Мұғалім жеке тұлға – оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Мұғалімнің жеке тұлғасы - оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі
Семей - 2015
Орындаған: Рахметоллина М. Қ
П-227

Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
Әл Фараби

Мұғалім - мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген.

Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” - деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші. Өсіп келе жатқан ұрпақ - адамзаттың болашағы, жалғасы. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы - жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - МҰҒАЛІМ.
Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынұлы:
Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Демек, мұғалім - барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкірттеріне нұр кұятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Бұл лайықты тұлғаға жету үшін ізденісте жүру қажет. Үнемі ізденісте болып, кәсіби білімін шыңдай түсуі тиіс деп есептеймін. Педагогикалық білімі, мәдениеті және этикасы бір-бірімен ұштасқан, асыл қасиеттерді бойына сіңірген ұстаз ғана биік шыңдардан көріне алады, шәкірт тәрбелей алады.

А. С. Макаренко
А. С. Макаренко мұғалім бір жағынан аға жолдар және нұсқаушы болуы тиіс, ал басқа жағынан бірлескен қызметтің қатысушысы болуы керектігін айтады. Педагогтың ұжыммен қарым-қатынасында белгілі бір бояу ретінде достықты қалыптастыруы өте қажет. Педагог пен бала арасындағы қатынас нұсқалары туралы ойлай келе А. С. Макаренко былай дейді: «Ешқашан педагог пен басшылық өз тарапынан тілге ерік берулеріне болмайды. Екінші жағынан, педагог пен басшылық тәрбиеленушілер алдында айқайшы, ашуланшақ болуына жол жоқ».
Педагогта қажетті қарым-қатынас тәсілдерінің болмауы, қарым-қатынас технологиясын білмеуі нақты бір рөл ойнайды. Педагогта кәсіби қарым-қатынас дағдысының болмауы мұғалімнің жеке шығармашылығының және оның тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

А. С. Макаренко педагогикалық қызметте табысқа жетудің бірінші қолайлы шарты болып табылатын тәрбиенің мақсатын анық та және айқын елестете білу деп түсінді, онсыз ешқандай да тәрбие жұмысы мүмкін емес. Оның айтуынша, қабілетсіз немесе “бұзылған” бала “сәтсіз педагогтардың” ойлап тапқандары, барлық “бұзылғандық, тәртіпсіздік және балалардың қылмескерлігі туа біткен және түзетуге болмайтын сапалар емес”. Макаренко бүгінгі “бұзылған бала ертең қабілеті жануы мүмкін, отанының нағыз азаматы, Социалистік Еңбек ері болып шығады”, -деп есептеды. Макаренконың айтуынша, педагог оптимист болуға тиіс, алдағы бақытты балалық шақты көре білуі керек, адамға оптимизммен қарау керек.

Ы. Алтынсарин
“Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс” - деген болатын.
Расымен де, ұстаз қаншалықты білімді, білікті болса да, сол білімі мен тәлім-тәрбиесін шәкіртіне бере алмаса - кәсіби шеберлігінің жоқтығы деуге болады. Педагог білімді жеткізуді ғана ойлап қоймай, оны қалай жеткізу қажеттігін білуі керек. Тек педагогикалық техникасы, шеберлігі шыңдалған ұстаз ғана шәкіртіне жол таба алады.

“Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым- шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады” - дейді. Иә, педагогикалық шеберлік деп балаларды жақсы көретін, жұмысына бейімделген, әр педагогтың қолы жете алаты, жоғары және үнемі жетілдірілетін тәрбие мен білім беру өнерін айтамыз. Ұстаз бойындағы білім мен мінез үйлесімділік тауып, шәкіртке деген ұлы махаббатпен тоғысып жатса, әрбір шәкіртіне жеке тұлға деп қарап, адал жүрегін ұсынса, өз ісін жан тәнімен сүйіп істесе, нағыз ұстаз болмақ.
В. А. Сухомлинский

В. А. Сухомлинскийдің еңбектерінің ішінде еліміздің педагогикалық жұртшылығы мен көптеген шетелдерде белгілі және кеңінен тараған “Балаға жүрек жылуы”, “Азаматтық қалыптасуы”, “Коллективтің құдыретті күші”, “Павлыш орта мектебі”, “Мұғалімдерге жүз кеңес”, “Мектептің жас мұғалімімен әңгіме” т. б. кітаптарын ерекше атауға болады.
Оның қызметінде әрбір педагогтың өзінің кәсіби қызметіне шығармашылықпен қарау мәселесі басты орынды алды. Өзінің “Мектептің жас директорымен әңгіме” еңбегіне былай деп жазды: “Егер педагогикалық еңбек мұғалімі қуаныш әкелсін десеңіз, егер күнбе-күнгі өткізілген сабақтар жалықтыратын, бірсарынды қайталанып отыратын жұмысқа айналмасын десеңіз, әрбір мұғалімді зерттеудің бақытты жолына жетелеңіз”.
Бүкіл әлемге ерекше танымал болған В. А. Сухомлинскийдің “Балаға жүрек жылуы” еңбегінде ол балаларды үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиешінің жұмысының жемісті болуы әрбір баланың рухани өмірі мен даму ерекшеліктерін тек ғана терең білгенде ғана мүмкін екендігін анық та және айқын көрсетіп берді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz