Жүйке тінінің, бүйректің және бауырдың биохимиясы


Slide 1

Органдар биохимиясы ІІ

Орындаған: Мансұрова Анель, БТ-407

Slide 2

Жоспар:

Жүйке тканьінің биохимиясы

Бүйрек биохимиясы

Бауыр биохимиясы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Жүйке тканьінің биохимиясы

Жүйке - жүйке талшықтарынан құралған тіндер шоғырлары. Жүйке - ми мен жүйке түйіндерін дененің басқа органдарымен және тіндерімен байланыстырады. Жүйке талшықтары дендрит және аксоннан немесе нейриттен тұрады. Әр жүйкенің өзіне тән сезімталдық, қозғалтқыш, соматикалық, симпатикалық қасиеттері болады. Жүйке дәнекер тінді қабықпен қапталған. Әр жүйке талшығының қабығы - эндоневрий, желі қабығы - периневрий, ал жүйкенің бүтіндей қабығы - эпиневрий деп аталады.

Slide 4

Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организміндегі органдар мен жүйелер әрекетін біріктіретін және олардың сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке тіні мен глияның жиынтығы. Глия - жүйке клеткаларының, олардың өсінділерінің тіні. Глия жүйке жүйесіне қорғаныш қызметін атқарады әрі жүйке импульстерін өткізеді. Организм қызметін реттеп үйлестіріп отыратын аса қозғыш және қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке клеткасы нейрон деп аталады. Оның атқаратын қызметі - қозу мен тежеу.

Slide 5

Бүйрек биохимиясы

Бүйрек - жұп мүше, оның үлкен маңызы бар, өйткені зат алмасуының соңғы өнімдерін шығаруымен қатар, органикалық, бейорганикалық заттардың артығын және бөгде заттарды ағзадан шығарып, тазалау жұмысын атқарады. Екі бүйректің салмағы дененің 0, 45-0, 7%-ын құрайды. Құрамындағы судың мөлшері 83%, құрғақ заттардың үлесіне 17% келеді. Олар өте маңызды экскреторлық мүше болып табылады.

Slide 6 Slide 7

Бауыр биохимиясы

Бауыр - қанды тазартуға және удан арылтуға көмектесетін, дененің құрсақ бөлігіндегі оң жақ қабырғалардың астына орналасқан ішкі мүше.

Бауыр - адам ағзасының химиялық зертханасы. 300 миллиардқа жуық бауырдағы жасушалар қаннан ағзаға қажетті қышқылдар мен қорек болар өнімдерді бөліп алады. Оларды сүзгілеп, қажетті жеріне жеткізіп отырады.

Алкогольді ішімдіктер, вирустар мен майлы (жирный) тағамдар бауырдың қас жауы. Сондықтан ондай заттардан сақ болуымыз қажет.

Slide 8 Slide 9

Бауырдың атқаратын қызметтері:

ас қорту кезінде мүшелердің қажетті энергиямен, атап айтқанда, глюкозамен қаматамасыз ету және әр түрлі энергия көздерін глюкозаға түрлендіру (айналдыру) ;

ағзадағы қажетсіз химиялық қалдықтарды ағзадан шығарып тастау;

ағзадағы қан жасау немесе жаңарту кезінде қан плазмасындағы ақуыздарды синтездеу;

холестерин мен оның эфирін синтездеу, липидтер мен фосфолипидтерді синтездеу және ағзадағы липид алмасуын реттеу;

он екі елі ішек пен аш ішектің кейбір бөлігіндегі ас қорту процесіне қатысатын гормондар мен ферменттерді синтездеу;

Өт қышқылы мен пигменттерін синтездеу;

Кейбір дәрумендердің қорын толтырып отыру және сақтау. Мысалы, майларды ерітетін А және Д дәрумендерін, суды ерітетін В12 дәрумендерін сақтап, қорын арттыру. Сондай-ақ, катиондардың қоры да бауырда болады.

Slide 10

Қорытынды

Биохимия - тірі организмдердің химиялық құрамын, ондағы биохимиялық қосылыстардың синтезделіну жолдарын, заңдылықтары мен қасиеттерін, молекулалық құрамын, жасушалардың биологиялық, биохимиялық және физиологиялық қызметін зерттейтін ғылым.

Slide 11

Пайдаланылған әдебиеттер:

Қайырханов Қ. - Жануарлар биохимиясы - 2014

Сеитов З. С. «Биологиялық химия. » - 2007ж;


Ұқсас жұмыстар
Жүйке тінінің биохимиясы және нейродегенеративті аурулардың биохимиялық негіздері: жұлын сұйықтығын зерттеудің диагностикалық маңызы
Бауырдың патологиялық процестері: анатомиясы, биохимиясы және клиникалық-лабораториялық аспектілері
Бұлшықет тінінің биохимиясы: химиялық құрамы, АТФ ресинтезі, жиырылу-босаңсу механизмдері және патохимиясы
Бүйрек биохимиясы: құрылымы, қызметтері және метаболизмі
Аномальды бүйректің гистоморфологиялық сипаттамасы
Орган жүйелерінің биохимиясы: бауыр, бүйрек, бұлшықет, сүт және тері
Аномальді бүйректің гистоморфологиясы және клинико-анатомиялық жіктелуі
Сүйек тінінің құрылымы және регенерациясы
Қан, бауыр, бүйрек, бұлшықет, сүт безі, тері және сүйек биохимиясы
Бауыр биохимиясы: қызметі, зат алмасуы және клиникалық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz