Қабілет пен бейімділіктің психологиялық ерекшеліктері және ойлау қабілеті


Slide 1

Қабілет. Қабілеттің психологиялық ерекшеліктері

Дайындаған: Сұңғатқызы Айгерім

Slide 2

Қабілет адамнан әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Өйткені адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптасады. Б е й і м д і л і к- адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы оған көңілі аууы, оянып келе жаткан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар бейімділік әрекеттің бір саласына (сурет, музыка т. б. ) әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады.

Slide 3

Бейімділік пен қабілет ересек адамдардан да қосақтаса көрініп отырады. Адамда күшті, әсерлі, тиянақты бейімділіктің болуы одан зор қабілеттің бар екенін жақсы аңғартады. Бұл екеуінің бір-бірімен қабыспай жататын кездері болады. Біреу тек өзін көрсету үшін ғана іс-әрекетке бағыт алатын болса, мысалы, тек жұрттың көзіне түсу үшін театрдың оқуына түсетіндер де болады. Мұны оның бейімділігіне қарай туып отырған қабілеттің көрінісі деуге болмайды.

Slide 4

Қабілет саласындағы дара айырмашылықтар

«Алуан-алуан жүйрік бар әліне қарай шабатын» дегендей адамдардың қабілет саласындағы дара айырмашылықтары да сан алуан болып келеді. Мәселен, біреу іске күшті жігермен, қатты мейірмен кіріседі. Мұндай адам жұмысты сапалы да орындай алады. Енді біреу, керісінше, сол істі баяу, сапасын төмен етіп орындайбы. Қабілетті адамдардың бірі- зеректілігімен, екіншілері байқағыштығымен, үшіншілері материалды еске сақтағыштығымен ерекше көзге түседі. Бұл айтылған қасиеттер кейде бір адамның басында да тоғыса береді.

Slide 5

Адам қабілетін аз, көп деп сан жағынан өлшеудің ғылымға қажеттілігі шамалы. Өйткені алғашқы кезде түрлі себептермен көріне алмаған қабілеттің оның есейген шағында көрінуі ғажап емес. Жас шақта сөзге олақ адамдардың есейе келе ірі ақын, жазушы болғандары; көрген нәрсесін есінде жөнді сақтай алмайтын адамдардың кейіннен суретші болып шыққандары да бар. Мәселен, ескі заманның аса көрнекті ораторы (шешені) Демосфен бала кезінде тұттықпа кекеш бола тұрса да өзін ерекше жаттықтырудың арқасында Қабілетінің кемістігін жойып, аты-шулы шешен деген атаққа ие болған

Slide 6

Ойлау қабілеті - объективтік шындықты жалпылама бейнелей білу, объктивтік шындықтың мызғымас заңдылықтарын, қасиеттерін бейнелей білу, түсініктер байланыстарын бейнелеу. Ойлау қабілеті жалпыдан жекедаралыққа көшу және керісінше жекедаралықтан жалпыға көше білуінің көпсатылы ауысуы. Оның мағынасы: адамның шындықты бейнелеу және өзгерту кезеңінде жаңа білімінің туындауы. Ойлау қабілетінің негізгі белгілері: объективтік шындық заттарын жанамалы тану; шындықты жалпылама бейнелеу; ойлау қабілеті әрқашан есеп шығарумен байланысты; ойлау қабілеті сөйлеу қабілетімен тығыз байланысты. Сөйлеу - ойлау қабілетінің құралы. Ойды сөзбен білдіру келесі кезеңдерден тұратын күрделі процесс: пікір білдіруге түрткінің болуы; ойдың пайда болуы, айтылатын сөздердің жалпы схемасымен жалғастырылуы; ойдың ашық айтылуы.


Ұқсас жұмыстар
Ойлау: психологиялық анықтамасы, формалары мен негізгі ерекшеліктері
Көру қабілеті бұзылған балаларды инклюзивті оқыту: педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері және әдістемесі
Темперамент, мінез және қабілет: психологиялық түсінігі мен типологиясы
Қабілет пен темперамент: анықтамасы, типологиясы және тарихи-ғылыми негіздері
Темперамент түрлері мен мінез-құлықтың психологиялық құрылымы: қажеттілік, қызығушылық, қабілет және дарындылық
Қабылдау, түйсік, ес, ойлау және сөйлеудің психологиялық негіздері
Ойлау және оның түрлері: психологиялық жіктеу мен сипаттамалары
Ойлау: жалпы ұғымы, психологиялық және логикалық негіздері, дамытудың жолдары
Қабілет: анықтамасы, түрлері және қалыптасу теориялары
Ойлау психологиясы: анықтамасы, түрлері және дара ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz