Ежелгі дәуір және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы



СӨЖ: Ежелгі дәуір және орта ғасыр
лингвистикасының қалыптасуы
Орындаған:Мухтарова А. М
Қ-211 топ студенті

Лингвистика тарихын әр түрлі кезеңдерге бөліп қарастырушылық бар. Олар:
Ежелгі заман лингвистикасы,
Орта ғасырлар лингвистикасы
Қайта өркендеу дәуірі лингвистикасы, 4) ХІХ ғасыр лингвистикасы
5) ХХ ғасыр лингвистикасы.

Ежелгі дәуір - лингвистикалық ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және оның мейлінше балаң шағы. Соған қарамастан бұл кезеңдегі лингвистикалық мәліметтерді қазіргі кездегі өркен жайған тіл білімінің бастамасы, қалана бастаған іргетасы еді деп санаған жөн.
Ежелгі дәуір лингвистикасында ерекше екі түрлі күрделі проблема болды. Оның бірі-атау, ат қою, екіншісі-грамматикалық өнер (исскуство) проблемасы.
Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да болған. Сондай-ақ, грамматикалық өнердің де негізгі ілімі көне жазуы - иероглифке негізделген.
Иероглифтік грамматикаларда морфема сөздер мағынасы, этимология мәселесi болмаса қалыпты грамматикалық әдебиеттердегідей грамматикалық категория мәселелері сөз болмаған. Қытай лингвистикасының өзіндік ерекшелігі, өзіндік дәстүрі де осында.

Ежелгі дәуірі лингвистикасының отаны Ежелгі Греция. Грецияда туған лингвистикалық ой-пікір бүкіл Европа лингвистакасының қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді. В. Энгельстің «Греция мен Рим қалаған негіз болмаса, қазіргі Европа да болмас еді», - деген сөзін тіл біліміне байланысты айтуға болады. Тіл мәселелеріне байланыста сол елден бізге жеткен жазба материалдар жыл санауымызға дейінгі V ғасыр шамасынан басталады.
Ғалымдардың айтуына қарағанда Греция лнигвистикасы Гомердің «Илиада» мен «Одиссея» жырының тілін зерттеуден басталады. Эллинизм дәуіріне дейін тілді лингвистикалық тұрғыдан емес философиялық тұрғысынан сөз еткен, философияға тәуелді соның ажырамас саласы деп есептеген ежелгі Греция философтарының бір ерекшелігі - тілді құдай жаратты деген діни көзқарасқа қарсы оны дүниеге келтірген адамның өзі деген пікірді уағыздауы.

Грек ғалымдары көтерген тағы бір лингвистикалық проблема - грамматика мәселелері. Грамматиканы да алғашқыда философия, әсіресе логика ғылымына тәуелді соның бір саласы ретінде логикалық категориялардың көрсеткіші ретінде ғана қарады. Бұл саладағы алғашқы пікір Платон пен Аристотель еңбектерінде кездеседі. Платон тілдегі сөздерді есім, етістік деп екі топқа бөлсе, Аристотель алдыңғы екеуі үстіне жалғауыш дегенді қосып, үш топқа бөледі. Күні бүгінге дейін қолданылып жүрген грамматикалық катергориялардың, терминдердің көпшілігі сол Аристотельден қалған.
Аристотель
Платон

Яғни, екі кезеңге бөлінген (философиялық кезең V-ІІІ ғғ., филиологиялық кезең ІІІ-ІV ғғ. ) Грецияда философиялық дәуірдің көрнекті өкілдері Платон, Аристотельдер сөздерді логикалық негізде жіктеп, есім, етістік, жалғауыш деп ажыратты.
Грамматикалық ілімнің философияның, логиканың ықпалынан босанып өз алдына дербес пән ретінде қалыптасуы Греция тіл білімінде филология дәуірі деп аталады. Грамматистердің александриялық мектебін қалыптастырып, грамматика ілімін дамытудың жоғарғы сатысына көтерушілер - Аристрах (б. д. д. 250 -150 ж), оның шәкірті Дионисий Фракийский, Апалони Дискол (б. э ІІ ғ. ) болды. Аристрах тілдегі сөздерді есім, етістік, есімше, член (артикль), есімдік, предлог, үстеу, жалғаулық деп сегіз топқа бөлген. Сөздерді тапқа бөлудің алғашқы грамматикалық үлгісі Д. Фракийский еңбегінен басталады. Бұл ғалым сөздерді тапқа бөлуде лексикалық - семантикалық және құрылымдық белгілерге сүйенген. Осы уақытта да қолданылып жүрген зат, сын, сан есімдерді есім деген бір ғана талаумен атауда осы Фракийскийден басталады .

А. Дискол синтаксис мәселелерін зерттейді. Дегенмен ежелгі Грецияда морфологияға қарағанда синтаксис аз зерттелген. Грецияны жаулап алған римдіктер тіл білімін дамытуға айтарлықтай үлес қоса алмады. Олар Александрия грамматистерінің ілімін өз тілдеріне сәйкестіндіріп қолданудан аса қойған жоқ. Рим грамматистерінің ішіндегі ең көрнектісі - Варрон (жыл санауымызға дейінгі І ғ. өмір сүрген), кейінірек Доната (ІV ғ. ) болды. Бұлар латын тілі грамматикасын жазғандар. Рим грамматистерінің жаңалығы өздерінен бұрын анықталған сөз таптарына одағайды қосуы болды. Сонымен қатар олар латын тілінде болмауына байланысты артикльді сөз табы қатарынан алып тастауы арқылы сегіз сөз табын анықтады: 1) Есім; 2) Етістік; 3) Есімше; 4) Есімдік; 5) Үстеу; 6) Шылау; 7) Предлог; 8) Одағай
А. Дискол

Орта ғасыр - адамзат қоғамы дамуының он шақты ғасырын қамтитын және прогресс тұрғысынан алғанда әр тектес болып келетін күрделі де шытырманы көп дәуір.
Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі - әр түрлі діндердің туып, дүние жүзілік діндерге айналуы. Ондай діндер қатарына будда, ислам, христиан діндерін жатқызуға болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz