Кәсіпкерлік: ұғымы, субъектілері және даму бағыттары


Slide 1

Кәсіпкерлік ұғымы және даму тарихы

Slide 2

Кәсіпкерлік- азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі.

Slide 3

Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономистісі, Гарворд профессоры Иозиф Шумпетер (1883-1950жж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі эпиграф болып саналады «Кәсіпкер болу - басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сей (1767-1832жж) былай деген «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». Кәсіпкерлік терминін алғашқы рет ағылшын экономисі - Ричард Контильон (1650-1758жж) енгізді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызады.

Slide 4

Бизнес - табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі.

Кәсіпкерлік - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер - ол өнертапқыш. Сондықтанда бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.

Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғым болғанмен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.

Slide 5 Slide 6

Ірі кəсіпкерлік субъектілері - жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, жұмысшыларының орташа жылдық саны елу адамнан жоғары немесе орташа жылдық активтерінің құны 459. 225. 000 теңгеден артық (325 000 артық х əрбір жылға республикалық бюджеттен заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін тиісті қаржылық жылға көбейту)

Slide 7

Шағын кəсіпкерлік субъектілері - бұл жеке кəсіпкерлер жəне заңды тұлғалар, олардың 50 адамнан көп емес жұмысшылары бар жəне орташа актив құны (баланста көрсетілген жеке кəсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүліктері) жылына 60 000 минималдық есеп көрсеткішінен аспайтын, 2010 жылы 84 780 000 теңгені құрады (активтердің максималды құнын есептеу оңай - 60 000 əрбір жылға республикалық бюджеттен заңда бекітілген айлық есептік көрсеткішке көбейту керек, мысалы 2010 жылы ол 1 413 теңгені құрайды) ;

Slide 8

Даму тарихы

Кәсіпкерліктің даму тарихы 4 бағытта дамыды:

1 Бағыт.

2 Бағыт.

3 Бағыт.

4 Бағыт.

Slide 9

1 - бағыт. Кәсіпкерлікті тәуекелдікпен байланыстырды. Бұл бағыттың негізін салушысы болып француз экономисі - Ричард Контильон болып саналады. Ол мынадай шешімге келеді: «Кәсіпкер болашақтағы мүмкіндіктерді болжап, өзіне табыс табу мақсатында мүмкіндіктерді жүзеге асырады. Сұраныс пен ұсыныс қатынасын ескере отырып, кәсіпкер тауарды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағаға сатады».

Slide 10

2 - бағыт. Ж. Сей мен А. Маршалдың көзқарастарымен байланысты. Олардың ойынша өндірістік факторлардың бірі рационалдық комбинацияны жүзеге асыру және қалыпты кәсіпкерлік табыс табу.

Slide 11

3 - бағыт. Кәсіпкерлік теориясын құрудағы негізгісі мен перспективалық бағыт. Бұл бағыттың негізін салушы Шумпеттер. Егер шаруашылық субъектілері жаңа комбинацияны жүзеге асырмаса, ол кәсіпкер болып саналмайды. Кәсіпкерлік функцияларын мынадай адам ғана жүзеге асыра алады. Егер ол сезімтал, иновациялық өзгерістерге икемді адам болса, жаңалықты таба білетін, оның нәтижесін тиімді қолдана білетін тұлға.

Slide 12

4 - бағыт. Бұл бағыттың негізін салған адамдар П. Дюркер, В. Санто олар кәсіпкерлікті менеджментпен тығыз байланыстырады. Кәсіпкерлік пен менеджмент бірін-бірі толықтырып тұрады және құрамдас бөлігі болып табылады. Менеджмент көбінесе кәсіпорынның қызмет көрсету саласына көп көңіл бөледі және кәсіпкерліктің басқару стилін нығайтады.

Slide 13

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік негіздері: ұғымы, субъектілері мен объектілері, кәсіпкерлік орта және даму факторлары
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері: ұғымы, түрлері, құзыреттері, құқықтары мен міндеттері
Әлеуметтік кәсіпкерлік: мәні, ерекшеліктері және Қазақстандағы даму бағыттары
Туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілері мен объектілері
Кәсіпкерлік субъектілері: санаттары, құқықтары, міндеттері және жұмыс істеу шарттары
Жасанды интеллект: ұғымы, даму тарихы және негізгі бағыттары
Кәсіпкерлік: мәні, функциялары, субъектілері мен объектілері, мақсаттары және ұйымдастыру қағидалары
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік субъектілері мен қызметкерлердің құқықтық жауапкершілігі
Геоморфология: ұғымы, даму тарихы және зерттеу бағыттары
Жеке кәсіпкерлік: ұғымы, түрлері және субъектілерінің құқықтары мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz