Балалар және жастар шығармашылығының орталықтарындағы ерекшеліктер
Презентация қосу
Тақырыбы:
Балалар және жастар
шығармашылығының
орталықтарындағы ерекшеліктер .
1. Мектептегі оқытуды ұйымдастыру формалары педагогика
тарихында ең пікірталасты проблема болып келді. С.И.
Ожеговтың түсіндірме сөздігінде «форма – белгілі бір
мазмұнымен шарттасатын түр, ұйымдастыру, құру, тип,
құрылым, түзіліс» деп пайымдалса, философиялық
энцоклопедияда бұл термин «мазмұнның іштей
ұйымдастырылуы» - деп тұжырымдалған. Ал, оқыту ға келсек,
форма – ол оқыту процесінің арнайы түзілімі. Бұл т үзілім о қу
процесінің мазмұнына, әдістеріне, тәсілдері мен құралдарына,
оқушылардың іс-әрекет етуіне сипат алады. Яки оқытудың
осындай түзілімі оқу материалын меңгеру барысында ғы
мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуінде көрініс алады.
Олай болса, оқыту формасы деп белгілі бір о қу материалын
және іс-әрекет ету амалдарын меңгеруде мұғалім мен
оқушының өзара әрекет етуінде жүзеге асырылатын оқыту
процесі бөліктерінің түзілімі мен циклдарын айтамыз.
2.
Музыканы оқыту білім беру мазмұны мен мақсатын дұрыс анықтаумен ғана
шектелмейді. Оқыту мақсаттарына қандай амал, жолдармен жету керектігі
музыкалық білім беру дидактикасындағы ең маңызды мәселе болып
табылады. Себебі білім берудің тиімділігі әрдайым оқыту әдістерін дұрыс
таңдауға тікелей байланысты болады.
Оқыту әдістері келесі үш белгімен сипатталады. Олар: оқыту мақсаты,
меңгерту амалы және оқыту субъектілерінің өзара әрекеттесу сипаты. Демек,
оқыту әдістері төмендегілерді қамтиды:
- мұғалімнің оқыту жұмысының және оқушылардың оқу
жұмыстарының өзара байланысты амалдары;
- олардың оқытудың түрлі мақсаттарына жетудегі жұмыстарының
ерекшеліктері.
Оқыту процесінің мәні және оқыту мақсаттарының көп аспектілігі
«оқыту әдістері» ұғымын түсіндіруде сан түрлі трактовкалардың
қалыптасуына ықпалын тигізеді:
Жоғарыда талдау,
келтірілген тұжырымдарды салыстырмалы түрде
арқылы оларда мұғалім мен оқушының іс-әрекеті (оқыту
процесінің мәні, оның екі жақты сипаты), оқыту процесінің
нәтижесі (дамытушылық, білімділік, тәрбиелік) көрініс
тапқанына көз жеткіземіз. Осы ретте музыканы оқыту
әдістерін оқу процесінің жетекші міндеттері мен
мақсаттарына сай музыка пәнінің мазмұнын меңгертуді
ұйымдастыру амалдары деген анықтаманы негізге алуға
болады. Себебі онда музыкалық білім мазмұны сияқты оқу
процесінің негізгі құрылымдық компоненттері көрініс
тапқан.
Мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекетін
бейнелейтін оқыту процесінің екі жақты сипаты оқыту
әдістерінің де дәл осылай екі жақтылығын анықтайды.
Осыған байланысты мұғалім тарапынан ақпараттық,
басқарушылық, оқушылардың танымдық қабілетін дамыту,
т.б. және оқушылар тарапынан білімді алу, меңгеру,
тыңдау, бақылау, практикалық, лабораториялық жұмыстар
орындау сияқты әдістерді атап кетуге болады.
. Музыкалық білім беру жетістіктеріне қол жеткізу оқыту әдістерін қолайлы етіп та ңдап алу ға
байланысты. Ол үшін келесі өлшемдерді негізге алуға болады:
- оқу материалының мазмұны мен жалпы мақсаттары;
- оқу пәнінің ерекшелігі;
- дидактикалық талаптар;
- оқушының жас ерекшелігі;
- оқушылардың музыкалық білім саласындағы теориялық, практикалық даярлы қ де ңгейі;
- оқушылырдың музыкалық тәрбиелік деңгейі;
- оқушылардың жеке дара ерекшеліктері;
- мектептің әлеуметтік ортасы, материалдық-техникалық базасы;
- музыка пәні мұғалімінің кәсіби шеберлік және т әжірибе деңгейі.
О.А. Апраксина өнер пәні ретінде музыка пәнінің өзіне тән ерекшеліктерін ж әне о қыту
заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын білім беру, тәрбиелік, ұйымдастыру
талаптарын былай қарастырады:
- музыка сабағының білім беру міндеттерінің нақты айқын болуы;
- музыка сабағының мазмұны оқу бағдарламасына, сабақтың мақсатына, оқушыны ң
даярлық деңгейлеріне сәйкес анықталуы;
- музыка оқыту әдістерін қолайлы етіп таңдау;
- педагогикалық байланыстардың болуы;
- музыкалық білім беру педагогикасының ғылыми жетістіктерін пайдалану;
- жеке тұлғаның барлық сферасын дамыту;
- жалпыпедагогикалық іскерліктердің дамуы;
- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру;
- музыканы оқытудың психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
Музыка сабақтарын жүргізу үшін типтік бағдарлама негізінде құрыл ған к үнтізбелік-та қырыпты қ
жоспарда бірізділікпен жоспарланған та қырыптарда ң білімділік, т әрбиелік ма қсаттары, қыс қаша
мазмұны, сабақтың т үрі, әдістері, қолданылатын көрнекіліктері, о қушыларды ң өз бетімен
орындайтын жұмыстары, білім жетістіктерін бақылау ж әне тексеру формасы, әр та қырыпты ң
өтетін мерзімі көрініс табады.
Музыка пәні мұғалімі сабақты жоспарламас бұрын, ең алдымен о қушылар белгілі бір та қырыпты
зерделеу барысында, яки есте сақтау, білу о қу да ғдылары ж әне ал ған білімдерін т үрлі ситуацияларды
қолдану сияқты нәтижелерге қол жеткізуі керектігін на қтылап белгілеп ал ғаны ж өн.
Жеке сабақтарды ұйымдастыру күнтізбелік-тақырыптық жоспарды ң негізінде ж үзеге асырылады.
Әсіресе, қызметін жаңа бастаған оқытушылар сабақтың мазмұнын, о қыту әдіс-т әсілдері на қтылы
белгіленген конспект дайындаған дұрыс.Оқытудың нәтижелерін ба қылау мен тексеру о қыту процесіні ң
міндетті компоненттерінің бірінен саналады. Оны ң м әні п ән бойынша о қушыларды ң ме ңгерген білім
деңгейлерінің білім стандартына сәйкес құрылған ба ғдарламалы қ талаптар ға сай болуын аны қтау
болып табылады. Кеінгі кезде оқыту процесінде осы жұмысты тиімділікпен ж үзеге асыруда
«педагогикалық диагностика» жиі қолданылып жүр:
Пайдаланылған
әдебиет:
http://kitaptar.com/node/1379
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz