Бағдарламалау тілдері



TP және Си подпрограммаларды пайдалануды салыстыру. Ішкі программаларды пайдаланатын программалар құру. Модульдерді пайдаланатын программа құру.
Орындаған: ВТ-405 тобының студенті Егизеков Диас
Тексерген: Жаксыгулова Д. Д.

Pascal тілінде бағдарламалау
Паскаль тілінде программа жеке - жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар атқарылады. Бір қатарда бірнеше команда немесе оператор орналаса алады, олар бір - бірімен нүктелі үтір (; ) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, ол түзету жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы. Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі. Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипаттау бөлімі жазылады. Program BASTAU: Сипаттау бөлімі begin. Операторлар бөлімі end. Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады.

Паскаль тілінде пайдаланылатын барлық типтер скалярлық (қарапайым) және құрылымдық (структуралық) болып үлкен екі топқа бөлінеді. Скалярлық (қарапайым) типке шамалардың стандартты типі және жасанды тип (тағайындалған) жатады. Стандартты типтерге: • Бүтін - INTEGER; • Нақты - REAL; • Логикалық - BOOLEAN; • Тіркестік - (STRING) ; • Мәтіндік (TEXT) тәрізді типтер жатады. Құрылымдық типтері жиымдар - ARRAY, жазбалар - RECORD, жиындар - SET және файлдар - FILE түрлеріне бөлінеді.
Си тілімен Паскаль тілінде жазылған бағдарламалардың басты айырмашылығы - Си тілі - бұл жүйелік бағдарламалау тілі, сондықтан ол жүйелік бағдарламалау деңгейіне арналған. Паскальде жазылған мәтін көбінесе есеп шығарудың алгоритмін көрсететін формальды тіл. Ал Си тіліндегі мәтін тек формальды емес, есеп шығару алгоритмінің машиналық бағытталған көрінісі болуы мүмкін.

Паскальде ішкі программа құру
Белгілі бip атпен жеке программа түрінде бөлек жазылған, қажет кезінде оны қайталанып отыруға болатын негізгі программаның арнайы бөлігі ішкі программа деп аталады. Ішкі (көмекші) программаның екі түрі бар. 1) процедура; 2) функция.
Белгілі бір әрекеттерді орындау мақсатында алдын ала бекітілген аты бойынша шақырылып орындалатын программаның тәуелсіз бөлігі процедура деп аталады. Процедурада жұмыс нәтижесі бірнеше мәнге ие болуы мүмкін. Процедура тақырыбы көмекші программаны аңықтаушы PROCEDURE қызметші сөзінен басталып, оның оң жағына процедураның атауы енгізіледі.

Поляр координатасын есептеудің программасын құру.
PROGRAM POLKOR 1 ( INPUT, OUTPUT) ; VAR X, Y, R, F : REAL ;
N, I : INTEGER ;
PROCEDURE POLAR;
BEGIN
R : = SQRT ( X*X+Y*Y ) ;
E : = ARCTAN ( X / Y )
END ;
BEGIN READ ( N ) ;
FOR I : =1 TO N DO BEGIN
READ ( X, Y) ;
POLAR ;
WRITE ( R, F )
END
END .

С++ тіліндегі программаның құрылымы
C++ тіліндегі кез келген программа бір не бірнеше функциялардан тұрады. Міндетті түрде жалғыз басты функция main () анықталуы тиіс, әрқашанда программаны орындау содан басталады. Басқаша айтқанда, дәл осы атқарушы барлық жұмысты орындайды.
Функцияның сипаттамасы тақырып пен денеден тұрады. Функцияның ерекшелік белгісі болып оның атынан кейінгі дөңгелек жақшалар саналады. Функция денесі әдетте фигуралық жақшаларға алынып, әрбірі нүктелі үтір (; ) символымен аяқталатын операторлар жиыны болып табылады.
C++ тіліндегі кез келген айнымалы пайдаланылғанына дейін сипатталуы тиіс. Әдетте барлық айнымалылар функцияның басында бірінші орындалатын оператор алдында сипатталады.
Мағынасы бар аттар программаны оқуды және түсінуді жеңілдетеді; комментарийлер де бұл мақсатта қызмет етеді.
Комментарий - программа мағынасын түсінуге көмектесетін ескертулер. /*мен*/ арасындағы кез келген символдар комментарий болып табылады. Олар оқырман үшін арналған және де компилятормен ескерілмейді.

C++ тілінде нәтижені қайтармайтын void типіндегі функцияға ұқсас процедура жоқ, сондықтан барлық жағдайда функция атынан кейін () символын жазған жөн (мысалы getch() ) . Сонымен қатар, Си тілінде функциялардың кіріктірілуі және функцияға кластың сипаттамасын кіргізу орындалмайды.
C++ тілінде меншіктеу операторы "=" символымен белгіленеді. Ал логикалық теңдік операторы “==” Логикалық теңсіздік операторы үшін C++ тілінде "!=” операторы қолданылады. Сонымен қатар C++ тілінде "және", "немесе" сөздерінің орнына “&” және "" символдары қолданылады. Сөйтіп, Паскальде if (a<>b) or (b=c) түрінде жазылатын функция if((a!=b) (b==с) ) былай жазылады.
Мәтіндік жолдарды белгілеу үшін бірлік тырнақшалар "'" қолданылады. Ал жолдарды белгілеу үшін екілік тырнақшалар " " " қолданылады.
Паскальдегі with кілттік сөзінің Си тілінде эквивалент жоқ, сондықтан әрбір айнымалыға, функцияларға кластың атын тіркеп жазу керек.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz