Балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РСЕПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СРО №3
Тақырыбы:Балалар тілін
орфоэпиялық дыбыстау
мәдениетіне тәрбиелеу
Орындаған:Совет Назерке
Тобы:П-305
Тексерген:Таттимбетова
С.Ж.
Балалардың тілін дамытудағы мақсаттары:
Балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту,
сөздік қорын молайту. Сөйлем құрап өз ойларын
жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды
дұрыс айтуға үйрету;
Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл
бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін
жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;
Ертегілерді әңгімелеуге, өлең, тақпақ, мақал -
мәтелдер, жаңылтпаштарды айта білуге үйрету.
Осы мақсатты іске асыру нәтижесіндегі міндеттері:
Бала тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне
тәрбиелеу.
Сөздегі грамматикалық дағдыларды
қалыптастыру;
Балалардың ойын дамытып, тіл байлығын
арттыру.
Байланыстырып сөйлеуін
қалыптастыру;
Баланың сөздік қорын молайту;
Балалар өз бетінше шығармаларды айтып,
шығарманың мазмұны мен ойын дұрыс жеткізіп,
диалогтегі адамдардың сөздерін мәнерлі
жеткізуге икемделеді. Балалар автордың сөз
өнерін қолданып, сөз мәнерін өздері
машықтануы қажет. Серіктестері айтқан әңгімені
тыңдап отыруға, мазмұнын түсінуге, әдеби
кейіпкерлерін атымен айтуға үйретіледі.
Табиғи құбылыстардағы ақиқаттылықты
сипаттаған кезде нақты дұрыс сөз қолдануға,
үлкендердің көмегімен белгілі бір нәрсеге тиісті
белгілерді табуға, нақты бейнелеуге, әңгімеде ой
- өрісін жеткізуге үйрету керек.
Балалардың сипаттау әңгімелері түрлі сөз мәнерінде
сонымен қоса тілдік (метафора, теңеу, эпитет, балама
қолдануда) сөз өнері өзіндік ерекшелігін ашу қажет.
Ойыншықтарды қолданып, суретке қарап әңгіме
құрастырады. Баланың өзі құрастырған әңгімесінде
жанрдың негізгі ерекшелігін таба білуінде. Сюжет
ерекшеліктері мен әдеби шығармалардың мәнерлігі
(ертегіні толық айтып беру). Ертегідегі жақсылықтың
жеңгені, сиқырлық жайында, кейіпкерлерді басқа бір
нәрсеге айналдырып, және т. б. қолдана отырып, ертегі
құрастыруға үйрету.
Бұл жаста балалар шығарманы
қызығушылықпен тыңдайды, әңгімелерді
түрлендіре біледі. Баланы шығармашылық
қабілеттілігінен туындаған әңгімелеріне
көңіл аударып, құрдастарының әңгімелерін
тыңдауға бейімдеп, қиыншылық тудырған
жағдайды, қол ұшын беріп, дұрыс емес
жеріне түзету енгізе керек.
Бала тілін дамыту жұмысының
негізгі мазмұны – сөздің жалпы
ұғым беретін жағын меңгертуге
көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін
дамыту, өз ойын еркін жеткізуін,
қоршаған орта мен
айналасындағы адамдармен
еркін қарым - қатынасқа түсу,
сөйлеу қабілеттерін
қалыптастыру.
Жас жеткіншектерді
баулып, тәрбиелеуде
көркем әдебиеттің ролі
ұшан - теңіз. Ол жаңа
өскін балауса буынының
сана - сезімін оятып, ақыл
- есін дамытатын,
адамгершілік моральға
тәрбиелейтін өмір
оқулығы.
Сөздің дыбыстық жағын меңгерту
Балалардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту барысында
қолданылатын әдістерге тоқталатын болсақ:
Сахна ойындары. Оның барысында қажетті дыбысқа байланысты
сөздер, сөйлемдер бірнеше рет қолданылады. әр кейіпкерді сөйлете
отырып, балаларға қайталату.
Бағдарлама бойынша өтілетін шығармалардан тіл ұстартуға қажетті
шумағын алып пайдалану. Сол шумақ қай ертегіден, қай өлеңнен
алынғанын сұрап, жауабын алу арқылы тіл дамытудан игерген білім
дағдыларын бекітеді, әрі қайталайды.
Сөздің дыбыстық жағын анық айтуға жаттықтыруда шағын әңгіме,
ертегілерді мәнерлеп оқып беруге болады.
Көркем сөз шеберлерінің таспаға жазылған үндерін, мәнерлі дауыс
ырғағын тыңдату.
Дидактикалық жаттығулар жасау. «Ғажайып қалта» «Не өзгерді?»
үстел үстінде ойнайтын ойындарды пайдаланып, әр дыбысқа
байланысты суреттерді топтап алу.
Жұмбақ, мақал - мәтел, жаңылтпаштарды айтқызу арқылы қажетті
дыбысты бекіту.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың
тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991
2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену
жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің
мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік
тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет
3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін
оқыту- Алматы 1997
4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды
ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992
5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.
Алматы,2002
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz