Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясы


Slide 1

Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы үш кезеңге бөлінеді: Жыраулар кезеңі (XV ғасыр - XVIII ғасырдың бірінші жартысы. Ақындық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы - XIX ғасырдың бірінші жартысы) . Айтыс кезеңі (XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басы) .

Slide 2

Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері - Қазтуған, Асан қайғы (XV ғасыр), Доспамбет жырау (XVI ғасыр), Шалкиіз жырау (1465-1560 жылдары), Жиембет жырау, Марқасқа жырау (XVII ғасыр), Ақтамберді жырау (1675-1768 жылдары), Тәтіқара ақын (XVII ғасыр), Үмбетей жырау (1706-1778 жылдары), Бұқар жырау (1693-1787 жылдары), Шал ақын (1748-1778 жылдары), Жанақ ақын (1770-1856 жылдары), т. б. жатады. М. Әуезов жырау деген атакка ие болған шығармашылық өкілінің өз ортасында ерекше салмағы бар қоғамдық тұлға екендігін айта отырып, оның негізгі функциясы елеңшілік емес, елге басшылық жасап, басалқы айту болатын олар хан қасындағы қалың елдің ішінен қосылған қариялар кеңесінің өкілдері деген тұжырым жасайды.

Slide 3

Қорқыт ата

Slide 4

Қорқыт - бүкіл түркі өркениетіне ортақ ортағасырлық тұлғалардың бірегейі. Қорқыт - әулие, ақын, жырау, сазгер, қобызшы болған. Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер бүкіл түркі халықтарында кездеседі. Ол оғыздардан шыққан, руы - баят, әкесінің аты Қарақожа делінеді. Шешесі қыпшақ руынан

Slide 5

Қорқыт қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының, жерінде, Сырдың бойындағы ортағасырлық, Жанкент деген қалада VIII-IX ғасырларда дүниеге келген. Бұл оғыз тайпаларының Сырдың ортаңғы, төменгі ағысында өмір сүрген кезі болса керек

Slide 6

Қорқыт қобызды алғаш жасаған және сонымен күй тартқан адам екен. Қорқыт жырында қобыздың қандай заттардан және қалай жасалатыны былай суреттеледі:

. Қарағайдың түбінен

Қайырып алған қобызым.

Үйеңкінің түбінен

Үйіріп алған қобызым.

Ақ қайыңның безінен

Қағып алған қобызым.

.

Slide 7

\

Асан қайғы

Slide 8

Асан қайғы - XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүретіндіктен, замандастары оның Асан атына "қайғы" деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен. Алтын Орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген Асан қайғы, алдымен, Сарайда, кейін Қазанда Ұлұғ-Мұхаммед ханның ықпалды билерінің бірі болған.

.

Slide 9

Қазтуған Сүйінішұлы

Slide 10

Қазтуған Сүйінішұлы - халық аңыздарында қолбасы, батыр делінеді, әскери ақсүйек тұқымынан шыққан. Туып-өскен жері - Еділ бойы. XV ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына қоныс аударады. Жорық жыршысы, халық эпосын жасаушылардың бірі Қазтуған жырау артына өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалдырды. Бұлардың дені сақталмаған

Slide 11

Сыпыра жырау

Slide 12

Сыпыра жырау - XIV ғасырда Батыс Қазақстан еңірін жайлаған түркі тайпаларының ортасынан шыққан атақты жырау, ноғайлы-қазақ эпосының негізін салушылардың бірі. Сыпыра жырау шығармалары біздің заманымызға жетпеді, алайда оның кезінде Дешті Қыпшақтағы ең атақты сөззергері болғаны, мол мұра туғызғаны байқалады

Slide 13

Шалкиіз жырау

Slide 14

Шалкиіз жырау қазақ жыраулық поэзиясының атасы саналады. Шалкиіз Тіленшіұлы 1465 жылы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келеді. Жыраудың әкесі сахараның беделді, бай адамы болды. Шешесі Кіші жүздің ұйытқысы болған, Сыртқы Орда деп аталатын ұлыстың билеушісі Мұса бидің қызы екен. Шалкиіз мұсылманша білім алған, оның 1490 жылға дейінгі өмірінен дерек жоқ. Тек 1490 жылы ноғайлы әміршісі Темір бидің жанында болғаны белгілі. Кейбір зерттеушілердің пайымдауларына қарағанда, осы кезде жырау бірде әскер қатарында, бірде әміршінің елші, нөкерлері қатарында Қырым, Терістік Кавказ, Дон бойын тегіс аралап шыққан

Slide 15

Доспамбет жырау

Slide 16

Доспамбет жырау - 1490 жылы Азау қаласында туып, 1523 жылы Астрахан маңында қаза болған көне қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі және жорық жыршысы. Қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрген жыраудың руы - кіші ноғайлы. Өз заманындағы жорықтарға, Қырым, Ноғайлы, Қазан хандықтары арасындағы ұрыстарға қатынасқан. 1523 жылы Астрахан жорығы кезінде Доспамбет жырау бастаған шолғыншылар тосқауылға ұшырайды да, жырау ауыр жараланып, қайтыс болады.


Ұқсас жұмыстар
Күлтегін ескерткіші
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
КОРЕЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті
XIX ғасыр әдебиетін зерттеген ғалымдар
Ақберен жүйрік жырау- Қашаған Күржіманұлы
Абай Құнанбаев
Қазіргі қазақ әдебиетінің ерекшеліктері
Қазақ ауыз әдебиеті(халық поэзиясы, фольклоры) — қазақ халқының бұқаралық көркем сөз шығармашылығы
Мұқағали Мақатаев
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz