Деректер базасының архитектурасы


Slide 1

Деректер базасының архитектурасы Деректерді ұсынудың модельдері

Орындаған: Сәбиқан М. М

Slide 2

Деректер базасы - белгілі бір пәндік аумаққа жататын құрылымдық түрі бар деректердің атауы бар жинақ.

Қажетті деректер базасын жылдам жасауға рұқсат ететін әртүрлі программалар жиыны бар: Microsoft Access, Microsoft FoxPro, Paradox, dBase, InterBase, Oracle. Олардың ішінде Paradox пен dBase-да деректер базасы папкалар сияқты, ал әрбір кесте жеке файл сияқты анықталады, ал Access, InterBase және SQL-серверлерінің көпшілігі деректер базасынан тұратын бір үлкен файлды қолданады.

Slide 3

Сақтаулы ақпараттың сипатына қарай ДБ-ның екі түрі бар

фактографиялық

құжаттық

Сипатталатын объектілер туралы қысқаша мәліметтер нақты белгіленген пішімде беріледі. Мысалы, кітапханадағы кітаптар қорының ДБ-да әрбір кітап туралы дерек библиографикалық түрде сақталады: басылған жылы, авторы, аты және т. б. Қысқаша айтқанда, фактографиялық ДБ - бұл картотекалар.

Әр түрлі типтегі: мәтіндік, графикалық, дыбыстық, мультимедиялық кең көлемді ақпараттардан тұрады. Мысалы, заң шығару актілерінің құжаттық деректер базасы заңдардың мәтінінен тұрады. Құжаттық деректер -

бұл архив

Slide 4

Ақпараттарды сақтау әдісі бойынша ДБ-ның екі түрі бар:

орталықтандырылған

үлестірілген

Орталықтандырылған ДБ-да бар ақпарат бір компьютерде сақталады.

Үлестірілген ДБ жергілікті және ауқымды компьютерлік желілерде қолданылады және ақпараттың әр түрлі бөліктері бөлек компьютерлерде сақталуы мүмкін. Мысалы, Internet жүйесіндегі ақпарат

Slide 5

Деректер базасының орналасқан орны бойынша қосымшалар архитектурасы түрлері

Жергілікті архитектура

Файл-серверлік архитектура

Клиент-серверлік архитектура

Таратылған архитектура

Интернет-архитектура

программа және деректер базасы бір компьютерде орналасқан.

ДБ сервер деп аталатын желідегі негізгі (орталық) болып бөлінген компьютерде орналасады.

ДБ серверде сақталады және мұнда пайдаланушылар сұраныстарын өңдейтін деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) жұмыс істейді.

ДБ бірнеше серверлерде сақталады және олардың әрбіреуінде ДББЖ көшірмелері болады.

ДБ және ДББЖ бір компьютерде орналасады, ал оларға рұқсат алу желілік протокол стандарты бойынша броузерлер арқылы жүзеге асады.

Текст надписи

Slide 6

«Файл-сервер» және «Клиент сервер» архитектураларының сұлбасы төменде көрсетілген.

1. 1-сурет. «Файл-сервер» 1. 2-сурет. «Клиент-сервер»

архитектурасы архитектурасы

Slide 7

Деректер моделі деп берілген талаптарға сәйкес мәліметтерді интерпретациялауды жүзеге асыратын құралдарды айтамыз. Сонымен қатар, мәліметтер моделі мәліметтердің мағлұматтық мазмұнын көру мүмкіндігін беретін абстрактілі ұғым болып табылады.

Мәліметтер моделі екі класқа бөлінеді:

Мықты типтендірілген моделі, мұнда барлық мәліметтер қандай да бір категорияға қатысты болады.

Әлсіз типтендірілген моделі, категорияға қатысты ешқандай болжамдармен байланысты емес.

Деректер моделі деректердің құрылымдарының жиынтығының деректер бүтіндігін шектеу және деректермен операциялар жасау әрекеттерін орындайды.

Slide 8

Деректер моделінің типтері

реляциялық

иериархиялық

желілік

Slide 9

Иерархиялық деректерді моделдеу . Иерархиялық құрылым бір-бірімен белгілі бір ережелер бойынша байланысқан элменеттер жиынтығын береді. Иерархиялық байланыстағы объектілер бағытталған граф (төңкерілген ағаш) құрады. Оның түрі суретте бейнеленген.

Иерархиялық құрылымның негізгі ұғымдарына мыналар жатады: деңгей, элемент (түйін), байланыс. Түйін дегеніміз белгілі бір объектіні сипаттайтын деректер атрибуттарының жиынтығы. Сұлбада иерархиялық ағаштың түйіндері граф төбелері ретінде бейнеленген. Төменгі деңгейдегі әр түйін, жоғары деңгейдегі әр түйінмен ғана байланысқан. Иерархиялық ағаштың ешқандай төбеге бағынбаған, ең жоғарғы деңгейде орналасқан бір түйіні бар (ағаш түбірі) .

Slide 10

Желілік деректерді моделдеу. Желілік құрылымда алдыңғы аталған негізгі ұғымдардағы (деңгей, түйін, байланыс) әр элемент кез-келген басқа элементпен байланыста бола алады. Иерархиялық модельдің жақсартылған түрі болып табылатын желілік модель көп қолданушылық режимде құрылатын модель. Деректерді желілік ұсыну элементарлы мәліметтер және олардың арасындағы қатынастар бағытталған желі түрінде көрсетіледі (төбелері - мәліметтер, доғалар - қатынастар) . Мысалы, деректер базасында тапсырыстарды сақтауға арналған бір тапсырыс әртүрлі үш байланысқа қатынаса алады.

Slide 11

Реляциялық деректерді моделдеу. Иерархиялық және желілік модельдердің жетіспеушіліктері деректердің реляциялық моделінің пайда болуына әкелді. Реляциялық модель әрекеті деректер базасының құрылымын оңайлатты. Мұндағы барлық мәліметтер жолдар мен бағандардан құралған қарапайым кесте түрінде көрсетілген.


Ұқсас жұмыстар
Қосымшалар серверінің моделі
Linux операциялық жүйе
Деректер базасымен жұмыс істеуге арналған құралдардың жалпы көрінісі
Компьютерлік желі және топология түрлері
Компьютерлік деңгейдегі интерфейсі
Кәсіпорынның архитектерасы
Деректер базасын жобалаудың негізгі сатылары
Access деректер түрлері
ДБ-мен жұмыс істеу үшін Delphi көмегімен құрылған программалардың тән ерекшелігі.BDE Administrator программасының қызметі
Күрделі реляциялық деректер базасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz