Ет фирмасын ашу үшін, ірі қара малдарды өсіру


Slide 1

Ет фирмасын ашу үшін, ірі қара малдарды өсіру

Орындаған:Дәулет. Г Базар. Х

Тексерген:Есенбекова. З. Ж

Тобы:БТ-407

Slide 2

Жоспар

Біз ет фирмасын құру үшін ата-анамыздың атымен несие аламыз. Оны шағын кәсіпкерлікті ашуға пайдаланамыз. Бұл фирманы Семейдің шетінен ашпақпыз. Себебі қала тұрғындарының ет өнімімен қамтамасыз етілуіне қолайлы. Ет фирмасын ашу үшін ірі қара малдар аламыз және оларды өсіретін ортамен қоса жем-шөп, бақташы адамдар аламыз. Болашақта фирмамыздың көлемін үлкейтіп, еліміздегі ірі фирмалардың бірі етіп, Елін ойламағанның ерлігі зая, Ертеңін ойламағанның тірлігі зая дегендей фирмамызды елімізге ғана танытып қоймай, шет елдергеде танылса дейміз!

Slide 3

Қаржыландыру көзі

Сома

Өз қаражаты

100, 000

Қарыз қаражаты

1млн 500 мың

Барлығы

1млн 600 мың

Slide 4

Несиелеу шарттары

Кредит валютасы

Теңге

Пайыздық ставка, жылдық

7%

Өтеу мерзімі

7, 0

Пайыздармен негізгі борышты төлеу

Ай сайын

Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

6

Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

6

Өтеу түрлері

Тең үлестермен

Slide 5 Slide 6

Мал түрлері

Малды алған бағасы

Тірідей салмағы кг

Сойылғаннан кейінгі салмағы

Пайда

Таза пайда

Сиыр(бұқашық)

150-200 мың теңге

300-320 кг

250-280кг

300 мың теңге

100 мың теңге

Сиыр(өгіз)

140-180 мың теңге

280-300кг

240-270кг

250 мың теңге

80 мың теңге

10 қой (еркек)

30мың т (10 қой300мың теңге)

60-65кг

55-50кг

50мың теңге

20 мың теңге

Барлығы

680 мың теңге

640кг

540кг

1млн50 мың теңге

400 мың теңге

Slide 7

Б

Ақша шығыны

Жұмысшылар (саны-5)

Ай сайын (150 мың)

Жем-шөп, су

Сатып аламыз (350 мың)

Бензин, май

25 мың

Барлық шығын

525 мың

Мал союға қажетті құрал жабдықтар

Пышақ(5 шт)

2500 теңге

Арқан( жіп)

2000 теңге

Slide 8

Кірістер бабы

Сатудың басталған күні

2016

2017

2018

2019

Ет сату

01. 03. 16

0

11856

12550

15715

Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы

Slide 9

Кіріспе

Етті, әсіресе сиыр етін өндіруді ұлғайту мәселесі - мал шаруашылығы саласындағы барынша өзектілерінің бірі. Қазіргі уақытта Қазақстанда сүтті және құрамдастырылған тұқымды мал өсіру есебінен шешілуде.

Сонымен бірге ет ресурстарын ұлғайтудың маңызды резерві мамандандырылған ет шаруашылығын дамыту болып табылады, оның бірқатар экономикалық және өнімділік ерекшеліктері бар. Мамандандырылған ет тұқымды мал барынша жоғары ет өнімділігімен және сиыр етінің сапасымен, тез өсіп жетілетіндігімен ерекшеленеді. Оларды сойып, одан әлемдік стандартқа сай келетін, жоғары деңгейде тағам ретінде тұтынылатын ет өндіреді, жоғары сапалы тері шикізатын алады.

Бұл шығыны аз сала, капитал салудың, азық-түлік жағдайларының шектелуі, сүт өнімдерін өткізу нарығының қашықтығы сүт бағытындағы мал шаруашылығының дамуын тежейтін жерді пайдалану дамыған өңірлерде ет өнімдерін тиімді өндіруге мүмкіндік береді.

Slide 10

Ет бағытындағы малдың санын қалпына келтіру және одан әрі ұлғайту фермер шаруашылығын дамытуға, оларды нығайтуға, мамандандыруға, нақты табиғи, экономикалық жағдайлар мен нарық жағдаятына байланысты мал басын өнімді шоғырландыруға бағытталған. Міне, осындай шаруашылықтарда жемазық дайындаудан, төл алу мен өсіруден, оны жаю мен азықтандырудан бастап сатуға дейінгі сиыр етін өндірудің белсенді технологиясын тиімді пайдалануға болады.

Ауыл шаруашылығын қалыптастыруды ірілендірген кезде оған жаңа етті сиырларды кеңінен өсіру сияқты сүт және сүт-ет бағытындағы өнімділігі төмен сиырларды етті тұқымды бұқалармен шағылыстыру негізінде де қол жеткізуге болады.

Мал шаруашылығы өнімдерінің 80%-дан астамы үй шаруашылығында өнімділігі төмен малдан алынатынын ескерген жөн. Бұл секторда, атап айтқанда, сүт өндіру көлемі отбасы мен нарықтың қажеттілігінен асып түсетін шаруашылықтарда малдың ет өнімділігін арттыру үшін етті тұқымды бұқаларды өсірген орынды болып табылады.

Slide 11

Еттің сипаттамасы

Ет халық тұтынатын барынша толық және кеңінен тараған өнімнің түрі болып табылады. Еттің тағамдық және биологиялық құндылығын оның бай химиялық құрамы, әсіресе белоктық бөлігі құрайды. Ол тез қорытылатындығымен және құндылығымен ерекшеленеді. Кулинарлық түрде жеңіл өңделеді. Адам етті үнемі тұтынады, одан тағамның түр-түрін жасауға болады, бұл тағамның санын барынша түрлендіруге мүмкіндік береді.


Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малының гигиенасы туралы ақпарат
Сойыс малдарын тасымалдау кезіндегі ветеринарлық талаптар
ЖОСПА бағытында өсіру
ТАСЫМАЛДАУ ТӘСІЛДЕРІ: АВТОКӨЛІКПЕН, ТЕМІРЖОЛ, СУ ҚАТЫНАСЫ АРҚЫЛЫ, АЙДАП ЖЕТКІЗУ
ҚАРА МАЛДАРЫН ҰСТАУ ТӘСІЛДЕРІ
Қазақстандағы мал шаруашылығы
Ірі қара малдарының гигиенасы
Ет алу үшін ірі қара мал өсіретін фермалар құру
Гиподерматоз (сәйгел,оғалақ)
АУЕСКИ АУРУЫ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН БИОПЕПАРАТ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz