Шағын және орта бизнесті несиелеу ерекшіліктері



Шағын және орта бизнесті несиелеу ерекшіліктері
Орындаған: Буркутбаева С
Тобы: ФН-305

Шағын бизнес - ешқандай монополистік бірлестікке кірмейтін және экономикада монополияға қатысты бағынышты рөл атқаратын жеке меншіктегі ұсақ және орта кәсіпорындардың қабылданған жиынтық атауы. Дамыған елдерде сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі бөлігі Шағын бизнестің үлесіне тиеді. Елімізде 20 ғасырдың 90-жылдары белсенді түрде жүргізілген жекешелендіру үдерістері шағын кәсіпкерліктің қалыптасып дамуына жол ашты. Республикада Шағын бизнестің дамуы экономиканың ойдағыдай реформалануы көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын шағын кәсіпорындар - есеп беру жылы жұмыскерлердің (қосымша істеушілерсіз) тізімдік орташа саны 50 адамнан аспайтын, өз қызметтерін коммерциялық негізде жүзеге асыратын, әділет органдарында тіркелген және статистикалық тіркеуге енгізілгензаңды тұлғалар.



Орта және шағын кәсіпкерлік - экономиканың ұтқыр әрі нәтижелі секторларының бірі. Жұмыссыздықты жоюда, нарықты халыққа қажетті тауарлармен толтыруда, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде және депрессияны бастан кешіп отырған аудандардың экономикасын тұрақтандыруда шағын бизнес шешуші фактор болып табылады. Шағын бизнес үлесіне барлық жұмыспен қамтылған адамдардың 50-60 пайызы, жаңа жұмыс орындарының 70-80 пайызы келеді, ал өндірілген өнімдер мен қызметтер ЖІӨ елеулі бөлігін құрайды. Орта және шағын кәсіпкерлік нарықтық қатынастарды алға жетелеуші буын болғандықтан кәсіпкерліктің бұл түрлерін дамытпай нарықтық экономиканы дамыту мүмкін емес. Қазақстан мен Орта Азия елдеріндегі үкімет тарапынан шағын жөне орта бизнесті қолдау шараларына қарамастан экономиканың осы саласының қалыптасуы өлі де қиыншылықтарды бастан кешуде.

Д. Лонгенеке, У. Петтидің, К. Мурдың зерттеулерінде жеке көрсеткіштер ұстанымындағы тәсіл анағұрлым негізгі айырмашылықтарды іздестірумен ұштастырылып, шағын және орта бизнеске анықтама беру үшін келесі критерийлер ұсынылуда:
1. Бизнесті қаржыландыру бір инвестормен немесе инвесторлардың шағын тобымен жүзеге асырылады. Тек айрықша жағдайларда ғана бизнестің 15-20 дан көп инвесторлары болуы мүмкін;
2. Фирма өзінің маркетингтік бағдарламасын іске асыруда географиялық шектелген аймақтарда жұмыс істейді;
3. Әдетте бизнестегі жұмысшылардың саны 100 адамнан аспайды;
4. Ірі фирмалармен салыстырғанда бизнес шағын және орта болып есептелуі мүмкін.




Орта және шағын кәсіпкерлік - экономиканың ұтқыр әрі нәтижелісекторының бірі. Ішкі жалпы өнімнің елеулі бөлігін өндіру солардың үлесінде. Бұл жағдай тек дамыған елдерге ғана қатысты емес, өтпелі экономикасы бар елдерге де қатысты. Осы орайда Президентіміз Н. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: «Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90%-дан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50%-дан астамын береді. Сондықтан да біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Бұл кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек. Әрбір іскер қазақстандық осы ортаға кірігіп, инновациялық экономикадағы өз орнын табуға тиіс. Қазақстандықтардың бастамашылығында кең өріс ашу үшін жағдай жасалды, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалана білсе игі!», деп айтқан болатын.


Несиелеу шарттары
Несиені пайдалғаны үшін несие соммасынан пайызбен саналатын жылдық пайызбен белгіленген сыйақы алынады. Оның мөлшері несиенің мерзіміне, қамсыздандырылуына, клиенттің статусы мен басқа да факторларына байланысты банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес белгіленеді.
Өтініш беруші несие алу үшін жобаның жай күйі және оның қызметі туралы сараптама жүргізу үшін келесі құжаттар пакетін ұсынады:
Несие алуға өтініш;
Құрылтайлық құжаттар (жарғы, құрылтайлық келісімшарт) ;
Қожайындық жасайтын субьектінің тіркелгендігі туралы куәлік;
Статистикалық карта;
РСИ-дан СТЖ-ны растайтын анықтама қағазын;
Қарыз алушының анкетасы, бірінші басшылардың анкеталық мәліметтері;
Соңғы үш жылдың қаржылық есепқисабы;
Келісімдер мен келісімшарттар;
Бизнес-жоба (техникалық-экономикалық негіз) ;
Қолтаңба үлгісі көрсетілген карта;
Кепіл обьектісі бойынша құқық беретін құжаттар;
Төраға мен бас бухгалтердің қолы қойылып және мөрі басылған қызметкерлер туралы анықтама;
Бағалы қағаздар эмиссиясының проспектісі;
Бағалы қағаздарды тіркеу туралы куәлік;
Салық инспекциясынан және бюджеттік емес қорлардан қарыздардың бары (жоғы) туралы анықтама қағазы.

Тексерген:Акишева Д. М
Назарларыңызға рахмет!!!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz