Қонақ үй шарушылығы




Қонақ үй шарушылығы
Қонақ үй шарушылығы

Елімізде соңғы бес жылда қонақ үй бизнесі қарқынды дамып келеді. Аса ірі қалаларымыздағы жеке кіші отельдер саны артып, ескі қонақ үйлер қайта жаңғыртылуда. Алайда отандық қонақ үй сервисі мен қызмет көрсету сапасы бәрі бірдей жоғары деуге әлі ерте. Сондықтан да көптеген мейманханаларымыз батыс пен шығыс елдеріндегі беделді бәсекелестерінің қатарынан көріне алмай тұр. Себеп, республикамыздағы қонақ үйлердің басым бөлігі - арнайы категорияға ие емес. Мәселен; Қазақстандық қонақ үй рыногын төмендегіше топтастыруға болады: Бес отель «5 жұлдызды», жиырма үші «4 жұлдызды» категория қатарына тіркелсе, «3 жұлдызды» қонақ үйге елу нысан қатысты. Қалған қонақ үй қорлары - арзан сегменттегілер.
Еліміздегі 385 қонақ үй орынжайларының 350-і қалалық жерлерде орналасса, 35-і ауылдық елді-мекендерден (11 облыстағы) орын алған. Бір өкініштісі, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы ауылдық жерлерде қонақ үйлер мүлдем жоқ. Ал Алматы, Астана және Ақтау қалаларындағы санаулы мейманханалар ғана қонақтарына комфортты жағдай жасауға қабілетті.
Дегенмен, елімізде қонақ үй құрылысы қарқын алып келеді. Осыған сай Астанадағы бірқатар қолжетімді қонақ үйлерді қайта жаңғырту есебінен нөмірлік қор қысқарды. Нәтижесінде экономикалық жоғары классты қонақ үйлерге сұраныс көбейді, ал онда қызмет көрсету құны аса қымбат.

Күшті жақтары
шетелдік батыстық бәсекелес кәсіпорындар желісінің ықпалымен ірі қалалардағы қонақ үй саласының дамуы жоғары деңгейде деп сипатталады
Жоғары деңгейдегі қызмет көрсету мен жоғары сапалы сервис адамдарды баурап алады
Туритсердің сұранысына ие
Қонақ үй шаруашылығы отандық нарықтың дамуына да оң әсерін тигізіп отыр.

Әлсіз жақтары
сырттан келетін туристерге қолайлы кейбір аймақтардағы қонақ үй индустриясын жетілдіру жағы мардымсыз.
Осымен байланысты орталық қалалардағы, экскурсанттарға ыңғайлы өңірлердегі Отандық қонақ үй желісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру проблемасы туындайды.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мұндай кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі маркетингтік басқарудың ажырамас бөлігі болып табылатын қызмет сапасын ұдайы көтеруге негізделеді.

Мүмкіндіктер
Жалпы алғанда басқару жүйесіне TQM (басқарудың жаппай сапалылығы) енгізе отырып, тауарлар мен қызмет көрсету сапасының теориясын қолдану қажет.
Қонақ үй тәжірибесінде стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым ұсынымдарына (ISO) сәйкес тауарлардың, қызмет сапасының сертификациясы мен процесстерін маркетингтік қызмет сапасымен үйлестіру жағын ұйымдастыруға болады.
Қонақ үй шаруашылығы қызметін ұйымдастыру қазақстандық мейманханалардың бірегей корпоративтік жүйесі құрылған жағдайда тиімді жүзеге асатыны анық. Өйткні қонақ үй шаруашылығында ұсынылатын қызметтер кешенін басқару мейманхананың маркетингтік іс-әрекетіне сүйенеді.
Қазақстандық, сондай-ақ шетелдік клиенттерді туристік нысандар мен еліміздің кәсіпорындарына тарту Отандық мейманжайлылықты әрі қарай дамыта түсуге мүмкіндік береді
Туризмді дамыту арқылы қонақ үй шаруашылығын ұйымдастырудың батыстық тәжірибесіне бейімделе отырып, келтірілген проблемалардан айығуға болады.
Қонақ үй қызметі шаруашылығын заманға сай бәсекеге қабілетті етіп жетілдіру, оны еліміздің экономикасының жоғары табысты секторына айналдыру, Қазақстан мейманханаларының имиджін тартымды туробъекті ретінде қалыптастыру.

Қатерлер
отандық қонақ үй сервисі мен қызмет көрсету сапасы жағынан мейманханаларымыз батыс пен шығыс елдеріндегі беделді бәсекелестерінің қатарынан көріне алмай тұр, себебі, республикамыздағы қонақ үйлердің басым бөлігі - арнайы категорияға ие емес.
экономикалық жоғары классты қонақ үйлерге сұраныс болғанымен, онда қызмет көрсету құны аса қымбат, орташа деңгейдегі тұтынушылардың қалтасы көтере бермейді. Бұл сұраныс деңгейінің төмендеуіне әкеледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz