Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру шарты
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
CӨЖ
Тақырыбы: Өзін-өзі
тану тұлғаның
өзін-өзі жүзеге асыру шарты ретінде
Орындаған: Виликс Ж.А.
Т-413 тобы
Семей, 2015ж
Өзін - өзі жүзеге асыру - бұл тұлғаның жетілген өзіндік
реттеу, өзіндік басқару негізінде пайда болатын, жақын ортада
өзінің әлеуметтік статусын жоғарылату қажеттілігінен
туындаған, өзін-өзі көрсету және өзін әлеуметтік тәжірибе
субъектісі ретінде өзін-өзі бекіту бойынша дербес, саналанған,
арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеті. Осы процестің
психологиялық механизмдері ретінде мыналарды бөліп
көрсетуге болады:
тұлғаның арнайы түрде ұйымдастырылған өзін-өзі зерттеуі
(өзін-өзі тану);
адамның өз қасиеттері, қабілеттері, әлеуметтік құндылықтары
жөніндегі түсініктердің қалыптасуы (өзін-өзі анықтау);
өзіне бағытталған сыртқы талаптарды мақсатты түрде зерттеу,
солармен өз әлеуметтік кемелдігін салыстыру, яғни өзінің
әлеуметтік талаптарға сай болута дайындығын анықтау (өзін-өзі
саналау);
өзін-өзі тәрбиелеу міндеттерін бөліп алу, қоғамдық пайдалы іс-
әрекет барысында өз жеке басы бойынша тәрбиелеу жұмысын
жоспарлау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі
қадағалау, өзін-өзі бағалау түрлерін анықтау (өзін-өзі дамыту). [1]
Тұлғаның көптеген әлеуметтік іс-әрекет түрлерінің
ішінде ақыл-ой және соған байланысты тұлғаның
дамуындағы өзін-өзі бағалау сұрақтары маңызды орын
алады. Кез келген ақыл-ой іс-әрекеті белгілі бір талаптармен
мотивтер негізінде жүзеге асады. Ақыл-ой іс-әрекеттің
тиімді, жемісті нәтижесіне жетуге жеке бастың
қасиеттердің дамуы мәнді сипат алады. Жеке адамның
қалыптасуында өзіндік сана-сезім оның құрамдыс бөлігі
болып табылады. Студенттер өзінің даралық ерекшелігін
сезіну ретінде өзгелер мен қатынас жүйесіндегі өз орнын
табу үшін ұзақ уақыт өзгерістерден өтеді. Олардың ақыл-
ойының қалыптасуы негізгі оның өмір жолындағы
оқиғалармен, белгілі бір кезеңдер мен жаңа құрылымдар
мен байланысты болып келеді. Тұлғаның болашақ
мамандыққа қатысты психологиялық дайындықтары мен
ақыл-ой қалыптастыру механизмдеріне өзін-өзі бағалау
әсер ете ме? Осы сұрақтар әрқашан да өз маңыздылығын
жоймайды. Өзін-өзі бағалау бұл әркімнің өзін басқалардан
ажырата алуынан көрінетін, өзінің жеке тұлға екенін
Өзін-өзі
тану пәні адамның өзін-өзі
тануына, өзінің ең жақсы
қасиеттерін анықтауға, өз ар-
ұжданын сақтап, әрқашанда АДАМ
деген атқа лайық болуына ықпал
етеді.
Өзiн-өзi тану процесi - бұл өзiнiң бойынан қандайда бiр
қасиеттi анықтау.
1.Өзiн-өзi танудың түсiну және түсiне алмау деңгейi. Адам
қарапайым өмiр сүредi, оқиды, еңбектенедi, қарым-
қатынасқа түседi, өз-өзiмен сөйлеседi. Өмiр барысында
көптеген дәйектер жиналып (өзге адамдар жайлы, өзі
жайлы), бір мезетте санада бекітіліп, түсініп немесе түсіне
алмауы, яғни өзіне деген қатынасына бақылау жасай
алмауы қабілетінің төмендегі байқалады.
2.Мақсаттылық. Жеке адам өз алдына қандайда бір мақсат
қояды және бағыттылығын, қабілеттілігін, тұлға
қасиеттерін қолдана отырып, сол мақсатқа жетуге
тырысады. Осы жағдайда әрекет арқылы өзін-өзі
бағалауы, талдауы, өзін-өзі тануы жүзеге асады. Тұлға
неғұрлым іс-әрекетте өзін-өзі тануын жүзеге асырған
сайын, соғұрлым терең өзі жайлы біле түседі. Бұл жерде
керi модел де кездеседi, егер эмоционалды күй жоғары
деңгейде болса, өзiн-өзi тануы объективтi болмайды,
әртүрлi комплекстер пайда болады.
3. Өзiн-өзi танудың қанығуы әртүрлi өмiрлiк жолдарында
кездеседi. Тұлға тек жағдайды, өзге адамдарды бiлiп
қана қоймай, өз мүмкiндiгiн, қасиетiн, өзiнде бiлген жөн.
4. Өзiн-өзi танудың аяқталмауы - бұнда ересек адамдардың
Өзiн-өзi танудың психологиялық механизмi - ол
тұлғаның құндылық мағыналық өзiндiк реттелуi,
өзiнiң барлық жеке дара, типтiк қасиеттерiн,
эмоционалдылық-ерiктiк, мотивациялық танымдық
жетiлдiруi.
Р.М. Жақыповтың айтуынша, өзiндiк тану, өзiндiк
сана, рефлексия және әлеуметтік талаптарды еске
алу арқылы өзiн-өзi дамыту тұлғаның өзiн-өзi
танытуының алғы шарттары болып табылады.
Өзiн-өзi танытанын тұлғаның негiзгi қасиеттерiнiң бiрi
белсендiлiк. К.А. Абульханова көзқарасы бойынша,
белсендiлiк - бұл тұлғаның қажеттiлiктердi,
қабiлеттердi, өмiрге қатынастарды және қоғамның
тұлғаға қоятын талаптарын интеграциялау негiзiнде
тұлғаға ғана тән, өмiрдi ұйымдастыру, реттеу және
өзiндiк реттелу тәсiлi.
А.А. Бодалев белсендiлiк және оның құрамдас
бөлiктерi тұлғаның өзiне-өзi сенiмдiлiк сияқты
мiнездемесiмен тығыз байланысты деп көрсетедi.
Сондықтан өзiн-өзi танытатын тұлғаның маңызды
қасиетi өзiне сенiмдiлiк проблемасы отандық
психологтармен аз зерттелiнген. Шетелдiк психологтар
тұлғаның бұл сипаттамасын теориялық және
эксперименттiк түрде зерттеуге тырысты. Бiрақ,
алғашында ол психокоррекция мәселелерiмен
байланысты зерттелiндi. Өзiне сенiмдiлiктiң аз немесе
тiптi болмауы көп жағдайда пессимизм мен қысылуда
көрiнiс табатын тұлғаның невротикалық
симптоматикасына әкеледi. ХХ ғасырдың 40 жылдары
АҚШ-тағы невроз клиникасының бас дәрiгерi Андре
Сальтер өзiне сенiмсiздiктi коррекциялау, емдеу және
әлсiрету проблемасымен ең алғашқы болып
айналысты.
ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗIНIҢ БЕЛСЕНДIЛIК КӨЗI - ҚАЖЕТТIЛIК.
ҚАЖЕТТIЛIК КЕҢ МАҒЫНАДА - БҰЛ МҰҚТАЖДЫҚ, АЛ ТАР МАҒЫНАДА -
ҚАЛЫП, ЯҒНИ АДАМНЫҢ ЖАҒДАЙ ТӘУЕЛДIЛIГIНIҢ КӨРIНIСI.
ҚАЖЕТТIЛIК БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК БОЛЫП БӨЛIНЕДI.
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЖЕТТIЛIККЕ – СУ, ЖЫЛУ, АУА, ТАМАҚ, СЕКСУАЛДЫ
ҚАТЫНАС Т.Б., АЛ ӘЛЕУМЕТТIК ҚАЖЕТТIЛIКТIҢ НЕГIЗI - ЕҢБЕК ЕТУ,
ТАНУДА, ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС, ЖЕТIСТIККЕ ЖЕТУ Т.Б. ӨЗIН-ӨЗI ТАНУ
ПРОЦЕСI РЕТIНДЕ КӨРIНIС БЕРЕДI ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮП НЕГIЗIНДЕ
ҚАЖЕТТIЛIК ЖАТЫР, ОЛ ӨЗIН-ӨЗI ТАНУДАҒЫ ҚАЖЕТТIЛIК ДЕП АТАУҒА
БОЛАДЫ. ӨЗIН-ӨЗI ТАНУДАҒЫ ҚАЖЕТТIЛIК - БҰЛ ТАНУ ҚАЖЕТТIЛIГI. ОЛ
«МЕН» ҚАЖЕТТIЛIГIМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТЫ. ОЛАРҒА ЖАТАТЫНДАР:
ӨЗIН-ӨЗI СЫЙЛАУДАҒЫ ҚАЖЕТТIЛIК, ӨЗIН ТЕҢЕСТIРУДЕГI ҚАЖЕТТIЛIК,
ӨЗГЕЛЕРДIҢ КӨЗҚАРАСЫ БОЙЫНША ӨЗIН МОЙЫНДАУ Т.Б.
ӨЗIН-ӨЗI СЫЙЛАУҒА ДЕГЕН ҚАЖЕТТIЛIГI АДАМНЫҢ ӨЗ ТАЛАПТАРЫНА
ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАДАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ТАЛАПТАРЫНА ЖАУАП
БЕРУIМЕН ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕГЕ ЖЕТУIМЕН КӨРIНIС БЕРЕДI. «МЕН»-IҢ
ТҰТАСТЫҒЫНА ДЕГЕН ҚАЖЕТТIЛIГI «МЕН» ОБРАЗЫНЫҢ СОҢЫНА ЖЕТУ.
Өзін-өзі тану процесі - өзін тану, білу мақсатына жету
әрекеттердің ауысуы, ал өзін-өзі тану құралы - өзін-өзі
бақылау, өзіндік талдау, өзін басқалармен салыстыру.
Өзін-өзі бақылау өз іс-әрекетін, қылығын, ішкі
жағдайларына бақылау жасау және ол мақсат-бағдарлы
болып келеді. Өзін-өзі бақылау – мінездік сипатын,
қарым-қатынас ерекшелігін, тұлға қасиеттерін
анықтауға мүмкіндігін тудырады.
Өзін-өзі талдау, өзін-өзі бақылау арқылы және
бақылаудың соңында талдау жасалынады. Алайда,
адам өзін үнемі өзгелермен салыстырады, ал салыстыру
әдісі өзін-өзі тану компоненті ретінде өзін-өзі бағалауы
қалыптасады.
Моделдеу – бұл өзін-өзі танудың арнайы тәсілі. Мысалы,
психологтың көмегіне сүйену, алайда, психологпен
әңгіме жүргізуде, қарым-қатынас жасауға кез келген
адам жете бермейді. Сондықтан өзіндік нәтижесін өңдеу
жұмысын дербес жүргізуге болады. Моделдеу - жеке
дара қасиеттердің бейнеленуі. Мұның қарапайым
әдістері - өзін суреттеу, «Мен қазіргі шақта», «Мен
болашақта», «Мен дос ретінде», «Мен студент» т.с.с.
сурет өзіндік талдауды жеңілдетеді (мен қандаймын?,
менде қандай қасиеттер басым?, мен нені қажет етемін?,
Австриялық ғалым К. Лоренц адамның өзін тануға
қалауының болмауы, өзін табиғаттың бір бөлігі ретінде
қарастырғысы келмегендіктен деп есептейді. Кедергі
келтіретін топтарды төмендегідей көрсетті.
1. Талдау, бағалау, қабылдау әрекеттерінің
қалыптасуынан, ұқсастыру мен рефлексия
құралдарының дұрыс қолдана алмауы, өзін тұлға
ретінде қабылдауға, дәлме-дәл қабілетінң төмен болуы.
2. Өзін тануда қорқыныш сезімнің болуы, қоршаған
ортаның талабына сай өзін бағалауға тырысу.
Аталған кедергілерді жеңуде адамның бойындағы
үрейді, қорғаныс және сақтануды қалыптастыру, өзін-
өзі сыйлау деңгейі мен өзін-өзі тану әдісі арқылы
адамды оқыту, өзін-өзі тәрбиелеуде ең тиімдісі болып
табылатын – бұл адам алдына өз бетінше мақсат қоя
білу, сол мақсатқа жетуге өз еңбегімен жетуге тырысу.
Өзін-өзі тану – бұл өзін тану мен тұлғалық,
интеллектуалдылық ерекшеліктері және
қасиеттері, басқа адамдармен қарым-
қатынас , өз бойынан белгілі бір қасиеттерді
қабылдау процесі.
Өзін-өзі тану өзіндік сана құрылым
компонент ретінде әрекет етеді. Өзін-өзі
тану аймағына және саласына сана, бейсана,
адамның сыртқы және ішкі дүниесіндегі
әрекет, тұлғаның позитивті сәйкестілігінің
қалыптасуы, оның өзін-өзі тануына қолайлы
жағдайлар тудырып, өзін-өзі жетілдіру мен
өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал етеді.
1. Теңестіру (лат.) — психологияда көп мәнде
қарастырылады (теңдестіру, маңызы бiрдейлiк,
ұқсату, біркелкілік, ұқсастық):
- өзін басқа адамммен, басқа адамдармен олармен
эмоциональдық байланыс орнату негізінде
теңдестіру;
-өзімен немесе «меннің» әртүрлі аспектілерімен
өзін-өзі теңестіру.Мысалы, атымен жынысымен,
ролімен, өзінің кейбір қасиеттерімен;
-бір заттарды (біреуді) тану, бұл мғынада
стимулды тану, қылмыскерлерді теңестіру,адамды
кәсібімен және басқалармен теңестіру.
Өзін-өзі тану мәселелері позициясынан алдыңғы
екі аспект маңызды болып табылады.
Рефлексия (латын сөзі.) - (өзінің ішкі қалпы
жайлы ойлау, өзін-өзі талдау) – өткенге мән
беру, адамның бірнеше рет өз әрекеттерінің,
ойларының басына қайта қайту қабілеті,
сырттан бақылаушы позициясында тұру ептілігі,
өзінің істеген істерін қайта ойлау, өзін-өзі
тануды қоса алғанда. Әдетте психологияда
рефлексияның келесі түрлерін келтіреді:
қарым-қатынастық — оның обьектісі басқа адам
және оның қаракеттерiнiң себептерi мен ішкі
әлемін түсіну болып табылады. Бұл жерде
рефлесия басқа адамды тану механизмі болады;
тұлғалық — таным обьектісі, сол танымды іске
асрушы тұлғаның өзі, оның қасиеттері мен
сапалары, мінез-құлықтық мінездемесі,
басқалармен қатынас жүйесі болады;
интеллектуалдық —, әртүрлі тапсырмаларды
шешу барысында, шешімдердің әртүрліі
Егер рефлексиялық механизмдердің бірізділігін қарастыратын болсақ
(А. А. Тюков бойынша) онда олар алты кезеңнен тұрады.
Рефлексиялық шығу - басқа адамды және өзiн-өзi басқа құралдар
және әдiстермен тануға мүмкiн емес жағдайда iске асады
Бағытталғандық (интенция - бағытталғандық) - рефлексия
объектісіне бағытталғандық, оны басқа объекттердiң арасында
ерекшелеу.
Алғашқы категориялау - рефлексия iске асыратын алғашқы
құралдарды таңда.
Рефлексиялық құралдар жүйесiн құрастыру- таңдалған алғашқы
құралдардың, рефлексиялық талдауды мақсатты және дәлелдi
тексеруге мүмкiндiк беретiн кейбiр жүйеге бiрiгуi.
Рефлексиялық мазмұнның схематизациясы - әртүрлi таңбалы
құралдар қолдану есебiнен жүргiзiледi: түр, нышандар, схемалар, тiл
конструкциялары (мысалы, үш даналар туралы есеп шығару, мүмкiн
олардың суретiн салып немесе схемалы бейнелеу-бұл рефлексиялық
таныстыруды ұйымдастырады).
Рефлексиялық сипаттаманы объектілеу - алған нәтиженi бағалау
және талқылау; нәтижесi қанағаттанарлықсыз жағдайда, рефлексия
процессi қайта iске қосылады.
Өзіндік дамудың шаралары: ес, ойлау, елестету,
көңіл бөлу, сөздер, қабылдау, қабілеттіліктер.
Ой іс-әрекеттерінің ережелеріне құру.
Когнитивті қабілеттерді дамыту үшін уақытты
қолдану. Жұмыс орнын ұйымдастыру.
Ақпаратты түсіну жағдайлары. Көңіл бөлудің
дамуы. Шығармашылық-ол тез қабылдау.
А.А. Крылов бойынша тұлға өзін жоғары бағалауы, өзіне қатынасы, өз жетістіктеріне,
өзін мақтау. Егер өзін-өзі сыйлауы төмен болғанда, адам өзін жақсы көруі төмендеп,
ішкі қақтығыстардың бар болуы, ал өзін-өзі сыйлауы жоғары болса, өзгелерге кемсіту
көзқараспен қарауы өзіне сенімділік, эгоцентризм және өзіне жағымды жақтарды
ұстануы мен талаптану, шынайы жетістікті салыстырмен қалыптасады.
Американ психологы У. Джеймс жеке адамның талаптануы мен жетістікке жету
табыстарымен байланыстырып, төмендегі формула жобасын көрсетті.
Өзін-өзі сыйлау = табыс /талаптану
Табыс неғұрлым жоғары болса, талаптану соғұрлым төмен болады және керісінше
талаптану жоғары болса, табыс төмен болады. Адам толығымен талаптанудан бас
тарта алмайды, сәттілік пен сәтсіздік шынайы категория, ол жағдайға және жеке
адамның өзінен байланысты болады.
Өзін-өзі сыйлау қоршаған ортадағы адамның дәлме-дәлдігімен анықталады. Егер өзін-
өзі сыйлауы төмен болса, адам өз-өзін алдауы, шындықтан қорқуы, көптеген
психологиялық қорғаныс түрлерінің дамуы, сондай-ақ, өзін-өзі сыйлау өзге адамдармен
өзара қатынас сипатын анықтайды. Өзін-өзі сыйлаудың дәлме-дәлдігі тәрбиеге
байланысты.
Н.В. Крогус бойынша өзін өзге адамдармен салыстырса, субьект өзін-өзі бағалау
ретінде қабылдайды. Егер субьект өзіндік «мен»–ің қалыптастыра тұлға реттеу
мүмкіндігін, өзін дамыу ретінде өзіне белсенді әрекет жасайды.
С.В. Кондратьева субьект өзге адамдармен қарым-қатынаста өзін-өзі тануымен бірге
басқаның қасиетін танып, өз бойына игере алуы және осындай процестен кейін өзгені
тануда өзіндік феномені пайда болады.
Өзін-өзі басқара алу өзіндік сананың өзіне қатынасы, өзін
сыйлауы және өзін бағалауы сияқты эмоционалдық
кұрамдастықтарымен тығыз байланысты. Өзін-өзі бағалау —
бір жағынан, өзін тану аумағындағы интегративті жұмыстың
нэтижесі болса, екіншіден өзіне эмоционалды-кұндылық
жағынан қатынасы. Өзін бағалау - тұрақсыз шама, ол өркендей
келе, әр түрлі болып өзгереді. Өзін-өзі бағалау бастапқы кезде
басқалардың өзін бағалауының интериоризациясының
нәтижесі - соңынан эмансипацияланып айналадағылардың
бағасынан қылықты ішінен басқару үрдісіне айналады. Рухани
өсу баланың алғашқы өсу дәуірінен қалыптасады, оның «Мен»
деген сөзі қалыптасады. «Мен» образында «шынай-Мен»,
«идеалды-Мен» деңгейлері пайда болады. Жасөспірімдік және
бозбала мен бойжеткендік кезеңде «Мен» - тұжырымдамасы
нығайып, «Мен» сипатын, образын ұғыну тереңірек сипатта
болады. Өзін-өзі бағалауы қалыптасады. Өзін-өзі тану және
өзіндік сана жоғары даму деңгеіне жетеді.
“ Өзiн-өзi тану” рухани-адамгершiлiк бiлiм беру
мынадай жалпы мақсаттарды алдына қояды:
әрбiр оқушының өзiнiң жан дүниесiн сезiнуiне
және өзiнiң дербестiгiн түсiнуiне ықпал ету;
жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуана өмiрлiк-
маңызы бар мынадай түйiндi құзiреттердi
мақсатты түрде дамыту арқылы ықпал ету;
өзiнiң өмiрлiк позициясын анықтау;
әр түрлi мәселелердi адамгершiлiк нормаларға
сәйкес конструктивтi шешу;
өзiне, адамдарға және қоршаған әлемге iзгiлiктi
қарам –қатынас жасау;
адамдарға қолдан келгенше көмек беру,
туыстарына және iс-әрекеттерiнде шынайы болу;
жасампаздық белсендiлiк, азаматтық және отан
сүйгiштiк таныту;
адамгершiлiк тұрғысынан таңдауға даярлығын
таныту және өз ойы, сөзi мен iсiне жауыпты болу;
қоғамға қызмет ету дағдыларын iс жүзiнде
Белгіленген жалпы мақсаттар күнделікті практикада:
- жеке тұлғаның өзін-өзі анықтауына және өзін барынша іске
асыруына көмектесетін жасампаздық құндылықтарды үйретуге
бағытталған біртұтас білім беру процесін құру;
- балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке
тұлғаның рухани-адамгершілік әлеуетінің дамуына ықпал
ететін ақпараттық білім беру кеңістігін құру;
- басқа оқу пәндері мазмұнының құндылықтық мәнін күшейту;
қоғамға қызмет етуге бағытталған оқудан тыс және мектептен
тыс тәрбие рөлін арттыру;
- мектеп пен отбасының әлеуметтiк серiктестiгiн, мұғалiмдердiң
ата-аналар, қамқоршылар, тәрбиешiлермен тығыз
ынтымақтастығын дамыту арқылы жеке тұлғмның рухани-
адамгершiлiк қалыптастыру үшiн жағымды алғышарттар
жасауды құру жолдарымен жүзеге асыруылуы мүмкiн.
Нақты практикада белгiленген мақсаттар мен рухани-
адамгершiлiк бiлiмнiң басым бағыттары оқушылардың өзiн-өзi
танудағы белгiлi бiр оқу жетiстiктерiне қол жеткiзуге мүмкiндiк
бередi.
Өзін-өзі тәрбиелеу адамның жеке «Мендігін»-
жүйелі түрде зерттеуін, қажымас
қайраттылықты, үлкен ерік-жігерлік күшті
қажет етеді. Өзін-өзі тәрбиелеу мектебі
адамнан көптеген күш-қайратты жоғары
дәрежедегі ұйымдастырушылықты, өзіне
деген сын көзбен қарауды талап етеді. Неміс
ақыны Ф.Логау былай деп тегін айтпаған
шығар:
«Өзіңмен өзің түскен күрес — ең қыйын күрес,
өзіңді өзің жеңген жеңіс – ең ұлы жеңіс».
Өзін-өзі тәрбиелеу адамның рухани
қажеттіліктерін қалыптастыруға бағытталған.
Адамның өзін-өзі жетілдіріп, өзімен жұмыс
істеуінде кітаптардың маңыздылығы зор.
Өйткені, кітаптар бізді жақсы адам болуға
ынталандырады, қызықты адамдармен
таныстырады. Өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды
бөлігі -мотивтерді, ынтаны дамыту. Жақсы, ақ
Адамзат тарихында ұлы адамдарға өмірлік
бағдарламасын нақты орындауға
көмектескен өзін-өзі түзету мысалдары өте
көп кездеседі. Өзін-өзі түзету өзін-өзі
жетілдірудің тиімді тәсілдерінің бірі.
Л.Н.Толстой «Өзін жетілдіруге деген
ұмтылыстан басқа еш нәрсе адамның өз
игілігі мен басқа адамдардың игілігіне
септігін тигізе алмайды»- деп бекер
айтпаған.
Әдебиеттер тізімі:
1. Ақиқатты тани біл. Ғибрат толғамдары/ құраст. А. Сейтқанов.-
Алматы, 2004-320 бет
2. Алтаев Ж.т.б Философия және мәдениет тану: Оқу құралы.
Алматы: Литера, 2001- 272 бет
3. «Өзіндік таным» № 2 2007 № 5-6 2006 ж
4. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-
Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
5. Нұркеева С.С, Нұрбекова С.Ж, Кашкарова Л.О. Өзін- өзі тану.
Оқытушыларға арналған әдістемелік құрал. 1курс. Алматы, 2007 жыл
6. Құдышева Б.Қ, Жұманова Г.Ж, Нұркеева С.С, Серовайская Д.Е. Өзін- өзі
тану пәніне кіріспе. Оқу құралы. Алматы, 2007 жыл
7. А.С. Сейтақов, «Өзін-өзі тану пәнін оқыту ерекшеліктері»
www.google.kz
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz