Тыныс белгілерінің қолданылуы. Тыныс белгілерінің қосымша қызметі



СОБӨЖ
(Студенттің оқытушының басшылығымен орындайтын жұмысы)
Тақырыбы: Тыныс белгілерінің қолданылуы. Тыныс белгілерінің қосымша қызметі.
Тексерген: Г. С. Ахметова
Орындаған: М. Т. Мұқаш Топ: Қ-417с
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тыныс белгілері:
Нүкте
Үтір
Қос нүкте
Сұрау белгісі
Леп белгісі
Тырнақша
Нүктелі үтір
Сызықша
Жақша
Көп нүкте

Пунктуация жазуда қолданылатын тыныс белгілерінің құрамын атқаратын қызметтері мен білдіретін мағыналарын және оларды қолдану ережелерін зерттейді. Пунктуация - латынның «пунктум» деген сөзінен алынған. Пунктумның мағынасы - нүкте. Қазіргі уақытта пунктуация тіл білімінің тыныс белгілері туралы, оларды қолдану ережелері ілім деген мағынаны білдіреді.
Тіліміздегі тыныс белгілері сан жағынан онша көп болмағандарымен, мағыналары, қолданылатын орындары жағынан алуан түрлі болып келеді.
Енді солардың әрқайсысның түрлері мен мағыналарына, атқаратын қызметтеріне тоқталайық.

Тыныс белгілерінің қолданылуы
Тыныс белгілері айтайын деген ойды нақтылы, дәл түсінікті етіп жеткізу үшін, сондай-ақ баяндалмақшы пікірді ала-құла етпей, айқын білдіру үшін қолданылады. Бұл - тыныс белгілерінің басты қасиеті.
Тыныс белгілері сөз тіркесі мен сөйлемдерде айтқанда, немесе оқығанда тілде байқалатын кідірісті де, дауыста аңғарылатын әркелкі құбылысты да білдіреді. Бұл - тыныс белгілерінің қосымша қасиеті.
Жазба тілде болсын, сондай-ақ ауызекі тілде болсын тыныс белгілерін дұрыс қолдана білудің үлкен мәні бар. Тыныс белгілері мүлде қойылмаған, немесе дұрыс қойылмаған мәтінді сөйлемді түсінікті етіп оқу да, мағынасын түсіне білу де қиын. Тыныс белгілері дұрыс қойылмайтын сөйлемдерде ой күңгірттеніп, екі ұшты болып, тіпті сөйлем құрамындағы сөздер синтаксистік қызметі жағынан (бастауыш, баяндауыш, анықтауыш т. б. ) өзгеріске түсуі мүмкін.

Сөйлемдегі орналасуы:
Тыныс белгілерді қою үшін үш түрлі белгі негізге алынады:
сөйлемнің синтаксистік ерекшелігі
сөйлемнің мағынасы
сөйлемнің интонациясы

Тыныс белгілердің қызметі
Нүкте, біріншіден, сөйлемнің аяқталғандығын білдіріп, оны басқа сөйлемдерден бөліп тұрса, екіншіден, ол сөйлемнің хабарлы сөйлем екендігін байқатады. Мысалы, Жанат - осы үйдің ер жеткен жалғыз баласы. Ұлы да, қызы да қадірлі қонағы да бір өзі. Шаршап шыққанға ұқсайды. Тіл қатпастан қарақат көзін анасына бір, Бейсенге бір төңкере салмақпен қарады да, үлкен бөлмеде ерсілі-қарсылы жүре берді. (Ғ. Мұстафин) .
Нүкте

Үтір
Үтір - сөйлемнің құрылысына, синтаксистік ерекшелігіне, мағынасына байланысты ең көп қолданылатын тыныс белгісі. Үтір құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдерді, оңашаланған мүшелерді, оқшау сөздерді, бірыңғай мүшелерді, төл сөзді, т. б. айыра білу үшін қойылады.

Қос нүкте. Бірыңғай мүшелердің алдынан жалпылауыш сөздер немесе жалпылауыш мәнді сөздер келетін болса, жалпылауыш сөздерден соң қос нүкте қойылады. Мысалы:Мұстафаның оларға қолданған шаралары мыналар: байталдың төрт сирағы төрт жылқы, денесі бір жылқы, - барлығы бес жылқы. (С. Мұқанов) .
Қос нүкте

Нүктелі үтір
Нүктелі үтір (; ) - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Негізінен, жай сөйлемдердің арасына қойылады. Бұл белгіні қоюда сөйлемнің құрылысы мен мағынасы негізге алынады. Нүктелі үтірді сөйлемнің құрылысына қарай қойғанда, құрмаласқа енген жай сөйлемдер баяндауыштарының тұлғалық жағынан және жасалу жолдары жағынан сәйкестілігі, бірыңғайлығы, тепе-теңдік тиянақтылығы ескеріледі.

Сұрау белгісі негізгі екі түрлі мағынада, екі түрлі функцияда қолданылады: біріншіден, сөйлемнің аяқталғандығын білдіріп, оны басқа сөйлемдерден бөліп тұрады, екіншіден сөйлемнің мағыналық жағынан сұраулы екендігін аңғартады. Мысалы:
- Коммунизмді бүгін орнат демекпісің? Әлде мені сабаққа жаңа түскен бала деймісің? Бұдан он бес жыл бұрын кім сенің үйіңе ат басын бұрып еді? Ал бүгін бұрған екен, осынша көкуің не? (Ғ. Мұстафин) .
Сұрау белгісі

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz