Есептік цикл мен қаржылық есеп беруді дайындау


Slide 1

Есептік цикл мен қаржылық есеп беруді дайындау

Орындаған: Кабиева. А

Тексерген: Сарсенбаева. А. А

Slide 2

Қарастыратын сұрақтар:

Есептік кезең

Қаржылық есеп беру

Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Шаруашылық операцияларын талдаудан қаржылық есептілікті құру және шоттарды жабуға дейінгі есептік процесс кезеңдерінің бірізділігі есептік цикл деп аталады. Есептік цикл келесідей кезеңдерден тұрады:

Алғашқы құжаттардың негізінде операцияларды талдау;

Бас журналға операцияларды тіркеу;

Бас кітапқа жазбаларды көшіру;

Трансформациялық кестені құру көмегімен есепті кезеңнің соңында шоттарғады түзету жасау (трансформациялау) ;

Есепті кезеңнің соңында шоттарды жабу;

Трансформациялық кестенің негізінде қаржылық есептілікті құру.

Slide 4

Қаржылық есептілікті құру үшін бухгалтер ағымдағы есепті кезеңге жататын мәліметтерді алуы керек. Бұл есептеулерді жүргізуді, талдауды, құжаттардың жобасын дайындауды талап етеді. Олардың барлығы жұмыс құжаттары деп аталады. Егер Бас журналда немесе Бас кітапта қателік табылса, оны түзету керек. Қателіктерді түзету түзету жазбаларының көмегімен жүргізіледі. Түзету жазбалары - бұл алдында толықтай немесе жартылай қате жасалған журналдық жазбаның бір бөлігін немесе барлығын түзету үшін жасалатын журналдық жазбалар. Әдетте қателерді түзету үшін қате жазбаларды сызып тастап, дұрысын қайта жазады (сторно әдісі немесе қызыл сторно әдісімен) . Әрбір түзету жасалған жазбаға толық түсініктеме көрсетіледі. Шаруашылық операциялар тікелей шоттарға тіркелуі мүмкін. Мұндай жағдайда әрттүрлі шоттарға жазылған шаруашылық операцияларды талдау және тіркеу кезінде жіберілген қателіктерді табу қиын болады.

Slide 5

Талдауды келесідей түрде жүргізеді:

фирманың активтері мен пассивтеріне шаруашылық операциялардың әсерін талдайды;

активтердегі көбеюді - дебет бойынша, пассивтердегі көбеюді - кредит бойынша бейнелейді;

бухгалтерлік жазбаларды жасайды.

Мұны шаруашылық операцияларды журналға хронологиялық тізбектеу жолымен шешуге болады. Көбіне фирманың бірнеше журналдары болады, дегенмен ең қарапайымы және қолайлысы Бас журнал деп аталады.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық ждағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т. б. кіреді.

Slide 6

2. Қаржылық есеп беру

Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.

Осымен қоса, есеп беру кәсіпорнының шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады.

Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел статистикалиқ есеп берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

Slide 7

Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары:

Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижеміне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын алған кезден бастап танылады.

Толассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуан да мақсат тұтпайды.

Түсініктілік.

Маңыздылық.

Мәнділік.

Дұрыстық.

Шындық және алалықсыз ұсыну.

Бейтараптылық.

Сақтық.

Аяқтау және салыстыру.

Жүйелілік.

Slide 8

Балансты жәна басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептері толық көлемде берілун қамтамасыз етуі керек.

Қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлңк баланс, шаруашылық-қаржылық қызметтің нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру және түсіндірме хаттамасы кіреді.

Қаржылық есеп берудің мақсаты - пайдаланушыларды есептік кезеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға, несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражаттарының ағынын бағалауға, кәсіпорын міндеттемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.

Slide 9

Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін класқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементі болып табылады.

Актив - бұл құндық бағасы бар субъектінің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес иелігі. Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі. Ол өткен мәміленің немесе басқа оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді(жұмысты, қызметті) өндіру үшін, сондай-ақ өндірісті басқару және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа активтерге айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемемсін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелері арасында бөлінуі мүмкін.


Ұқсас жұмыстар
Шоғырландырылған қаржылық есептілік
Өндіріс есебі
Есепте қолданылатын өлшеуіштер
Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде
Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі
Активтердің рентабелділік коэффициенті
Салық кодексі
Бұрмалаулар және түрлері (алаяқтық фактісі) Аудиторлық тәуекелдік және оның компоненттері “Тәуекелділікті бағалау” “Ішкі аудит”
Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
Бугалтерлік есепті ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz