Халықаралық еңбек бөлінісі, интеграция


Slide 1

Орындаған: Өтебекова Айдана Группа: Пх-415

Халықаралық еңбек бөлінісі

Халықаралық интеграция

Халықаралық сауда

Халықаралық қаржылық, валюталық ұйымдар

Халықаралық жұмысшы күші миграциясы

Slide 2

Халықаралық еңбек бөлінісі

Халықаралық еңбек бөлінісі - қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғары сатысы; әлемдік өндірістің даму сатысы.

Ол бір ел шеңберінде ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық, аумақтық еңбек бөлінісіне негізделеді. Еңбек бөлінісінің бұл сатысында мемлекеттер шикізаттың, тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруге, қызметтердің жекелеген түрлерін көрсетуге, яғни жекелеген елдер өнімнің осы елдер айырбастайтын белгілі бір түрлерін өндіруге маманданады. Халықаралық еңбек бөлінісі халықарлық сауда мен әлемдік нарықтың белсенді түрі және тұрақты дамуының аса маңызды факторы болып табылады. Халықаралық еңбек бөлінісінің даму дәрежесі әлемдік қоғамдастықтың жекелеген елдерінің өндіргіш күштерінің дамуымен айқындалады. Жекелеген елдердің табиғат және климат жағдайларындағы айырмашылық, олардың аумақтарында түрлі пайдалы қазбалардың, өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесінің болуы, тауарлардың белгілі бір түрлерін жергілікті шикізатты пайдалану негізінде өндіру. Халықаралық еңбек бөлінісінің пайда болып, дамуы үшін объективті негіз болып табылады. Халықаралық капитал еңбек бөлінісі халықаралық нарықтың және елдер арасындағы экономикалық қатынастардың басқа да нысандарының негізіне алынады, олардың ұлттық шаруашылықтарын дүниежүзілік шаруашылыққа біріктіру факторы ретінде пайдалынылады. Фирмааралық кооперация, осы елдердің біріктірілген топтарының құрылуы да елдер арасындағы еңбек бөлінісінің тереңдеуіне септігін тигізеді.

Slide 3

Қазіргі елдердің, әдетте толып жатқан халықаралық мамандану бағыттары болады, олар осы бағыттар үшін бір-бірімен жиі бәсекеге түседі. Мыс., дамыған бірқатар елдер радио, бейне, аудиотехниканы өткізу нарығы үшін өзара күресуде (АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, т. б. ) . Кейбір шағын елдер өз тауарларын барынша жетілдіріп, халықар. нарықтардан өзіне кішкене саңылау табады. Мәселен, кішкентай елге жататын Люксембург жоғары сапалы жасанды тіс өндіруге маманданған, Швейцария ұзақ уақыт бойына сағат өндіруге маманданды. Нарық үшін, әсіресе, өтімді немесе қымбат тауарлар нарығы үшін күрес барысында халықар. монополиялар мен ұлтаралық корпорациялар құрылады, олар нарыққа ықпал ету аясын бір-бірімен бөліседі, өз талаптарын әлсіздеу елдерге және елдер тобына күштеп таңып, олардың дамуын тежейді.

Slide 4

Халықаралық интеграция

Экономикалық бірігу - бұл мемлекетаралық келісімдер формасын алатын шаруашылық механизмдерді жақындатуға әкелетін елдердің өзара ықпал ету процесі.

Қазіргі экономикалық сөздік анықтамасы бойынша, интеграция (латын тілінен «integer» - толық) - экономикалық тұлғалардың бірігуі, олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция жеке елдердің ұлттық шаруашылығы деңгейінде және де кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, компаниялар арасында да жүреді. Экономикалық интеграция өндірістік-технологиялық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуді, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сол сияқты, бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара «кедергілерді» жою бағыттарында айқын көрінеді.

Slide 5

Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі.

1. Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде немесе қалыптасқан интеграциялық топ пен мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін.

Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге қарағанда қолайлырақ режим ұсынады. Бұл интеграцялық процестің дайындық кезеңі.

2. Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Басым көпшілік жағдайда еркін сауда аумағының шарттары ауыл шаруашылық өнімдерінен басқа барлық тауарларға қолднылады.

3. Интеграцияның үшінші деңгейі кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифті енгізу және біріңғай тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады.

Әдетте кедендік одақ үйлестірілген сыртқы сауда саясатын қалыптастыратын мемлекетаралық органдардың дамыған жүйесін құруды талап етеді.

Slide 6

4. Интеграциялық процестің төртінші деңгейі -ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының - капитал және жұмыс күші - қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Бұл экономикалық саясатты үйлестіру кезеңі.

5. Ең жоғарғы бесінші деңгейде интеграция ортақ кедендік тариф және тауарлар мен өндіріс факторлар қозғалысының еркіндігімен қатар, макроэкономикалық саясатты, валюта, бюджет, ақша сияқты негізгі салаларда үйлестіруді, заң шығарушылықты үйлестіруді көздейтінэкономикалық одаққа айналады. Үкіметтер келісілген түрде өз қызметтерінің біршама бөлігінен бас тартады, яғни мемлекттік суверенитеттің бір бөлігін мемлекеттер үстіндегі органдар пайдасына береді. Бұндай қызметтерге ие болған мемлекеттер үстіндегі органдар бірлестікке қатысты мәселелерді мүше-мемлекеттер үкіметтерінің келісімінсіз шешуге құқы бар. Мысалы, ЕО - ғы (Еуропа одағы) шеңберінде - бұл ЕО комиссиясы.

6. Интеграцияның алтыншы деңгейінің де болуы мүмкін - бұл Саяси одақ (СО) . Ол ұлттық үкіметтердің үшінші елдермен қатынасын қамтитын қызметтерінің басым көпшілігін мемлекеттер үстіндегі органдарға беруді көздейді. Іс жүзінде бұл жеке мемлекеттердің егемендігін жоғалтып, халықаралық конфедерация құруды талап етеді.

Slide 7

Халықаралық сауда

Халықаралық сауда - халықаралық еңбек бөлінісі негізінде пайда болған әртүрлі елдің тауар өндірушілері арасындағы байланыс формасы болып табылады, және олардың өзара экономикалық тәуелсіздігін білдіреді. Сонымен бірге, халықаралық сауда дегеніміз - әлемнің барлық елдері арасында жүргізілетін төлемі бар жиынтық тауар айналымы. Халықаралық дамуын ғылыми тұрғыда түсіндіруге тырысқан бірнеше классикалық теориялар бар. Олардың қатарында:

А. Смиттің «Абсолютті артықшылықтар теориясы».

Салыстырмалы артықшылық теориясы.

· Хекшер-Олин теориясы.

Леонтьев парадоксы

Халықаралық бәсекелестік теориясы.

Халықаралық құн теориясы

Өнімнің өмірлік циклі теориясы.

Масштаб эффектісі теориясы.

Самуэльсон-Джонс теориясы

Столпер-Самуэльсон теориясы

Slide 8

«Абсолютті артықшылықтар теориясы». Бұл теория бойынша - әрбір ел өзінде аз шығын жұмсап өндірген өнімін экспортқа шығарады (өндіруде абсолютті артықшылықтарға ие), ал импорттан өндірістерде көп шығын жұмсалатын тауарларды сатып алады (өзі өндірген тиімсіз, сатып ала бере ма? Бағасы төмен болса, кім төлейді?) . Сонымен бірге, А. Смит еркін сауда теориясының негізін қалаушы (ЛЭССЭ - ФЭР) экономикаға мемлекеттің араласпауы және еркін бәсеке.

· Салыстырмалы артықшылық теориясы. Д. Рикардо «Саяси экономияның және салық салудын принциптері» деген еңбегінде (1817ж. ) екі мемлекет арасындағы айырбас қай шектерде тиімді екенін және халықаралық маманданудың критерийлерін айқын көрсете отырып, классикалық теорияны тығырықтан шығарды.

, елдің ешбір өндірісте абсолютті артықшылығы болмаса да, сауда екі жақ үшін де тиімді. Тіпті сауда болмаған жағдайда да, екі ел арасындағы баға қатынасындағы сәл айырмашылықтың өзі әрбір ел үшін салыстырмалы артықшылыққа қол жеткізеді (егер саудалық қарым-қатынастардың орныққанын есепке алсақ), яғни басқа тауарларға қарағанда, өндірісі анағұрлым тиімді тауар өндіріліп, тап осы тауар басқасына айырбасталынып, экспортқа шығарылуы тиіс.

Сонымен, Рикардо «Салыстырмалы артықшылық теориясын» (заңын) ашты: ол бойынша, «әрбір елдің белгілі бір тауарды шығаруда салыстырмалы артықшылығы болады және оны сауда кезінде басқа тауарларға айырбастау тиімді. Екі тауар өндіруден абсолютті шығындар деңгейі жоғары елдер де тауар айырбасынан пайда ала алады».

Slide 9

· Хекшер-Олин теориясы. Бүкіл халықаралық сауда дамуының шикізат қоры әлеуетінің айырмашылықтарын байланыстыратын теория халықаралық экономиканың басты теориясының бірі болып табылады. Оны шведтің екі экономисі құрастырды: Эли Хекшер - экономика тарихындағы атақты швед маманы. Ол 1919 жылы өзінің қысқаша құрастырған тақырыбын жариялады және 1977 жылы Хекшердің оқушысы Бертиль Олин осы теорияны жалғастырып, өңдеп, Нобель сыйлығына ие болды. Сондықтан бұл теорияны «Хекшер-Олин теориясы» деп атайды. Бұл теорияның басқаша атауы - «факторлық пропорция теориясы» және ол бөлшектер аралық байланысты ұсынады, яғни әр елдің шикізат әлеуетіндегі фактор, қайсы бір өнеркәсіпте шығатын өнімдерге бөлшектеп қолданылады.

· Леонтьев парадоксы. Хекшер-Олиннің ережелері мен қорытындыларын тәжірибелік тұрғыдан тексеруге арналған көптеген зерттеулердің ішіндегі ең негізгісі - американ экономисі, Нобель сыйлығының лауреаты Василий Леонтьевтің жұмысы болып табылады. Елдегі капиталдың салыстырмалы молшылығы (артықшылығы) Американың сыртқы саудасына әсер етпейтіні белгілі болды. АҚШ шет елден әкелгенге қарағанда, еңбек сыйымдылығы молырақ және капитал сыйымдылығы азырақ өнімдерді шет жаққа шығара бастады.

Леонтьев өз есептеулерін жургізу үшін американ экономикасының 1947 жылғы «шығындар шығарылымы» салааралық балансын пайдаланды. Сол арқылы өнеркәсіп 50 секторға бөлініп, оның 37-і өз тауарларымен сыртқы рынокқа шықты. Өндірістің еңбек пен капитал сияқты екі факторы есепке алынды. Бұдан әрі қарай жалпы құны 1 миллион доллар болатын тауарлар қоржыны бөлініп көрсетілді. Олардың әрқайсысында импорттық және экспорттық тауарлардын типтік жиынтығы сақталынды. Мәселен, егер тамақ өнеркәсібі экспорттың жалпы сомасының 10%-ын құраса, онда бұл құны 1 миллион долларға тең болатын қоржында тамақ өнеркәсібіндегі құны 1 миллион соманың 10%-ы, яғни 100 мың доллар бар екендігін білдіреді.

Slide 10

· Халықаралық бәсекелестік теориясы. Американ экономисі М. Портер 1991 жылы «Елдердің бәсекелестік артықшылықтары» деген зерттеуді жариялады. Зерттеуде халықаралық сауда мәселелері мүлде жаңа қырынан талқыланды: «Халықаралық рынокта елдер емес, фирмалар бәсекеге түседі. Елдің бұл алатын орнын анықтау үшін фирманың бәсекелестік артықшылыққа қалайша қол жеткізетінін және оны қалай сақтап қалатынын түсіну керек».

Портер өз үлестеріне экспорттың 1/2-і келетін 10 ірі өндірістік елде зерттеу жүргізген. Ол осы зерттеу нәтижесінде елдің әлемдік рыноктағы бәсекелестік қабілеті соларға бағынышты негізгі параметрлерінің өзара байланысын көрсететін «ұлттың халыкаралық бәсекелестік қабілеті»деген теориясын тұжырымдады.

Портер казіргі сыртқы сауданың дамуын анықтайтын 4 негізгі параметрді атап көрсетті:

- факторлық шарттар;

- сұраныс шарттары;

- жақын орналасқан және қызмет көрсететін салалар;

- фирма стратегиясы және бәсекелестік.

Майкл Портердің теориясы «Халықаралық бәсекелестік теориясы» - елдердің бәсекеге қабілеттілігі оның алдыңғы қатарлы фирмаларының бәсекеге төзімділігімен анықталады.

· Халықаралық құн теориясы. Стюарт Милль өзінің «Саяси экономияның принциптері» (1848 ж) атты еңбегінде айырбас қандай баға арқылы жүзеге асырылатынын анықтады.

С. Милльдің пікірінше, айырбас бағасы әрбір елдің экспортының жиынтығы оның импортының жиынтығын төлеуге мүмкіндік беретін деңгейдегі сұраныс пен ұсыныс заңы бойынша белгіленеді.

Әрбір елдің экспорты мен импорты нақты және құндық көрсеткіштер бойынша есептеледі. Құндық көрсеткіштер ұлттық валютамен есептеледі және халықаралық салыстырулар үшін АҚШ долларына айналдырылады. Халқықаралық салыстырулар жүргізу мақсатында экспорт FOB бағасымен, ал импорт CIF бағасымен есептеледі.

Халықаралық сауда-саттықтың құрылымы негізінен екі түрлі бағытта қарастырылады:


Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКА
Халықаралық еңбек бөлінісі Халықаралық интеграция
Халық аралық экономика
Әлемдік экономика
Экономикалық интеграция сипаттамаларын топтастыру және интеграция сипаттамаларын көрініс негізінде жіктеу
Халықаралық еңбек бөлінісі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ШАРТТАРЫ
Халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық интеграция. Халықаралық сауда. Халықаралық қаржылық, валюталық ұйымдар. Халықаралық жұмысшы күші, миграциясы
Қатысушы елдердің экомикалық саясатын үйлестіру арқылы ерікті экономикалық одақ құру
Халықаралық еңбек бөлінісіндегі өнеркәсіп географиясының орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz