеліктері
Қоңыздарының бүйірінің алдыңғы арқасында және жамбастың төменгі жағында тісшелер орналасқан. Қанаттың үстінде ақ дақтар, ал құрсағының астында екі ірі қара дақтары бар.
Денесінің ұзындығы 4, 5-5 мм ақшыл түктермен қапталған. Дернәсілі сопақ, ақшыл-сары, ұзындығы 5-6 мм. Қоңыздар тазалау, сақтау және егінді жинаған жерлерде бұршақтың ішінде қыстайды.

Таралуы
Қазақстанда кең таралған. Көбінесе оңтүстікте және оңтүстік шығыста көптеген зиянын келтіреді. Қазақстаннан басқа далалық және орманды дала аймақтарда, яғни Украинада, әсіресе оның батыс бөлігінде, Солтүстік Кавказда, Батыс Грузияда, Армения мен Азербайжанда, Орта Азия республикаларында және Қиыр Шығыста таралған.

Зиянды фазасы
Егіс далаларында қоңыздар бұршақтың гүлдену кезінде пайда болып, гүлдің күлте жапырақтарымен және тозаңымен қоректенеді. Жұмыртқадан шыққан личинка жарма үстін еміріп теседі де дәннің ішіне енеді. Қоректену процесінде личинка дәннің ішін үңгіп едәуір қуыс жасайды. Бұршақ қоңызының личинкалары зақымдаған бұршақ дәндерінің салмағы кеміп, сапасы нашарлайды, дәмі жағымсыз болады да, шығымдылығы 75% төмендейді. Ондай дәндердің ішкі қуысы личинканың экскрементімен толық болады.

Даму циклі
Зиянкес жылына бір генерация беріп көбейеді. Жұмыртқаларын бұршақ жармасының үстіне салады. Орташа өсімталдылығы әр ұрғашы қоңызға 130-750 жұмыртқадан келеді. Эмбрионалдық дамуы 6-10 күнге созылады. Бір дәнге бірнеше личинка еніп, олардың ішінен біреуі ғана дамып, қалғандары өледі. Личинка мен қуыршақтың дамуы толығымен бір дәннің ішінде өтеді де 1, 5-2 айға созылады. Қуыршақтың дамуы 20-23 күнге созылады. Суретте көрсетілген: 1- имаго, 2, 5, 4- личинка, 3- бұршақ, 6- бұршақ дәндері.

Есептеу әдістемесі
Көктемде бұршақ дақылында алғашқы көктеу пайда болғанда, ондаған аумақтағы 1 м2 бойынша бұршақ сабақтарының санын анықтайды. Қоңыздар әсіресе жас өскіндерге зиян келтіреді. Қоңыздарды бақылаудың көктемгі, жазғы және күзгі тексеру әдістері бар.
Көктемгі тексеріс - күзде қоңыз санының көп белгіленген алқаптарында жүргізіледі.
Жазғы тексеріс. Егістіктің және көкөніс алқабының 10пайыз ауданын қамтиды. Есеп 2 алқапта жүргізіледі. Есептеу кезінде топырақтың тереңдігі 5см болу керек. 1м2-ге жұлдызқұрт пен қуыршақтарының ортақ саны белгіленеді. 1М2 0, 2 жұлдызқұрттың топырқта орналасуы әлсіз, 0, 4-0, 6 - орташа, 0, 8 және одан кқп болса күшті деп саналады.

Қорытынды
Сонымен қорытындылай келе, ауыл шаруашылығында қоңыздардың айтарлықтай зияны бар екенін аңғардық. Олар егістікте, бау бақшаларда әр түрлі дақыл түрлерін қорек етіп, өсімдіктің тамыр, жапырақ, сабақ бөлектеріне зиян келтіруде. Ал бұл ауыл шаруашылық өнімінің төмендеуіне әкеліп соғары анық. Сондықтан, қоңыздарды жою ауыл шаруашылық ғалымдарының, агрономдардың міндеті болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Агибаев А. Ж., Тулеева А. К., Сулейменова З. Ш “Ауыл шаруашылық дақылдарын зинкестер мен аурулардан қорғау ” Алматы, 2010
2. Сулейменова З. Ш “Методические указание по мониторингу численности вредителей, сорных растений и развития болезней селскохозяйственных культур” Астана, 2004
3. Ә. Т. Тілменбаев, Г. Ә. Жармұхамедова “Энтомология”
Экологиялық қылмыстар |
Сүйек ұлпасында |
Астық тұқымдастары |
Гүлдің құрылысы |
ӨСІМДІК ЗИЯНКЕСТЕРІ |
Астық қоңыз |
Гүл серігі |
Кү ріш масасы |
Алғы дақыл |
Бұршақ бітесі |
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz