Вирустардың ерекшелігі


Slide 1

1. Вирустарды лабораториялық жағдайда өсіру ерекшеліктері, торша өсінділерін алу және олардың классификациясы 2. Вирустардың нәсілдік қасиеттері, олардың өзгергіштігі. Мутация түрлері. Гендік инженерия.

Slide 2

Жоспар

1 Вирустардың зертханалық жағдайда өсіру ерекшелігі

2 Зертханалық жануарларға вирусты жұқтыру әдістері

3 Вирустардың генетикасы

4 Вирустардың нәсілдік қасиеттері және олардың өзгергіштігі

5 Гендік инженериялық жұмыстар

6. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Вирустарды қолдан өсіріп, көбейту дегеніміз оларды жасанды жағдайларда: жануарлар орагнизмінде, тауық эмбриондарында жөне организмнен бөлек өсетін клеткаларда өсіріп, көбейту деген сөз.

Вирустар тек клетка ішінде ғана өсетін паразиттер. Себебі олар тірі торша ішінде тіршілік етеді. Клеткасыз жерде вирустар өспейді. Вирустарды зертханалық жағдайларда қолдан өсіру үшін белгілі бір шарттар қажет: вирустарды көбейтуге арналган клеткалар, тауық эмбриондары және вирусты көбейтуге арналған организмдер өздерінің жағдайында cәйкес болуы қажет.

Slide 4

Вирустарды қолдан өсіріп көбейту неге қажет?

Дұрыс балау қою үшін: сырқаттанған адамдардан, ауырған немесе өлген малдан вирусты бөліп алады.

Зертханалық зерттеулер үшін:

а) вирустардың қасиеттерін зерттеу үшін;

б) диагностикумдар даярлау үшін;

в) вакциналар даярлау үшін.

Slide 5

Қысқаша тарихы

Ең алғаш рет вирустарды қолдан өсіруге талпыныс 1879 жылдан бастау алады. Гальтье деген ғалым құтырық вирусын қоян организмінде өсірді. Содан кейін 1919 жылы Левенштейн герпесвирусты қоян организміне жұқтырғанын хабарлады. Ал 1925 жылдан бастап вирустарды көбейту үшін организмнен бөлек өсетін клеткалар қолданылатын болады. 1931 жылдан соң осы мақсат үшін тауық эмбриондары қолданыла бастады.

Slide 6

Қазіргі кезде вирустарды көбейту үшін: зертханалық жануарлар, тауық эмбриондары, клетка өсінділері қолданылады.

Зертхана жануарлары дегеніміз тәжірибе жасауға арнайы питомниктерде немесе зертханаларда өсірілетін әртүрлі ұсақ малдар. Олар жұқпалы ауруларға балау қою, неше түрлі патологиялық жағдайларды, оған қарсы қолданатын дәрілерді, диагностикалық сарысуларды, вакциналарды тексеру үшін және клетка өсіндісін алу үшін керек. Биологиялық тәжірибе жасауға 250 түрлі жан-жануарлар қолданылады.

Slide 7

Жануарларға ауру жұқтыру әдістері.

Зертханалық жануарларға ауру жұқтыру жолдары көп. Оларды тандау вирустың түрі және оның қай мүшені зақымдауға икемді екендігімен байланысты. Жануарларға вирусты егу алдында тексергелі отырған материал сақтау үшін қосқан консерванттардан ажыратады (ерітеді, жуады), сосын оны қайшымен кеседі, кварц құмын салған түйгішке салып езеді. Үгіндіден 10% езінді (Хэнкс ерітіндісінде) жасайды, оны 15-20 минут центрифугалайды (1500-3000 айн. минут) . Тұнба үстіндегі сұйықты стерильді ыдысқа сорып алады да, басқа микробтардан тазарту үшін бактериалды сүзгіштерден өткізеді, не пенициллин, стрепомицин, нистатин сияқты антибиотиктер қосады.

Жұқтыру әдісіне орай малға наркоз беріледі, ол үшін малды арнайы қақпақтың астына отырғызады, оның ішінде эфир не хлороформға малған мақта салады.

Slide 8

Жұқтыру жолдары:

1. Ауыз арқылы (рег оз) . Бұл үшін материалды күнделікті жемге немесе ішетін суға қосады. Өңеш арқылы асқазанға өткізетін резинка зондымен де беруге болады.

2. Танау арқылы. Наркоз әсерінен ұйықтап жатқан малдың танауына материалды ептеп тамызады. Бұл әдіспен істегенде сақтық үшін маска және көзілдірік кию керек.

3. Жүрекке егу. Наркоз алған зертханалық жануарларды шалқасынан жатқызып байлайды, тауықты бүйіріне жатқызады, ал теңіз шошқасына екінші қабырға аралығында, төс сүйегінің шетінен 2 мм -дей жерде; қоянға үшінші қабырға аралығы мен төс сүйегінің етек жағында. Инені денеге тік перпендикуляр жасай жүрек соғуы сезілгенше және иненің ұңғыласынан қан көрінгенше сұғады. Сосын ақырындап вирусты енгізеді.

Slide 9

4. Венаға егу. Тышқанға және егеуқұйрыққа алдын ала жылы суға малынған құйрық венасына; қоянға - құлақ венасына; тауыққа - қанат венасына; теңіз шошқасына жүрекке егеді. Вирусты жұқтыру алдында егетін жердің жүнін қырқып, йодпен немесе спиртпен сүртеді. Тамырды білеулендіріп қанға толтыру үшін, оны қолмен қысады. Инені тамыр бойымен, қан ағымымен салады.

5. Миға егу. Инені құлақпен көз үңірінің арасынан сұғады. Алдымен сол жердің жүнін қырқады да, орнын спиртпен тазартады, инені 2 мм-дей сұғады (тышқандарға), материалды ақырын аздап-аздап егеді. Егілген жерге спирт не йод жағады.

6. Құрсақ қуысына егу. Малды артқы аяғынан, басын төмен қаратып мықтап ұстайды. Бұл жағдайда ішек-қарын көкірекке қарай түседі де, инеге орын босап, ішек-қарынды жарақаттау қатері азаяды. Инені шап тұсынан салады.

Slide 10

Вирус егілген малдарды күнде бақылап отырады. Егудің нәтижесінде жануарлар әртүрлі жағдайға ұшырайды: не өледі, не ауырып жазылады. Осыған орай оларды әртүрлі жолдармен зерттейді. Егер мал өлсе, онда таза вирусты оның денесінен бөліп алу керек, немесе оны, не оның антигенін микроскоп арқылы іздеу керек. Егер мал ауырып жазылса, одан не вирустың өзін іздеу керек, немесе қан сарысуынан серологиялық реакциялар арқылы вирусқа қарсы пайда болған антиденелерді іздеу керек.

Slide 11

Вирустарды жануарларда өсіру үшін мынадай жағдайларды ескеру керек:

а) Жануарлар түрі. Мысалы, теңіз шошқасында аусыл, құтырық ауруларының вирустарын өсіреді; ал ақ тышқандарда - тұмау вирусын, құс обасының вирусын, маймылдарда - бауыр ауруының, полиомиелит ауруының вирустарын өсіреді.

б) Зертханалық жануарлардың жас мөлшерін де ескеру қажет. Себебі вирустардың көпшілігі тек жас төлдің денесінде жақсы өседі. Мысалы: көзін ашпаған тышқан балаларының организмінде Коксаки вирустары жақсы өседі.

в) Вирустарды көбейтудің жақсы нәтижесі олардың организмге кіру жолдарына да байланысты. Себебі вирустар өзі көбейетін клеткаларға енсе ғана жақсы өседі. Мысалы, нерв жүйелерін зақымдайтын вирустарды миға тікелей енгізген жөн, ал тыныс жолдарын зақымдайтын вирустарды танауға жұқтыру қажет. Дерматропты вирустарды көз жанары клеткаларына жарақаттап енгізу керек.

г) Әсіресе, өте қажет, нәрсе - зертханалық жануарлардың біркелкі болғаны жөн.

Slide 12

Генетика - организмдердің тұқым және өзгеру заңдарын зерттейтін ғылым. Ол биологияның өте қызықты және маңызды бөлігі. Мұнда биохимиктердің, биофизиктердің, вирусологтардың, генетиктердің, цитологтардың т. б. мамандардың тұжырымдары түйіскен.

Slide 13

“Ген” деген ұғымды 1909 жылы Иогансен енгізген. Ол көпке дейін ойша, дерексіз (абстракция) ұғым болып келген. Оның негізгі мазмұны кейінірек, эксперименттік генетиканың дамуына байланысты ашыла бастады.

Вирустардың гені - нуклеин қышқылының (ДНҚ немесе РНҚ) белгілі бір бөлігіне орналасқан, тұқым қуалауды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін өлшем бірлігі. Ұсақ вирустарда 3-4 ген ғана, ірілерінде 150-ге дейін ген болады.

Slide 14

Гендер арнайы биохимиялық қызмет атқарады. Оларда жазылған кодтардың негізі құрылымдық және құрылымға кірмейтін вирус белоктарынан жасалады. Әрбір генде бір полипептидтің коды жазылған. “Бір ген - бір белок”деген ұғым осыдан шыққан. Оны толықтап айтқанда «бір ген - бір РНҚ - бір белок» болады

Slide 15

Вирустардың геңетикалық белгілері олардың көптеген қасиеттеріне байланысты:

Зертхана малы мен жұмыртқадан шықпаған тауық балапандарына патогендігі мен вируленттігі.

Жылуға төзімділігі.

Химиялық заттарға төзімділігі.

Клетка өсіндісінде өсуі, оларды өзгертуі.

Ингибиторларға қатынасы.

Қоректік ортаға басқа заттардың қосылуына байланысты.

Антиденелері бар қан сарысуымен байланысуы.

Slide 16

ген инженерлігі


Ұқсас жұмыстар
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің ерекшеліктері және сатылары
Вирустардың нуклеин қышқылы
Вирустардың құрылымының ерекшеліктері
Вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктері
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері, көбею сатылары
Вирусологиялық зерттеу әдістері
Вирустардың жіктелу принциптері.Олардың номенклатурасы.Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
Вирустардың жіктелуі
Вирустарды лабораториялық жағдайда өсіру ерекшеліктері, торша өсінділерін алу және олардың классификациясы
Энтеровирустардың этиологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz