Макроэкономикалық үлгілердің экономикалық мәні мен динамикасы


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Макроэкономикалық үлгілердің экономикалық мәні

Орындаған: Серікова З. С.

Тексерген:Қуантқан Биболат

Тобы: ЭН - 401

Семей 2015 жыл

Slide 2

Макроэкономикалық үлгілердің экономикалық мәні

Slide 3

Кез келген үлгі экономиканың динамикасын және оның көрсеткіштерін танып білудегі пайдалылығымен бағалануы тиіс. Бағалаудың объективтік қиындығы мынада болып табылады:

а) алға қойған мақсаттарға жетуге байланысты үлгі құрарда оны жеткілікті алғышарттармен қамтамасыз ету;

ә) макроэкономикалық саясат үшін қате шешімдерді болдырмау.

Slide 4

Өз кезегінде үлгінің қарапайымдылығы оны экономикалық зерттеулерге пайдалануға байланысты талап немесе шарт болып табылады. Үлгінің шамадан тыс жеңілдетілуі үлгіде біраз маңызды факторлардың ескерілуіне әкеліп соғады, ал оның нәтижесінде қабылданған шешімдер қате болып шығу ықтималдылығы артады. Сондықтан кез келген үлгіні құрудағы басты қиыншылық - нақты мәселе бойынша макроэкономикалық талдау жүргізуге қажетті факторлар шеңберін анықтау.

Slide 5

Үлгінің көмегімен қамтамасыз етілетін экономикалық міселелерді шешудегі жан - жақтылық макроэкономикалық саясаттың икемділігін және баламалылығын арттырады. Макроэконномикалық үлгілерді пайдалану Үкімет пен Ұлттық банк экономикадағы циклдік толқуларды реттеуде жүргізетін бюджет - салық, ақша - несие саясаттарының құралдарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Slide 6

Макроэкономикалық үлгі - әртүрлі экономикалық құбылыстар мен үрдіс арасында пайда болатын функциональдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама. Макроэкономикалық үлгілер әртүрлі өлшемдеріне байланысты төмендегідей жіктеледі:

Жалпылау дәрежесі бойынша: абстрактілі - теоретикалық және нақтылы -экономикалық;

Құрылымдық дәрежесі бойынша: шағын көлемді және үлкен көлемді;

Элементтердің өзара байланыстылығы сипатына қарай: сызықтық және сызықтық емес;

Қамту деңгейіне немесе ауқымына қарай: жабық және ашық: жабық-оқшауланған ұлттық экономиканы зерттеу үшін, ашық-халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу үшін;

Уақыт факторын есепке алу бойынша: статикалық-уақыт факторы есепке алынбайды, динамикалық -уақыт фактор ретінде қаралады.

Slide 7

Әрбір макроэкономикалық үлгіде ең маңыздысы - факторларды таңдау, олар уақыттың нақты мерзімінде нақты мәселені макроэкономикалық тұрғыдан талдау үшін аса қажетті. Әрбір үлгіде айналымдардың екі типі ажыратылады:

Экзогенді айналымдар - үлгіні құруға дейін анықталатын бастапқы ақпараттар, олар үлгіге сырттан келеді.

Эндогенді айналымдар - үлгінің ішінде алға қойылған міндеттерді шешу үрдісінде қалыптасатын өзгермелілер, яғни сол үлгінің дәл өзі немесе үлгідегі міндеттері шешудің нәтижесі болып табылады.

Уақыт факторына байланысты өзгеріп отыратын экономикалық айналымдар қорлар және ағындар болып бөлінеді

Қор айналымы - бұл уақыттың нақты бір мезетінде ғана өзгеруі мүмкін өзгермелілер, яғни жылдың басына немесе соңына сәйкес келетін уақытта қаралатын объектінің жай-күйі

Ағын айналымдары- бұл уақытқа байланысты өлшеніп отыратын өзгермелілер, юелгілі бір уақыт, күн, ай, квартал, жыл аралығында өзгеріске ұшыаған экономикалық құбылыстар ағыны

Slide 8

МАКРОЭКОНОМИКАДА ӘРТҮРЛІ ҮЛГІЛЕР ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Ұлттық экономикадағы шеңберлі айналым үлгісі

AD-AS үлгісі

Кейнс кресі үлгісі

IS-LM үлгісі

Солоу үлгісі

Домар үлгісі

Харрод үлгісі

Саммуэльсон-Хикс үлгісі

Манделл-Флеминг үлгісі

Slide 9

Манделл - Флеминг үлгісі - тұрақты және құбылмалы айырбас бағамы жағдайларында жүргізілетін экономикалық саясат нәтижелерін бағалау мақсатында қолданылатын шағын ашық экономика үлгісі.

Самуэльсон - Хикс үлгісі - тек игіліктер нарығында ғана үй шаруашылықтары мен фирмалар сияқты экономикалық субъектілердің іс-әрекеттерін қарастыратын қарапайым кейнстік динамикалық үлгі.

МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ҮЛГІЛЕР

Slide 10

“AD-AS” үлгісі - шығарылым көлемі мен баға деңгейінің ауытқуларын, олардың өзгеруінің себептері мен салаларын жалпы түрде зерттеу үшін қажетті базалық модель.

IS-LM үлгісі экономиканың нақты және ақша секторларының өзара байланысын, игіліктер нарығы мен қаржылық автивтер нарығының экономикалық тепе-теңдігін сипаттайды.

“Кейнс кресі” үлгісі -бағалардың икемсіздігі мен экономиканың жұмыспен толық қамтылуындағы жағдайында игіліктер нарығында инвестициялар мен жинақтардың, жоспарланған шығындар мен ұлттық табыстың және сәйкесінше, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігін қалыптастыру арқылы тиімді сұранысқа қол жеткізуді қарастыратын кейнстік қысқа мерзімді макроэкономикалық тепе-теңдік.

Slide 11

Пайдаланған әдебиеттер

1. Н. Қ. Мамыров., М. Ә. Тілеужанова. Макроэкономика Алматы, 2003. 2. Ж. Ә. Күлекеев., К. С. Есенғалиева., Н. Б. Тастандиева. Микро - макроэкономика терминдерінің орысша қазақша сөздігі. Алмат, 1995. 3. Н. Қ. Мамыров., Ж. Ә. Күлекеев., Г. К. Султанбекова. Микроэкономика. «Экономика». 4. Н. Қ. Мамыров., К. С. Есенғалиева., М. Ә. Тілеужанова. Микроэкономика. «Экономика», 2000. 5. С. Р. Тоқсанбай., - Толық экономикалық орысша қазақша сөздік. «сөздік - словар», 1990. 6. Ө. Қ. Шеденов, Е. Н. Сағындықов., «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе 2004


Ұқсас жұмыстар
Макроэкономикалық үлгілердің экономикалық мәні
Макроэкономика түсінігі
Экономикалық өсудің жаһандық тенденциялары
МАКРОЭКОНОМИКА ПӘНІНЕ КІРІСПЕ
Макроэкономикаға ғылымы
Экономикалық жүйелердің үлгілері
НАРЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕ
Нарық: құрылымы, үлгілері, қызметтері
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
Тәуекелдерді басқару әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz