Ғаламдық биосферадағы биогеохимиялық заттар айналымы




Презентация қосу
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Ғаламдық биосферадағы биогеохимиялық заттар
айналымы

Орындаған:Қажыкенова Жанар
Тексерген:Мурзалимова А.К.
Айналымның екі түрі бар: үлкен (геологиялық)
және кіші (биогендік немесе биохимиялық).
Үлкен айналым жүздеген млн. жылға созылып,
жек қыртысының қабаттарында жүреді.
Кіші айналым биосфера шегінде
биогеоценоз деңгейінде жүреді. Мүндай
айналымды биогеохимиялық цикл деп атайды.
Заттар айналымы

Кіші(биогеохимиялы Үлкен(геологиялық)
қ)

Газдық:азот Шөгінді
Оттегі көмірқышқыл заттар:фосфор кальций
газы темір
Табиғаттағы су айналымы — жер шарындағы судың күн қуаты мен салмақ
күшінің әсерінен үздіксіз тұйық айналу процесі. Су жер шарындағы мұхиттар мен
құрлықтардың бетінен буланады, су булары ауа ағындары мен жоғары көтеріледі
де, қоюланып тамшыға айналады және атмосфералық жауын-шашын түрінде
мұхитқа немесе құрлыққа қайта оралады, ал құрлықтан мұның біразы өзендер
арқылы мұхиттарға қайтадан ағып барады (судың үлкен тұйық айналымы). Бұдан
басқа жергілікті немесе құрлық ішіндегі су айналымы болады.
Көміртегі айналымы. Табиғатта көміртегі көптеген түрде, орың ішінде
органикалық қосылыстардың құрамында болады. Бұл элементтің биогендік
айналымының негізін құрайтын органикалық зат – көмір қышқыл газы (СО2 ).
Табиғатта СО2 атмосфераның құамында және еріген күйде гидросферада
болады. Органикалық заттардың құрамында көміртегі фотосинтез үрдісі
нәтижесінде түзіледі. Фотосинтез барысындағы түзілген қанттар күрделі
көмірсуларға (крахмал, гликоген), және де протеидтерге, липидтерге айналып
жатады.
Азот айналымы. Органикалық қосылыстардың азотының басты көзі –
атмосфера құрамындағы молекулалық азот. Тірі ағзаларға пайдалы түріне
айналудың әртүрлі жолдары бар. Мысалы, найзағайдың әсерінен азот
оксидтері түзіліп, жаңбырмен шайылып, топыраққа жетеді.
Азот сіңіруінің маңыздылау түрі болып келетіні – күрделі протеидтер
түзетін азоттоқтатушы микроағзалар қызметі. Өлу нәтижесінде бұлар
топырақты азотпен байытып отырады. Сонымен азот айналымында ең үлкен
қызмет атқарушылар – микроағзалар: азоттоқтатушылар, нитрификаторлар,
денитрофикаторлар. Атмосфераға азот топырақ құрамындағы шіріктерден
бөлінген газдармен қайтады.
КҮКІРТ АЙНАЛЫМЫ. ТОПЫРАҚҚА КҮКІРТ КЕЙБІР ТАУ
ЖЫНЫСТАРЫНЫҢ (КҮКІРТ КОЛЧЕДАНЫ FES2, МЫС
КОЛЧЕДАНЫ CUFES2) ТАБИҒИ ЫДЫРАУЫ ЖӘНЕ
ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ЫДЫРАУЫ НӘТИЖЕСІНДЕ
ПАЙДА БОЛАДЫ. ТАМЫРЛЫҚ ЖҮЙЕ АРҚЫЛЫ КҮКІРТ
ӨСІМДІКТЕРГЕ СІҢЕДІ ДЕ, ОЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫНДА
ЦИСТИН, ЦИСТЕИН, МЕТИОНИН ТӘРІЗДІ
АМИНҚЫШҚЫЛДАРЫ ТҮЗІЛЕДІ. ЖАНУАРЛАРҒА КҮКІРТ
ҚОРЕК АРҚЫЛЫ КЕЛЕДІ.
ФОСФОР АЙНАЛЫМЫ. ТАБИҒАТТА ФОСФОР КӨП
МӨЛШЕРДЕ ТАУ ЖЫНЫСТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА БОЛАДЫ.
ОЛАРДЫҢ ЫДЫРАУ НӘТИЖЕСІНДЕ ФОСФОР ЖЕРҮСТІ
ЭКОЖҮЙЕСІНДЕ НЕМЕСЕ ЖАУЫН-ШАШЫНМЕН ШАЙЫЛЫП,
ГИДРОСФЕРАДА ПАЙДА БОЛАДЫ. ЕКІ ЖАҒДАЙДА ДА БҰЛ
ЭЛЕМЕНТ ҚОРЕКТІК ТІЗБЕККЕ ТҮСЕДІ. КӨПТЕГЕН
ЖАҒДАЙДА РЕДУЦЕНТТЕР ҚҰРАМЫНДА ФОСФОРЫ БАР
ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫ АНОРГАНИКАЛЫҚ ФОСФАТТАРҒА
АЙНАЛДЫРАДЫ ДА , ОЛАР ӨСІМДІКТЕР АРҚЫЛЫ ҚАЙТАДАН
АЙНАЛЫМҒА ҚОСЫЛАДЫ.

Ұқсас жұмыстар
Биосфера құрылымы
Заттар айналымы
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы
Оттек айналымы
ГЕОСФЕРАДАҒЫ ЗАТТАР МЕН ЭНЕРГИЯНЫҢ АЙНАЛЫМЫ
Биогеоценотикалық зерттеу арқылы эндемиялық ауруларды анықтау туралы ақпарат
В. И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі
Табиғаттағы заттар айналымы
Биологиялық айналым
Өндірісі дамыған елде кейбір жан - жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өзінің алғашқы табиғи тіршілігінен айырылып қалмақ
Пәндер