Стресс




Презентация қосу
Семей қ. Шәкәрім атындағы Мемлекеттік
Университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Стресс
Қабыну этиологиясы
жіктелуі даму механизмі

Орындаған:Көкен.Б.
Тобы:ВМ 305
Тексерген: Нуркенова М.К
жоспар
.Қабыну
.Стресс синдромы
Стресс
Мазасыз күй, стресс (ағылш. stress) - қатты күйзелу,
абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты
бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған
адамның ерекше күйі
Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық
физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс -
өте жағымсыз Әсерлерге жауап ретінде туған организмнің
қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке
ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің
типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады
Стресс үш кезеңнен тұрады:
Үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте
туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті
сезім пайда болады;
Төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп
кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл
кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек
үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез
мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке
жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы
жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі.
Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;
Әлсіреу – бейімделу қорының мүмкіндігі азайып,
таусылады, сондықтан
психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап
жойылуы) пайда болады.
Стресті тудыратын әсерлерге
қарай физиологиялық және психологиялық
стресс деп екіге бөледі.
Психологиялық стресті мәліметтік және эмоциялық стресс деп атайды.
Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік стресс пайда болады. Адам
дұрыс жауап таба алмай, қатты қиналады, не істерін білмей, абыржып
қалады. Ал эмоциялық стресс қауып туғанда немесе оқыс қорыққанда,
не біреуден қатты көңілі қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке
әрекетінде тежеулі серпілісі қанат жаяды. Соның нәтижесінде іс-қимыл
әрекеті немесе сөйлеген сөзі бұзылады
Стрестің физиологиялық тетігі гипоталамус-гипофиз бүйрек үсті безі
жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделген. Стресс кезінде қанда
глюкокортикоидтар мен катехоламиндердің, серотониннің мөлшері оқыс
көбейеді. Ғылымның жаңа деректері бойынша оған
қосымша самототропин және самотомединдер де стрестің, әсіресе оның
үрейлену кезеңінің өрлеуіне себеп болады. Самототропин иммундық
жүйенің қызметін белсендіріп, организмн стреске қарсы тұру төзімділігін
арттырады
Қабыну

Қабыну (лат.— inflammatio, грек.— phlogosis) көптеген
аурулардың даму негізінде жатады.
Қабыну деп жануарлардың даму сатыларында пайда
болған, жергілікті бүлінуге жауап ретінде дамитын,
микроциркуляциялық арналардың, қан жүйесінің, дәнекер
тіннің бүліндіргіш әсерді шектеп аластауға, бүлінген тінді
қалпына келтіруге бағытталған сатылы өзгерістерімен
көрінетін біртектес дерттік үрдісті түсінеді. Қабыну өзіне
тән ішкі заңдылықпен дамиды және алдыңғы сатысы
кейінгілерінің пайда болуына әкеледі. Қабынудың
дамуында жергілікті механизмдер нервтік-эндокриндік
реттеу жүйелерінің әсерлерінен басымырақ байқалады.
Бірақ қабыну басқа біртектес дерттік үрдістермен (дене
қызуымен, аллергиямен, стреспен, иммундық
серпілістермен) тығыз байланысты болғандықтан
организмнің, жергілікті ғана емес, жалпы серпілістерін
көрсетеді.
Қабыну үрдісі кез келген жағдайларда үш
құбылыстан (компоненттен): әлтерациядан,
микроциркуляцияның бұзылыстары  мен 
экссудациядан  және  пролиферациядан 
тұрады. Қабынудың бұл құбылыстары жиі бір
мезгілде пайда болады. Бірақ, қабынудың
алғашқы құбылысы болып әрқашан бірінші
әлтерация есептеледі,  ал пролиферация
қабынудың соңғы сатысына тән.
Қабынудың сыртқы белгілері өте ертеден
белгілі. Оларды Цельс пен Гален бұдан 2000
жылдай бұрын жазып қалдырған. Оларға
домбығу (tumor), қызару (rubor), қызу (color),
ауыру (dolor) және қызметінің бұзылуы
(function laesa) жатады.
Этиологиясы. Қабыну туындатқан себебіне қарай инфекциялық және  
бейинфекциялық  болып   бөлінеді.   Қабыну туындататын барлық
ықпалдар экзогендік  (сыртқы)  және эндогендік (ішкі)болып екі
топқа бөлінеді. Сыртқы ықпалдарға микроорганизмдер (бактериялар,
вирустар); жануарлар организмдері (қарапайымдар, құрттар,
жәндіктер); химиялық заттар (қышқылдар, сілтілер); механикалық
(бөгде денелер, жарақат, қысым) және температуралық әсерлер
(суық, ыстық); сәуле қуаттары (радийбелсенді, ультракүлгін және
рентген сәулелері) жатады. Қабынуды туындататын организмнің ішкі
ықпалдарына: тромбоз, қан құйылу, тас құрылу,
микроциркуляцияның, зат алмасуының бұзылыстары ж.б. жатады.
Әлеуметтік орта құбылыстарының әсерлерінен дамитын жандүниелік
күйзелістер, эмоциялық зорлануларда қабынудың себебі болуы
ықтимал. Олар қан айналым бұзылыстарына, зат алмасудың
өзгерістеріне (май қышқылдарының асқын тотығуына) әкеліп,
жергілікті ағзаның (асқазанның, жүректің ж. б.) кейбір, кейде тіпті
әдеттегі, қоздырғыштарға төзімділігі әлсіретуі мүмкін.

Асқазанның сілемейлі
қабығыныңқабынуы
Патогенезі
Қабынудың патогенезін мына тізбек бойынша
қарауға болады:
1. Әлтерация: бірінші және екінші.
2. Экссудация (микроциркуляция
бұзылыстары, лейкоцидтердің эмиграциясы).
а) қан тамырларының реакциялары (ишемия,
артериялы және веналық гиперемия, стаз).
ә) экссудацияның өзі
б) лейкоциттердің тамыр жиегіне кемерленіп
тұруы (маргинациясы) мен эмиграциясы.
в) қан тамырлары сыртындағы үрдістер
(хемотаксис, фагоцитоз).
3. Пролиферация.
Әлтерация (лат. alterare — бүліну) —
жасушалардың, жасуша аралық
заттардың, нерв аяқшаларының, қан
тамырларының дистрофиялық,
некробиоздық немесе некроздық
бүлінулерімен сипатталады. Бірінші
әлтерация зақымдаушы қоздырғыштың
тікелей әсерінен дамиды. Бұл кезде
жасушаның сыртқы қабығы бүлінуімен
қатар митохондрийлардың мембраналары
зақымданады. Мембраналардың иондық
насостарының қызметтері нашарлайды;
жасуша мембраналарының өткізгіштігі
жоғарлайды. Осылармен қабынудың
негізгі белгілері қызару, ісіну мен ауыру
сезімін түсіндіруге болады.
Алғашқы әлтерацияның нәтижесінде қан жасушалары
(тромбоциттер, эозинофилдер, нейтрофилдер, базофилдер,
моноциттер, лимфоциттер) және тін базофилдері (мес
жасушалары) іштеріндегі белсенді заттарын, түйіршіктерін
сыртқа шығарады. Осыдан жасуша аралық кеңістіктерде
биологиялық белсенді заттар көбейеді. Бұл заттарды қабынудың
дәнекерлері (медиаторлары) деп атайды. Олар айналасындағы
сау жасушалардың бүлінуіне әкеледі. Сонымен, бірінші
әлтерация қабыну шақыратын қоздырғыштың тікелей әсерінен
пайда болады. Ал, екінші әлтерация тіндерге лизосомалық
ферменттердің және биологиялық белсенді заттардың (қабыну
медиаторларының немесе дәнекерлерінің) әсерлерінен дамиды.
Қазір көптеген қабыну дамуына қатысатын
биологиялық белсенді заттар зерттелген. Оларды:
жасушалардан пайда болатын (жасушалық)
дәнекерлер және қан плазмасында болатын
(гуморалдық) - медиаторлар деп екі топқа бөледі. 
Жасушалық медиаторларға гистамин, серотонин,
лизосомалық ферменттер,катиондық нәруыздар,
лимфокиндер, простагландиндер, циклдік
нуклеотидтер жатады. Қан плазмасында
калликреинкининді, комплемент және қан ұю
жүйесіне қатысатын заттар болады және олар
әсерленеді, қабыну дамуына дәнекерлер болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.Ығылманұлы Ө., Ветеринариялық
патологиялық анатомия: Алматы –
2010 ж.
2.Журавеля А.А,Патологическая
физиология сельскохозяйственных
животных: Москва -1977 ж.
3.Қожабеков З.К., Малдың
патологиялық физиологиясы:
алматы – 1992ж

Ұқсас жұмыстар
Стресстің түрлері
Стресс түсінігі
Стресстен арылу жолдары
Стресске тұрақтылық түсінігі
Стресстің белгілері
Стресс факторлары
Стресстің кезеңдері
Стресс түрлері
Стресс ұғымы
Стресстің теориясы мен механизмдері. Стресстік жағдаяттың алдын- алу, стрессті басқару
Пәндер