ҚҰЗІРЕТТІЛІК ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ҚҰЗІРЕТТІЛІК ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Орындаған: Карибаева Б.Т.
Топ: П-227
Тексерген: Оралбекова Б.С.
Семей 2015 ж.
Жоспары:
1. Құзыретілік және құзырет ұғымдарының арақатынасы
2. Құзыреттілік түрлері
“Құзірет” ұғымы
«Құзыр» (компетенция) - қайсыбір тапсырманы орындауға
қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау.
Құзірет дегеніміз (латынша “competentia” - компетенция) - құқы
бойынша қандай да бір мекеменің немесе адамның өкілет ше ңбері,
адамның танымы, тәжірибесі бар сұрақтар шеңбері.
Құзірет – адамның компетенттілігінен көрінетін ішкі, потенциалды,
жасырын, психологиялық жаңадан пайда болған түр (білім, т үсінік,
әрекет алгоритмі, құндылықтар мен қатынастар жүйесі).
«Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың
ортасында американдық ғалым Н.Хомский
енгізген болатын, бастапқыда ол ана тілінде
нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет
қабілеттіктер деген түсінік берді.
7.12. 1928-2008 ж.
Құзыреттілік - студенттердің іс-әрекетін меңгеруден
көрінетін білім нәтижесі.
Құзыреттілік жеке тұлғаның танымы мен тәжірибесіне
қатысты нәрсе. Студенттердің кәсіби құзыреттілік мәселелері
туралы пікірлер отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтар,
психологтар еңбектерінде көрініс табуда.
Оқыту үрдісіндегі құзыреттіліктерге ғалымдар әртүрлі
анықтамалар берген.
Құзыреттілік мәселесі бойынша - А.Дорофеев, В.С.Кульневич,
Г.Селевко, Л.А.Петровская, Т.Е.Исаева, А.В.Хуторской,
Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, В.Д.Шадриков, Г.Ж.Менлибекова,
Б.Т.Кенжебеков, Дж.Равен, С.И.Ферхо, Ю.Г.Татур, И.А.Зимняя,
В.Байденко, С.Е.Шишов, Ш.Таубаева, М.Ж.Жадринаның,
Д.П.Мучкиннің, А.Арғымбаеваның, К.Л.Кабдолова мен
Г.У.Кунакованың, Р.Дәулетованың, В.Е.Гаибова мен А.П.Чернявская,
А.Б.Изделеуова еңбектерін талдау
құзыреттілік ұғымының мәнін нақтылауға мүмкіндік береді.
Құзіреттілік ұғымы екі тұрғыдан сипатталады:
1) нақты білімдері мен дағдылары арқылы кейбір міндеттерді
шешуге атсалыса алатын немесе мәселені өз бетінше шеше
алатын жеке тұлға мүмкіншіліктері;
2) танымдық және тәжірбиелік іс-әрекеттердің теориялық
тәсілдерін меңгеру дәрежесімен анықталған жеке тұлғаның
білімділік деңгейі;
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, педагогикалық-
психологиялық әдебиеттерде кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен
даму үрдісінде екі ұғым: құзыреттілік (компетенттілік) және
құзырет (компетенция) ұғымдары маңызды рөл атқарады.
«Қазақ Совет Энциклопедиясының» орысша - қазақша сөздігі:
құзыреттілік ұғымына «хабардар, жетік, терең білетін» деп, ал
құзырет «хабардарлық, міндет, қызмет бабы» деп анықтама
берілген. Құзыреттілік түсінігі көп аспектілі жан-жақты ұғымды
білдіреді.
Н.Кузьмина, А.Маркова, К.Махмурян бойынша:
Құзыреттілік - білім, білік ұғымдары арқылы анықталатын
тұлғаның жеке қасиеті.
Д.Ж.Равен, Р.Уайт, Х.Хершген бойынша:
Құзыреттілік- тұлғаның ерекше қабілеті.
Б.Тұрғынбаева: «…өзінің практикалық әрекеті арқылы алған
білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын -
құзырлылықтар деп атаймыз».
Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық» дегеніміз
педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі
мен абыройлылығы».
Ш.Таубаева: «Құзыреттілік - ол тұлғаның оқыту мен
әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен т әжірибеге
негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлы ғы ретінде
айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті».
К.Құдайбергенова: «Құзыреттілік» ұғымы - соңғы
жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік
тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп
отырған ұғым. Құзыреттіліктің латын тілінен
аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан-жақты
хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір
сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады
дегенді білдіреді» деп көрсетеді.
Куюткин бойынша: құзыреттілік-тұлға мінездемесі.
С.М.Вешниякованың «Кәсіптік білім беру» сөздігінде:
«Құзыреттілік (латын сөзі) competenens-қабілетті, қатысты
деген мағынада. Белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің,
білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері» деген анықтама
берілген.
А.В.Баранниковтің айтуынша: «Құзыреттілік дегеніміз өз
бетінше іске асырылатын қабілеттілік, ол оқушының алған
білімдеріне, өмірдегі тәжірибелеріне, құндылықтарына
негізделеді».
Коджаспирова: құзыретті педагог болу үшін, белгілі бір
педагогикалық іскерлікті меңгеру керек.
Дж. Равен: «құзыреттілік» терминіне жеке тұлғаның көп
қасиеттерін топтайтын ұғым деген анықтама береді.
Ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып,
«құзыреттілік» ұғымы - туденттердің жеке тұлғалық
психологиялық ерекшеліктеріне байланысты меңгерген
білімдерін, дағдылары мен біліктерін, танымдық және
тәжірибелік іскерлігін өмірде дұрыс қолдануы деген анықтама
береді.
Ғалымдар білім берудегі құзыреттілік тәсілді жүзеге
асырудың төрт аспектісін ажыратады:
түйінді құзыреттер;
жалпыланған пәндік біліктіліктер;
қолданбалы пәндік біліктіліктер;
өмірлік дағдылар;
«Құзыреттілік» ұғымы төмендегі құзыреттерді қамтиды:
шектеулер мен ұйғарымдарды ескере отырып әрекет етуге
қабілеттілік;
білім мен білікті тиімді пайдалану;
құнды бағдарлар, дәлелдер, қарым-қатынас;
қандай да бір сала бойынша білім мен тәжірибе;
белгілі бір мәселелер шегінде хабардар болу;
кәсіби шеберлік, креативтілік деңгейі;
міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін қасиет.
“Құзырет”- ұғымы тұлғаның даму деңгейі немесе білім беру
нәтижесі ретінде қаратырылады.
Ал құзыреттілік - құзырет ұғымының туындысы. Сондықтан
құзыретті, құзыреттілікті білім сапасын бағалаудың негізгі
критерийлерінің бірі деп қарастыруымызға болады.
А.В.Хуторской: құзыреттер - адамның өзара байланысты
қасиеттер жиыны (білім, білі, іскерлік, дағды).
Құзыреттілік - бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде,
күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық
мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігін айтады.
Сонымен, оқытудағы құзыреттілік тәсіл білім беру нәтижесі
ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде
кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, оқыту сапасын
бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді.
Құзыреттілік түрлері:
Құзіреттің түрлері
адамның денсаулығын сақтау құзыреті
әлемдегі құндылық-мәнділік бағытындағы
интеграциялық құзырет
азаматтық құзырет
адамның өзін-өзі жетілдіру құзыреті
әлеуметтік әрекеттестік құзіреті
қарым-қатынастағы құзырет
танымдық іс-әрекет құзыреті
іс-әрекет құзыреті
ақпараттық технология құзыреті
Педагогикалық құзыреттілік
түрлері:
Қорытындылай келе, студент құзыреттілігін қалыптастыру
үшін әр ұстаз өзіне тиімді әдіс-тәсіл мен технологияны қолдана
алады.
Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД)
сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл ББД-ның жаңаша жай
ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және
білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушылырдың шығармашылық
іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де
көрсетеді. Құзыреттілік - бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-
жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және
теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол, е ң
әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Сонымен,
оқытудағы құзіреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту
сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-
тәсілдерді жүзеге асыруды, мектептегі оқыту сапасын бағалаудың
біртұтас жүйесін құруды талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ныязбекова К.С., Құзыреттілік - шығармашыл тұлға
қалыптастыруға бағытталған білім беру негіздерінің бірі.
2. Б.А.Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін
біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және
тәжірибе. Aлматы. - 2005.
3. К.Құдайбергенова. Құзырлылық - тұлға дамуының сапалық
критерийі. 2008.
Назарларыңызға РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz