ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері


Slide 1

ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері Орындаған: қажыгелдина махаббат гк-407

Slide 2

Қазақстан Республикасы 1991 жылы КСРО елдерінен бөлініп, өз тәуелсіздігін алды. Қазақстан тәуелсіз, дербес елге айналған соң, бұрынғы КСРО елдеріндегі жүргізілген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту мақсатын көздеді. Ол үшін ең алдымен, барлық тауарлар мен қызметтердің бағасын либерализациялау мен мемлекеттің меншігін жекешелендіру қажет еді. Нарықтық экономика еркін баға мен жеке меншіксіз дамуы мүмкін емес.

Нарықтық экономикада маңызды орын алатын «жекешелендіру» болғандықтан, оған тоқталып кетсек:

Жекешелендіру дегеніміз - азаматтардың және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік объектілерін немесе мемлекеттік акционерлі қоғамдардың акцияларын сатып алу. Жекешелендірудің басты мақсаты - жекшелендірілген кәсіпорындарда экономикалық өсуі арқасында ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, мемлекетік бюджет тапшылығын азайту.

Slide 3

Қазақстан Республикасындағы 10 жыл аралығында мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендіру үрдістерінде әрқайсысына өзіндік мақсаттары мен міндеттері тән төрт кезеңді бөліп көрсетуге болады. Бұл үрдістердің басталуы Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу кезеңіне сәйкес келеді.

Slide 4

1 кезең

1991-1992 жылдарды қамтиды. I кезеңдегі жекешелендіру үрдісінің негізгі бағыты болып, кәсіпорындарды ұжымдық немесе акционерлік меншікке беру, бұл кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына жеңілдіктермен және сауда, қызмет көрсету объектілерін сату (соның ішінде тұрмыстық купондар) жолымен жүзеге асқан орталықтанған-жоспарлыдан нарықтық экономикаға өту талаптарын қамтамасыз ету мақсатында кең масштабты мемлекеттік меншіктен шығару табылады.

Slide 5

2 кезең 1993-1995 жылдар аралығын қамтиды

Берілген кезең 1993 жылдың 5 наурызындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдарға деген мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.

Жекешелендірудің екінші кезеңіндегі бағдарлама институционалды реформалардың негізгі бағыттарын анықтады:

- Кіші сауда кәсіпорындары, коммуналды шаруашылықтар, тұрмыстық қызмет көрсету аукциондары мен сайыстары арқылы жүзеге асырылған «кіші жекешелендіру».

- Инвестициялық жекешелендіру купондары үшін 200-ден 5000-ға дейін жұмысшылары бар орташа кәсіпорындардың «жалпылама жекешелендірілуі».

- Ірі және уникалды мүліктік кешендердің (5000 адам жұмысшылары бар кәсіпорындардың) жеке жобалары бойынша жекешелендіру.

- «мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жекешелендірілуі».

Slide 6

3 кезең

1996-1998 жылдарды қамтып, №246 1996 жылдың 27 ақпанынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарғысымен бекітілген «1996-1998 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендіру Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты болып, жекешелендіру үрдісін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасы экономикасындағы жеке меншік сектордың басымдылығына қол жеткізу және бекіту табылды.

Slide 7

4 кезең

1999-2000 жылдарды қамтып, №683 1999 жылдың 1 маусымынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарғысымен бекітілген «1999-2000 жылдарға Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және басқару тиімділігін көтеру бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.

Slide 8

5 кезең

Бағдарламасының негізгі мақсаты болып, мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру, мемлекеттік мүлікті сайыстық жекешелендіруді басқару және қамтамасыз ету тиімділігін көтеру, есебін арттыру болып табылды.

Slide 9

Қазіргі таңда еліміздің экономикасы әлеуметтік-экономикалық модернизация мен дамуының алғашқы сатысында. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылы 28 ақпанда қабылдаған «Жаңа Әлемдегі -Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында айтып өтті: «Үлкен жауапкершілікпен айтуға болады: еліміз ауыспалы кезеңіді сәтті аяқтап, өзінің дамуының жаңа кезеңіне нық басып келеді. Әрине, бұл оңай бастама емес, оны жүзеге асыру үшін экономикада біртұтас жүйені қалыптастырып, жаңа білімді дүниежүзілік рынокта бәсекеге қабілетті бола алатындай инновациялық техника мен технологияға, тауарлар мен қызметтерге, мекемелерді басқарудың формалары мен әдістеріне бұру қажет. Және бәсекелестік күресте маңызды роль атқаратын «Жеке меншік институты және контрактілік қатынастарды дамыту» болатын. Айта кетсек, «Жеке меншік институты мен контрактілік қатынастарды жан-жақты нығайтып, жекешелендіру жүмысын жалғастыру және барлық деңгейде жеке меншік институты мен контрактілік қатынастарға құрмет сезімін тәрбиелеу. Ол бір мезгілде адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері үшін негіз қалау. Мемлекет пен жеке меншік серіктестігінің ережесін айқын анықтайтын контрактілік қатынастарды жетілдіруге қажетті тиісті шаралар қолдануға тиіс»

Slide 10

қорытынды

Яғни, жекешелендірудің мақсаты - өндірісті монополиясыздандыру, бәсекелестікті дамытуды, сыртқы экономикалық қызмете мемлекеттік монополияны бірте-бірте жоюды және жекешелендіру елге шетелдік инвестициялар мен импорттың қажетті мөлшерін әкелуді қамтамасыз ету.

Инвестициялық жекещелендірудің купондарының ақшаға баламалығы жоқ және олар тек жекешелендірудің инвестициялық қорына салуға да арналған. Ал, бұл қорлар ашық түрдегі акционерлік қоғамдар болып табылады.

Жекешелендірудің инвестициялық қорлары- жалпы жекешелендіру мен республика азаматтарына жекешелендірудің купондарын беру басталған кезден құрылды.

Slide 11

Назарыңызға көп рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының жекешелендіру мәні
Қазақстанда аграрлық заңнамалардың даму тарихы
Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері.Негізгі мектептер
МЕНШІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНСТИТУТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты
Инвестициялық құқықтың принциптері
Қазақстан Республикасының меншіктік қатынастардың қалыптасуы
Салық және салық салу курсы
ОТБАСЫ БАНКІНІҢ МӘРТЕБЕСІ
Қазақстан қор биржасының даму тенденциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz